Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет633/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   629   630   631   632   633   634   635   636   ...   677
"Жүсіп - Зылиха" - ғашықтық дастан. Негізінен Інжіл мен Құрандағы Жүсіп пайғамбар туралы 
оқиғаға  құрылған.  Сюжеті  Шығыстың  көп  ақындарының  шығармаларына  өзек  болған.  Оның 
ауызша  нұсқаларымен  бірге  жазба  нұсқалары  да  бар.  Дастанның  көне  қолжазбалары  Британия 
мұражайында  және  Будлин  кітапханасында  сақталған.  Қазақ халқы  арасына  “Жүсіп  –  Зылиха” 
жыры  ерте  кезден-ақ  кең  тараған.  Мыс.,  Алтын  Орда  дәуірі  әдебиетінің  көрнекті  өкілі  Дүрбек 
ақын да оғыз-қыпшақ тілінде “Жүсіп – Зылиха” (1409) дастанын жазған. Дастанның 1516 ж. 
көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 ж. көшірілген 2-нұсқасы 
Париж  ұлттық  кітапханасының  сирек  кездесетін  қолжазбалар  қорында  сақтаулы  тұр.  Дүрбек 
дастанға Алтын Орда мен Мауераннаһрда 14 - 15 ғ-ларда болған кейбір тарихи оқиғаларды өзек 
еткен.  Дастанның  негізгі  идеясы  -  ел  билеушілер  арасындағы  тәж  бен  тақ  үшін,  байлық  пен 
мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен 
алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын көрсету.  “Жүсіп  – Зылиха”  дастанының 
сюжетін өзге ақындар да нәзира үлгісімен қайта жырлаған. Мыс., қазақ ақыны Ж.Шайхысыламұлы 
да  осы  сюжетті  арқау  еткен  “Жүсіп  –  Зылиха”  қиссасын  жазып,  оны  Қазан  баспаларынан 
бірнеше рет (1898. 1901, 1913) бастырып шығарған. 
 
ЖҮСШОВ Құмар (1905. бұрынғы Орал обл. Гурьев уезі. Сібірті болысы. 8-а. (қазіргі Атырау қ. 


маңындағы  "Тендік"  кеңшарының  Бесікті  бөлімшесі)  -  16.9.1987.  Атырау)  -  ақын,  жыршы. 
"Қырымның қырық батыры", "Сейфіл - Мәлік", "Бәдіғұл- Жамал", "Зияда", "Көрұғлы", "Әмира", 
"Мәлік  -  Хасан",  "Қорлығайын"  сияқты  дастандарын  халық  арасында  жырлаған.  Алғашқы 
"Сергелдең" толғауы 1924 ж. жазылған. "Ерлерге елден алғыс жауын жеңген", т.б. өлең, толғаулары 
жұртшылыққа танымал. Ж. шығармалары "Ақындар жыры" (1963), "Пернедегі термелер" (1965), 
"Айтыс" (1966),  "Қазақтың қазіргі халық  поэзиясы" (1973),  "Шұғыла"  (1977). т.б.  жинақтарында 
жарияланған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   629   630   631   632   633   634   635   636   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет