Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет629/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   625   626   627   628   629   630   631   632   ...   677
ЖҮНІСОВА Күлиман (К.Арманова) (20.10.1924. Шығ. Қазақстан обл. Абыралы ауд. Қайнар 
а. - 20.10. 1999. Алматы) - жазушы. Абыралы ауд. қаржы мекемесінде, ауд. к-т хатшысы, ауд. 
партия  к-тінің  бөлім  меңгерушісі,  ауд.  газет  редакциясының  жауапты  хатшысы  қызметтерін 
атқарған. 1960 ж. Алматы Жоғ. партия мектебін бітіріп, обл. газеттерде әдеби қызметкер, бөлім 
меңгерушісі болып жұмыс істеген. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған. 
 
ЖҮНІСТЕГІ Кәмел (7.1.1939 ж.т.. Қарағанды обл. Шет ауд. Аюлы баурайы) - жазушы. Ауд. 
комсомол к-тінің бөлім меңгерушісі. 1960 ж. Қарағанды пед. ин-тына оқуға түскен. 1962 ж. 
казақ жастары жасырын ЕСЕП-тің (Елін сүйген ерлер партиясы) ұйымдастырушысы ретінде 
саяси  айыпталған.  1967  -  84  ж.  мектепте  мұғалім.  1984  -  88  ж.  оқу  бөлімінде.  "Білім" 
қоғамында  (1988),  1989  -  92  ж.  мұражайда  қызмет  еткен.  1992  жылдан  "Заман"  газетінде 
редактор.  "Дос  көңілі",  "Көне  хикая",  "Құба  белдері"  трилогиясының,  "Тар  заман" 
спектаклінің  авторы.  Әуесқой  композитор  ретінде  өзі  шығарған  "Арқа  самалы",  "Аюлым", 
"Домбыра", "Туған жер", "Жаз келді", "Жас алаш" әндерімен танымал.   
 
ЖҮРГЕНБАЕВ  Әбділда(1914,  Қызылорда  обл.  Жалағаш  ауд.  -  6.4.  1986.  сонда)  -  ақын, 
жыршы. Н.Бекежановтың концертгік бригадасында (1938 - 48) өнер көрсеткен. Әр жылдарда 
өткен  (1943.  1946)  респ.  ақындар  айтысына  қатысқан.  Ж-тан  "Көрұғлы"  дастанының  көне 
нұсқасы,  "Қобыланды  батыр",  "Алпамыс  батыр"  эпостарының  кейбір  нұсқалары  жазылып 
алынған. Халық мұраларын жинауға қатысып, Әдебиет және өнер ин-тына "Байбатша", "Атымтай 
Жомарт", "Шәкір-Шәкірат", т.б. дастандарын тапсырған. Шығармалары әр жылдары "Пернедегі 
термелер"  (1965),  "Айтыс"  (1966)  жинақтарында  жарық  көрген.  Сыр  өңірінің  20-дан  астам 
ән-термесі Ж-тың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   625   626   627   628   629   630   631   632   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет