БҮРКЕНШІК АТ. лақап ат, псевдоним (грек. pseudos - жалған, опута - есім) - автордың
өзінің шын есімін ауыстырып қолданатын ойдан шығарылған есімі. Б. а-қа қоғам қайраткері,
жазушылар, суретшілер мен артистер түрлі себептердің салдарынан иек артқан: цензураның ізіне
түсуінен жасырыну үшін, авторлық және шығарма бағасын айқындау үшін қолданған (әдеби
маска). Сондай-ақ, алғашында өзінің суреткерлік қарымына сенімі нық болмаған жағдайда,
аттас адамдар кездескенде де Б. а. қолдануы мүмкін. Б.а. жамылу - әдебиетте кеңінен таралған
дәстүр. Б. а-тың жасалу жолдары сан қилы: аллоним, анаграмма, ананим, астроном, криптоним.
Ш.Құдайбердіұлы кейбір шығармаларының астына "Ұмытылған" деп қол қойған.
Ә.Бөкейханов өзінің бірқатар зерттеу мақалаларына "Қыр баласы", "Арысұлы", "Қалмақбай",
т.б. деп қол қойса, М.Әуезов "Қоңыр", "Арғын", "Жаяу-сал", "Айғақ" деп қол қойған. Ұлы
Абайдың алғаш өлеңдерін Көкбай ақын атынан жариялауы Б. а. пайдаланудың бір түрі. Б. а-тың
елуден астам түрі бар. Мәселен, автордың туған жерін меңзеуі, (мыс., Ә.Тарази), арғы тегін
білдіру (Мыс., Мұстафа Өзтүрік), т.б. қолданылуы мүмкін. Б. а. әлем халықгарына кеңінен
тараған. Мыс., Дж. Свифтің 70-тен, В.Скоттың 160-тан астам Б. а-тары болған. Кез келген
автор Б. а-пен шығарма жазуға хақылы. Б. а авторлық құқық бойынша қорғалады және
автордың келісі-мінсіз оның Б. а-ын жария етуге ешкімнің хақысы жоқ.