Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет352/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   677
БҰЛАНТАЙ  Досжан  (1927жт..  ҚХР,  ШҰАР,  Тарбағатай  ауд.  Шәуешек  қ.)  -  жазушы. 
Пекиндегі Орталық ұлттар ин-тын бітірген (1959).  1950  - 82 ж. Шыңжаң газетінде  редактор 
болған. 1982 жылдан Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясы Әдебиет ин-тында қызметкер. 
 
БҰЛҚЫШЕВ  Баубек  (1916.  Қарағанды  обл.  Ұлытау  ауд.  -1944,  Украина,  Днепропетровск 
обл.  Софьевск  ауд.)  -  жазушы.  Қарсақбайдағы  ФЗО  мектебін  бітірген  (1935).  Алматы 
сауда-қаржы  техникумында  оқиды  (1937).  1939  ж.  "Лениншіл  жас"  (қазіргі  "Жас  Алаш") 
газетінде  әдеби  қызметкер,  "Қазақстан  пионері"  (қазіргі  "Ұлан")  газетінде  бөлім  меңгерушісі 
болған. 1940 ж. Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да,  Мәскеу әскери уч-щесінде оқиды. 
Оның "Алматы - менің туған қалам" деген бітпей қалған романы мен "Айсұлу" поэмасы бар. 
Б-тің 1942 ж. 1 мамырда "Комсомольская правда " газетінде "Өмір мен өлім туралы" (Жас қазақ 
әскерінің  хаты)  мақаласы  жарық  көрген.  Соғыс  кезінде  жазған  шығармаларының  дені 
"Комсомольская правда" газетінде шыққан. Б-тың "Я хочу жить", "Жизнь принадлежит нам", 
"Коварство  и  любовь",  "Письмо  сына  Востока",  "Слушай,  Кавказ",  т.б.  мақалаларын 
Ғ.Мүсірепов қазақ тіліне аударып, респ. "Соц. Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде 
жариялаған. 
 
БҰЙРИН Елеусін (1874. Бат. Казақстан обл. Жаңақала ауд. - 1933. Тәжікстан Респ., Душанбе) - 
ақын, қоғам қайраткері. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан мектебінде оқыған. Қазан мұғалімдер 
семинариясын бітірген (1896). Семинариядан кейін Астраханға келіп, мектепте орыс тілі мен 
әдебиетінен сабақ берген. Б. қазақ зиялылары Ш.Бөкеев, Ғ.Қарашев, Б.Қаратаев, М.Шомбалов, 
С.Меңдешев, т.б. бірігіп, 1911 ж. Ордада "Қазақстан" деген газет шығарып, 1911 - 13 ж. газеттің 
редакторы болады. Ол "Қазақстан" сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізді. 1920 жылдарға дейін Б. 
туған жерінде түрлі қызметтер атқарған. 1921 ж. мамырда Бөкей губ. кеңестер 1 съезіне делегат 
болып қатысқан. Жиырмасыншы жылдардың орта шенінде адвокат, кейінірек Қазақ АКСР 
Ағарту халкомында қызмет істейді. 1930 - 32 ж. Алматы қ-ндағы Орталық мұражайдың ғыл. 
қызметкері болған. 1932 ж. елде саяси қуғын-сүргін басталып, қазақ зиялылары ұсталған тұста. 
Б. күзге салым Тәжік АКСР-не Душанбе қ-на қоныс аударып, Тәжікстанның Орталық мұрағат 
басқармасына инспектор болып қызметке орналасады. Алайда Б. НКВД-нің құрығынан құтыла 
алмайды. 1933 ж. 16 сәуірде қызметінен қуылып, көп ұзамай аштықтан дүние салады. Б-нің" 
Казақстан"  газетіндегі  мақалалары  мен  көсемсөздері  және  "Ызың"  өлеңдер  жинағы  жарық 
көрген. 1998 ж. Орал қ-ндағы бұрынғы типография үйіне (Чапаев, 39) Б-ге арнап ескерткіш тақта 
қойылған. 


БҮКПЕЛЕУ - айтылатын ойды еркін және толық ақтарып тастамай, емеурінмен танытып, 
қысқаша  қайыру,  іркіліп  сөйлеу  немесе,  сыпайылап  ишаратпен  аңдату  үшін  қолданылатын 
стильдік тәсіл. Б-дің үлгісі ретінде А.Байтұрсынұлы Жарылғасынның мына өлеңін келтіреді: 
"Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын, Сөз - кілт, кеуде - сандық, ақыл - алтын. Ақылың көп 
болғанмен, шашың ұзын, Жібердің келістірмей сөздің артын".   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет