Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет53/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   677
АҚШОЛАҚОВ Төлеутай Қазиұлы (4.1.1915 ж.т.. Павлодар обл. Баянауыл ауд. Қызылтау болысы) 
- ғалым. педагогика ғыл. кандидаты (1967). проф. (1995). 1939 - 58ж. мектепте мұғалім, директор. 
Павлодар  обл.  оқу  бөлімінің  меңгерушісі  (1948  -  51).  1958  -  62  ж.  "Қазақ  тілі  мен  әдебиеті" 
журналының  тұңғыш  редакторы.  "Қазақстан  мұғалімі"  газетінің  бас  редакторы,  1962-  65  ж. 
"Мектеп"  баспасының  директоры,  1965  -  95  ж.  Қазақ  пед.  ғыл.  зерт.  ин-ты  (қазіргі  Қазақ  білім 
академиясы)  ин-ты  директорының  орынбасары,  бөлім  меңгерушісі,  аға  ғыл.  қызметкер  болып 
еңбек  етті.  22  басылымын  көрген  9-шы  сьныпқа  арналған  "Қазақ  әдебиеті"  оқулығының  негізгі 
авторларының  бірі.  Қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  көптеген  әдістемелік  оқу  құралдары  мен 
зерттеулердің, 
монографиялардың, 
200-ге 
жуық 
ғыл. 
мақалалардың 
авторы. 
Әдебиеттанушы-ғалым  Е.Ысмайыловпен  бірге  1939  ж.  "Қазақ  әдебиеті"  хрестоматиясын  жазып 
шығарды.  Ағылшын  драматургі  Шекспирдің  "Гамлетін",  грузин  жазушысы  Лео  Клочелидің 
Твади Бичва", венгер жазушысы Томаш Ацеланың "Знаменосцы" романдарын және т.б. орыс, шет 
ел  жазушыларының  шығармаларын  қазақ  тіліне  аударған.  Халық  композиторы,  ақын  Естай 
өмірін  жан-жақты  зерттеді.  А.  ауыз  әдебиеті  мұраларын  жинаушы  ретінде  де  белгілі. 
Ы.Алтынсарин  атындағы  медальдың  (1965),  тәуелсіз  "Тарлан"  сыйлығының  (2000)  иегері, 
Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ісінің  үздігі,  Қызыл  жұлдыз,  I  дәрежелі  Отан  соғысы 
ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет