БАЙЗАҚОВ Иса (3.10.1900. Павлодар обл. Ертіс ауд. Үлгілі а -3.9.1940. Алматы) - ақын. әнші,
композитор. 1921 ж. Семейдегі жұмысшы ф-тінде. 1922 ж. Орынбордағы Қазақ халық ағарту
ин-тында, 1929 - 32 ж. Қазақ пед. ин-тында оқыған. 1926 - 29 ж. Қазақ драма театрының
алғашқы актерлерінің бір болды. М.Әуезовтың "Еңлік-Кебегі" мен "Бәйбіше - тоқалында"
басты рөлдерде ойнайды. 1932 - 40 ж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода,
филармонияда, Жазушылар одағында қызмет істеген. Оңт. Қазақстан обл-нда тұрып,
ауыл-ауылды аралап үгітшілік қызмет атқарады. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады.
"Заулатшы-ай" (№26), "Қалқа" (1927), "Ісмет", "Назқоңыр" (№27), т.б. 40-тан астам халық
әндерінің сөзін жаңа заманға, өмір салтына сәйкес жазады. Б-тың репертуарындағы халық
әндерінің көпшілігі "Қыз Жібек", "Айман - Шолпан", "Ер Тарғын" операларына енді. "Құралай
сұ.лу" (1925), "Қойшының ертегісі" (1926), "Неге Алатау шаттанды" (1929), "Ұлы құрылыс" (1933),
"Алтай аясында" (1934), "Он бір күн, он бір түн" (1938), "Кавказ" (1940), "Қырмызы - Жанай"
(1940, аяқталмаған), "Ақбөпе" (1941), т.б. поэмалары бар. Оның атақты "Желдірмелері" (бес
желдірме) халықарасына кеңінен тарады. Б. шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылды,
орыс тілінде де жарияланды (1967). Ақынның өмірі мен шығармаларын Е.Ысмайылов, М.Хасенов,
Р.Бердібаев, т.б. зерттеген. Жазушы Н.Ановтың "Ән қанаты" романында(1956), осы аттас
кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1939),
медальдармен марапатталған.