АҚТАМБЕРДІ Сарыұлы (1675. Оңт. Қазақстан обл. Қаратау маңы -1768. Шығ. Қазақстан обл.
Абай ауд. Жүрекадыр қонысы) - жырау, қолбасы, дипломат. 17 жасынан әскери жорықтарға
қатысып, парасаттылығымен, батырлығымен көзге түседі. "Күмбір-күмбір кісінетіп", "Уа, қарт
Бөгембай", "Ей, азаматтар, шоралар", "От орны отаудай", т.б. толғаулары қазақ әдебиетінің
алтын қорына енген. А-нің бір топ толғауларында ("Жеңіме жамау түскенін", "Атадан тудым
жалқы боп", "Жасымда көрген қорлығым") жалғыздық, жетімдік мехнаттары көрініс берсе, кейбір
өлеңдерінде ("Жауға шаптым ту байлап", "Салпаң да салпаң жортармын", "Көк көгершін,
көгершін") батырдың өмірлік мақсат-мұраты аңғарылады. А. өзі өмір сүрген дәуір шындығын,
әлеум. теңсіздік көріністерін "Жағалбай деген ел болар", "Жел, жел есер, жел есер", "Түйе мойнын
тұз кесер", "Ағайының көп болса", "Мал басы өскен адамның", т.б. толғауларында шынайы
бейнелейді. А. толғаулары мен жырлары С.Мұқановтың "Қазақтың XVIII-XIX ғасырдағы
әдебиетінің тарихынан очерктер" кітабына(1942), "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (1967),
"Алдаспан" (1971), "XV - XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясы" (1982), "Бес ғасыр жырлайды" (1985)
жинақтарына енген.
АҚТАН Бәбиұлы (1897, ҚХР, Шыңжаң өлкесі - 1957. Моңғолия. Баян Өлгий қ.) - ақын.
драматург. 1932 ж. Моңғолияғақонысаударған. 1940 - 51 ж. аймақтық мәдениет үйі меңгерушісі.
1951- 56 ж. "Өркендеу" газетінде тілші болып қызмет істеген. Моңғолияда "Шығармалар" (1957),
"Жасыл шық" (1960), "Шығармалар" (1968), "Өмір өткелдері" (1972), "Таңдамалы шығармалары"
(1978), "Ақтан Бәбиұлы" (1987). т.б. кітаптары жарық көрді. А. лирикалық шағын өлеңдермен
бірге "Бүркіт", "Досымбек - Балқия", "Өмір жолы". т.б. атты поэмалар жазған. А. Моңғолиядағы
қазақ әдебиетінде - драматургия жанрының қалыптасуына да үлес қосқан қаламгер. Оның
"Ермалай" (1940) пьесасы Моңғолия қазақтары драматургиясының тұңғыш туындысы болды.
Бұдан басқа "Қалқаман - Мамыр", "Жас өрен", "Жамал", "Ақайша" атты пьесалар жазған.
АҚТАН Керейүлы (1850. Ақгөбе обл. Байғанин ауд. - 1912. сонда) - ақын. жыршы. Абыл, Махамбет, Шернияз, Нұрым, Марабай ақындарды өнеге тұтқан. Ол Нұрым, Қашаған, Қоспақ, Жаскілең, Құлманбет, Нұрпейіс сияқты ақын-жыраулармен таныс
болған. "Аяғына қан түссе", "Біріншіден не жаман", "Той бастар", "Бата","Біразырақ сөйлейін",
"Замана жайында", "Тыңдасаңыз сөзімді", "Ерлік жыры" т.б. терме, толғаулары бар. Ақын жырлары
"Ертедегі әдебиет нұсқалары" (1967), "Ақберен" (1972), "Өсиетнама" (1982), "Бес ғасыр жырлайды"
(1985.1989), "Жырдария", "Абыл, Нұрым, Ақтаным" (1997) жинақтарына енген.