Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет51/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   677
АҚТАЙЛАҚ  Байғараұлы  (1742,  Оңт.  Қазақстан  обл.  Сыр  бойы  -1838.  Семей  обл.  Аякөзауд. 
Сарыарқа а.) - би, шешен, жырау, қоғам және мемл. қайраткері, дипломат. Арғы атасы Нарымбай 
би Ташкентте бек болса, оның баласы Құттыбай би қазақ тарихында асқан шешендігіне орай "Қу 
дауысты Құттыбай" атанған. Құлтыбайдың ұлы Байқара би - Атың әкесі. А. жас кезінен алқалы 
топта  шешендігімен  көзге  түсіп,  үлкен  жиындарда  бір  ауыз  мақалмен  немесе  толғау-жырымен 
даулы істерді әділ шешкендіктен "қара тілді, қас би" атанған. А. 1773 ж. Болат ханның атынан 
Қытай  императоры  Цяньлунға  елші  болып  барып,  келіссөз  жүргізген.  Бұл  туралы  Шың 
патшалығының шежіре кітабында жазылған. Оның Бопы төремен,    Қанай, Тіленші, Балпық, т.б. 
билермен шешендік сөз қағыстары ел арасына кеңінен таралған. А-тың "Ердің құны екі елу" атты 
ұзақ  толғауы  -  тобықты  мен  керей  рулары  арасында  болған  құн  дауында  парақор  билердің  өз 
қамын  ойлаған  қылмысын  аяусыз  әшкерелеген  терең  ойлы,  өткір  филос.  шығарма.  А-тың  ел 
бірлігін сақтаған бұл әділ билігі кейінгі жұртқа нұсқа болып, сот ісінде негізге алынған. М.Әуезов 
А-тың осы билігінің шағын нұсқасын "Таң" журналының 1925 ж. №2 санында "Сыбан Ақтайлақ 
би" деген атаумен жариялаған. А-тың "Қадірін қашан білесің?", "Нені айтамыз?", "Тасыма жігіт", 
"Куәсізде қуат болмас", "Сексен жас", "Тоқсан бес" т.б. жырлары сақгалған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет