пед. ғыл.-зерт. ин-тында (Қазіргі Қазақ білім академиясы) ғыл. қызметкер, 1981 - 1990 ж. Қазақ
радиосында редактор болып қызмет атқарған. 1991 жылдан бері "Балдырған" журналында бөлім
редакторы. Алғашқы өлеңдері 1964 -65 ж. өлкелік "Оңтүстік Қазақстан", обл. "Ленин жолы"
(қазіргі "Сыр бойы") газеттерінде жарияланды. Жазушының "Түнгі көбелек" аталатын
трагикомедиясы 1998 жылдан Қызылорда муз. драма театрында қойылып келеді. "Дүние-думан"
комедиясы Қазақ мемл. драма театрында 2001 жылдан қойылуда.
АҚСҰЛУ Орысбайқызы (1874, Қос-танай обл. Жітіқараауд. - 1930. сон-да) - айтыс ақыны. Оның
Кеншім-баймен айтысы ел арасына кең тараған ("Айтыс", 1-т„ А„ 1965). Бұл айтыс, шамамен Ор
өзені бойында болған. 17 жасар ақын қыз ел берекесін алған би-болыстарды сынайды, әлеум.
теңсіздікке, озбырлыққа батыл наразылық білдіреді. А-дың басқа өлең-жырлары кезінде хатқа
түспей, ұмытылған.
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ Серік (29.3.1950 ж.т., Жезқазған обл. Ақтоғай ауд. Қызыларай а.) - ақын.
ҚарМУ-ды бітірген (1989). 1967 - 74 ж. туған ауылында шопан, 1974 - 78 ж. Ақтоғай ауд."Арқа
еңбеккері"газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1978 - 87 ж. Қарағанды обл.
Қарқаралы ауд. "Коммунизм таңы" газетінде а. ш.бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1987 -
90 ж. еркін шығарм. жұмыста болды. 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды
облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы, обл. "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының
әдебиет жөніндегі кеңесшісі. "Көктем тынысы" (1975), "Қарлығаш" (1981) жинақтарында бір топ
өлеңдері жарық көрген, "Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті" (1984), "Ғасыр кардиограммасы"
(1991) кітаптары, "Жез тасқын" (1988), "Қызыларай" (1990) "Адам-Ата - һауа Ана"(2000) атты
өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Орыс ақындары А.С. Пушкин, А.Ахматова,
М.Цветаева, Е,Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
Достарыңызбен бөлісу: