БІРЖАН Берденұлы (1890. бұрынғы Ақмола губ. Қызылжар уезі, "Қызыл әскер" болысы, 1 а. -
10.6. 1922, сонда) - ақын, ұстаз. Троицк қ-нда, екі жылдай діни медреседе және орысша оқыған.
1916ж. 1-дүниежүз. соғыс майданына алынып, Двина, Крейсбургта қара жұмыс істейді.
Майданнан оралған соң. ұстаздықпен айналысқан. "Прием" атты дастан жазған. Дастан оқиға
желісіне қарай шағын тақырыпшаларға ("Қызылжар казармасының тамағы", "Ұзақ жол",
"Алғашқы әскер", "Майданда", т.б.) бөлінген.
БІРЖАН Толымбайұлы (т.ө.ж.б., бұрынғы Қостанай уезі, Қарабалық болысы) - 19 ғ-дың аяғы мен
20 ғ-дың басында өмір сүрген қазақ жырауы, "Қобыланды" жырын кейінгі ұрпаққа жеткізушілердің
бірі. Жырды Тұяқбаев деген адам Б-ның аузынан жазып алып, 1914 ж. Қазанның "Үміт"
баспасында бастырған.
Достарыңызбен бөлісу: