төрайымы. 2002 жылдан "Балалар әдебиеті" баспасының директоры. Бірнеше халықаралық және
отандық кітап көрмелері жүлдесінің иегері.
БАЙКӨКШЕ Балғынбайұлы (1813 -1892) - ақын, шежіреші. Абайдың әкесі Құнанбаймен замандас.
Абай жастайынан Б-ні ерекше қадір тұтып, "Байкөке" деп атап кеткен. Жас алшақтығына
қарамастан, Б. де Абайды қатты құрметтеп, әрдайым жанынан табылып отырған. Құнанбай қажы
бақиға озғанда, көңіл айта келген Б.: "Құнан кетті - алдынан жарылқасын, Артында алтын қалды ат
басындай..." деп ұлы Абайға үлкен баға беруі екі ақын арасындағы жақсы сыйластықты
айқындайды. Бұрын жиын-той, алқалы астарда шежіреші ақынның "Әнет баба", "Мамай батыр",
"Тоқгамыс батыр", "Кеңгірбай би", "Қараменде би", "Көбей би", "Тобышық торы", т.б. тарихи
дастан-жырлары жиі айтылғанымен. Б-нің ел аузында жатталып жеткен бай мұрасы жинақталған не
жүйеленіп жарық көрмеген.
БАЙҚАДАМ Шөкшеұлы Бабықов (1692. Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд. Сібе өзенінің бойы -
1779. сонда) - ақын. "Өмір туралы", "Бұл дүние", "Келіндерге", "Тілеуберліге", "Әлиханға",
"Насихат өлең", "Не жаман", "Болғанда асыл-асыл, жақсы-жақсы", "Кәрілік", "Қылдың ғой қайран
сексен қалжыратып", т.б. шығармалары бар. Б. шығармалары бұрын еш жерде жарияланбаған.
Толғаулары, айтыстары Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.
БАЙҚОШҚАРОВ Рахым (1876.
Ақмола обл. Есіл ауд. - 1956. сонда) - ақын. Өлеңдері "Пернедегі термелер" жинағына енген (1965).
Баймағамбет Мырзаханұлы (1845. - ө.ж.б.) - ертегіші.
Абайдың жақын досы, құрдасы. Абай шығыс
елдерінің көркем шығармаларын, қисса-дастандарын, ертегі-әфсаналарын әңгімелеп айтса, Б. соны
жаңылмай, лезде желісін бұзбай жаттап, қазақы тіл байлығымен өңдеп, өзінше байытып көпшілікке
жеткізетін болғандықтан халық оны "Ертегіші Баймағамбет" деп атап кеткен. Б. - Абай өлеңдерінің
ел ішіне кең тарауына еңбек сіңірген тарихи тұлғалардың бірі.
БАЙМАҒАМБЕТОВ Қуаныш (1895. Қызылорда обл. Сырдария ауд. Амангелді а. - 27.5.1973.
Қызылорда қ.) - ақын. 1918 - 25 ж. темір жол жұмысшысы, 1925 - 45 ж. бастауыш мектепте
мұғалім, 1945 - 60 ж. кітапхана меңгерушісі болған. Шығармалары 1920 жылдан жариялана
бастады. Тұңғыш дастаны "Мәрия - Мағауия" 1926 ж, "Әйел теңдігі" журналында жарық көрген.
Бірнеше өлеңдері "Ақындар шашуы" (1927), "Ленин" (1928) жыр жинақтарына енген.
БАЙМЕНОВ Сағынгерей Зұлханұлы (15.2.1947 ж.т., Астрахан обл. Володар ауд. Мултан с.) -
ақын, аудармашы. Мәскеу полиграф. ин-тын бітірген (1975). 1965 - 69 ж. мектепте мұғалім. 1968 -
72 ж. Бат. Сібірде, Кавказда әскери тілші. 1972 - 74 ж. Қарағанды телерадио к-тінде редактор. 1974
- 82 ж. "Ленинская смена" (қазіргі "Экспресс-К") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі,
редактордың орынбасары, 1982 - 84 ж. "Қазақстан" баспасының бас редакторының
орынбасары, бас редакторы, 1984 - 88 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің нұсқаушысы, 1988- 90
ж. "Ғылым" баспасының бас редакторы, 1990 - 2003 ж. "Ғылым" баспа-полиграфия
бірлестігінің бас редакторы, директоры, қызметтерін атқарған. Қазір "Столичное образование"
журналының бас редакторы, "Ғалым" баспасының директоры. Онға жуық жыр жинақтары
жарық көрген. Шалкиіз жыраудың жырларын, Ғ.Мұстафин мен С.Имашевтің публицистик.
шығармаларын орыс тіліне аударған.
БАЙМОЛДИН Сәбит (5.3.1942. Ақгөбе обл. Байғанин ауд. Қарабұлақ а. - 11.12.2000. Алматы)
-ақын. ҚазҰУ-ды (1964), Әдебиет және өнер ин-тының аспирантурасын бітірген. 1964 - 92 ж.
ауылдық орта мектепте мұғалім, мектеп директоры. "Қазақстан мұғалімі" газетінің Бат.
Қазақстандағы меншікті тілшісі, "Стальная магистраль" газеті редакторының орынбасары.
Ақгөбе обл. кітапқұмарлар қоғамы басқармасында жауапты хатшы, Әдебиет және өнер ин-нда
ғыл. қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағында аға редактор, Қазақстан Баспа, полиграфия
және кітап сауда істері жөніндегі мемл. к-тте бөлім бастығы. Қазақстан Мин. кеңесі
жанындағы
әдебиет бөлімінің (Лито) бас редакторы, "Егемен Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі
қызметтерін атқарған. Өлеңдері 20 ғ-дың 60-жылдарынан баспасөзде жариялана бастаған.
БАЙМҰРАТОВ Нұрлыбек (1887. Шығ. Қазақстан обл. Бесқарағай ауд. - 1969) - ақын.
Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткері (1939). Алғашқы өлеңдері баспасөзде 1924 ж.
жариялана бастаған. Респ., обл. айтыстарға қатысқан. Шығармаларының толық жинағы 1957 ж.
жарық көрген. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
БАЙМҮХАМЕДОВ Нығмет (1904. Орал обл. Жымпиты ауд. №1 а -1969. Алматы) -
драматург. Орал пед. техникумын (1927). ҚазҰПУ-ды бітірген. Кәсіподақ ұйымында, Қазақ
академиялық опера және балет театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі. Құрманғазы
атынд. өнер ин-тының әдеби редакторы қызметтерін атқарған. Б-тың алғашқы шығармасы
"Атыс" пьесасы (1937), кейін "Еңбек ері" (1939), "Әсия тастар" (1949), т.б. пьесалар жазды.
Б. шетелдік "Ромео және Джульетта", "Шие бағы", "Евгений Онегин", "Демон", "Қарғаның
мәткесі", "Чио-Чио-Сан", "Даиси", т.б. опералардың либреттоларын қазақ тіліне аударған.
"Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
БАЙМҰҚАНҚЫЗЫ Ботагөз (2.10. 1956 ж.т., Ақтөбе обл. Байғанин ауд.) - ақын. Орал пед.
ин-тын бітірген (1978). 1978 жылдан Обл. радио-телехабарлар тарату к-нің редакторы, бөлім
меңгерушісі болған. " Бес қоңырау", " Наздәурен", "Ғұмыр Дария" жыр жинақтары жарық
көрген.
Достарыңызбен бөлісу: