''БЕРДІҚОЖА БАТЫР" - тарихи жыр. Жырда қалмақтарға қарсы соғысқа аттанып бара жатқан
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Боранбай, Барақ, Керей Жәнібек және т.б.
батырлардың есімдері айтылады. Туынды он бір буынды қара өлеңге құрылған, ішінара қара сөз де
ұшырасады. Қолжазба нұсқасы Әдебиет және өнер ин-тының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде
сақтаулы.
БЕРДІҚҰЛОВ Сейдахмет (9.5.19-33. Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарақыстақ а. 27.5.1994,
Алматы) жазушы, журналист. ҚазҰУ-ды бітірген (1956). "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш")
газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы (1955 - 65). "Қазақстан пионері"
(қазіргі "Ұлан", 1955 - 70), "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш" 1970 - 86) газеттерінде бас редактор.
"Жалын" (1986 - 91), "Балауса" (1991 - 94) баспаларының директоры болған. Қазақспорт
журналистикасын қалыптастыруға көп еңбек сіңірген. Шығармалары орыс, венгр, неміс, поляк,
испан, финн, т.б. халықтардың тілдеріне аударылған. Шет ел жазушылары Ш.Айтматовтың.
Э.Хемингуэйдің, Дж. Лондонның, А.Хейлидің, Н.Мейлердің шығармаларын қазақ тіліне
аударған. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған. 1997 жылдан спорт тақырыбына жазып
жүрген үздік журналистерге С.Бердіқұлов атынд. жүлде беріліп, кіші футболдан журналистер мен
баспагерлер командалары арасында жарыс өткізіліп тұрады.