ЖЫЛҚЫШИЕВӘбжаппар (5.11. 1918. Жамбыл обл. Луговой ауд. -1995) - жазушы. Қазақстан
Компартиясы ОК-і жанындағы Жоғары партия мектебін (1955). КОКП ОК-і жанындағы Жоғары
партия мектебін (1961) бітірген. Жамбыл обл. Луговой ауд. партия к-тінің нұсқаушысы,
ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. Келес ауд. партия к-тінің бірінші хатшысы, Ильичев ауд.
партия к-тінің екінші хатшысы, Георгиевка ауд. партия к-тінің бірінші хатшысы, Қызылқұм
аум.-өндірістік басқармасының партком секретары, Алғабас ауд. атқару к-тінің төрағасы,
Шымкент обл. ат-кдру к-тінің баға жөніндегі бөлім меңгерушісі, 1976 жылдан Шым-кент обл.
партия к-тінің жанындағы партия комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. Екі Еңбек Қызыл
Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.