Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет638/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   634   635   636   637   638   639   640   641   ...   677
ЖЫЛНАМАШЫ  -  жылдар  шежіресін  жазатын  адам.  Ж-лар,  көбінесе,  абыздар  мен  діни 
қызметшілер,  патша,  князь  хатшылары  мен  тарихшылар  арасынан  шыққан.  Олар  патшаның, 
князьдің, архиепископтың, т.б. тапсыруымен ел ішінде болған оқиғаларды жыл жылға бөліп жазып 
отырған. Олардың жазбаларында құнды тарихи деректер көп кездеседі. 
ЖЫН  -  (араб.  -  рух,  қазақ  тілінде  жын-пері,  сайтан  деп  те  айтылады)  -мифологиялық  бейне. 
Табиғат  заңынан  тыс  көзге  көрінбейтін  құпия  жаратылысқа,  жаман  рухқа  байланысты  түсінік 
адамзат  қоғамында  өте  ерте  замандарда  қалыптасқан.  Ассириялықтар,  вавилондықтар, 
мысырлықтар Ж-ға сеніп, одан сақтанған. Ежелгі үнділер, қытайлар, гректер, парсылар сияқты көне 
түріктердің де "жаман рухтарға" сенгені мәлім. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан күл-қоқыс 
баспау, иесіз жұртқа түнемеу тәрізді, т.б. ырымдар ол орындарды "жындар жайлаған" деген сенімге 
байланысты  туындаған.  Есінен  адасқан  адамды  "жын  соқты",  "сайтан  шалды",  "албасты  басты" 
(Ж-ның бір түрі) деп есептеп, бақсы ойнатып, дұға оқытқан, ұшықтап емдеткен. Ақыл-есі дұрыс 
емес адамды "жынды" деп атаған. Ж. кейде адамдардың көзіне әр түрлі құбылыс (ешкі, ит, қыз, т.б) 
кейпінде көрінеді деп санаған. Рухы биік адамдарға Ж-ның шамасы келмейді делініп, әлсіз адамдар 
үшін өте қауіпті болып есептелген. Соған байланысты Ж-нан қорғану әдіс-тәсілдері мен ғұрыптар 
жиынтығы  қалыптасқан.  Бұл,  әсіресе,  қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  "қамшы"  мен  "қамшыгер" 
бейнесіне  байланысты  оқиғаларда  көбірек  көрініс  тапқан.  Сондай-ақ,  қазақ  ертегілері  мен 
аңыздарында  Ж-дарға  қатысты  көптеген  сюжеттер  кездеседі.  Қазақ  мифологиясы  бойынша, 
Ж-дардың көптеген ерекшеліктері бар. Мыс., алыс жерге бір сәтте барып келе алады. Адам баласы 


оларды  көрмесе  де  олар  адамдарды  көріп,  қарап  отыра  алды.  Адам  үшін  тылсым  құпия 
саналатын кейбір жайттарды біледі. Ұзақ өмір сүргендіктен тәжірибелері мол. Алайда Ж-дар да 
ғайыпты біле алмайды. Ж. түтінсіз оттан жаралғандықтан әр түрлі бейнеге ауысуға бейім. Әйтсе 
де ақыл-ой тұрғысынан адамнан кейін тұрады. Ж-дар ерікті және саналы тіршілік иесі, үйленіп 
ұрпақ  жаяды.  Адам  жаратылмай  тұрып,  жер  бетінің  билеушілері  солар  болған.  Ж-дар  туралы 
Құран  Кәрімде  Алла  тағаланың  Ж-дарды  және  адамзат  баласын  тек  өзіне  құлшылық  ету  үшін 
жаратқандығы айтылады. Сол үшін Ж-дарға пайғамбарлар жіберілген. Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) 
Ж-дарды  бағындырып,  олардың  қабілетін  пайдаланып,  жұмысқа  жекті,  түрлі  құрылыстар 
салғызды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Ж-дардың да пайғамбары. Ж-дардың бір тобы Мұхаммед 
пайғамбарды тыңдап, оған иман етті. Мұсылман және кәпір болып екіге бөлінетін Ж-дардың гул, 
ифрит  сияқгы  бірнеше  түрі  бар.  Ібіліс  те  Ж-дардың  қатарына  жатады.  Сондай-ақ,  Ж-дардың 
арасында  олардың  көптеген  көмекшілері  бар.  Құран  Кәрімде  "жын-шайтандар"  деп  аталатын 
(әл-Әнғам  сүресі,  112  аят)  Ж-дар  адамдарды  қорқытады,  бойына  үрей  туғызып,  көңіліне  күдік 
ұялатады. Адамдарды адастырып, аздырып, иманның жолынан тайдыруға әрекет жасайды. Тың 
тыңдап, аспан әлемінен "сыр" ұрлап, естіген сөздерін жалғанмен араластырып, сиқыршылардың, 
балшы-бақсылардың  және  көріпкел  тәуіптердің  құлағына  сыбырлайды.  Мұндай  Ж-дар  Құран 
оқылған жерден аулақ жүреді. 
 
ЖЫР (көне түркі тілінде - иыр) -1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. 
Көне түркі тіліндегі "иыр" сөзі де қазіргі "поэзия" терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау 
дәл  осы  мағынада  қазіргі  қарақалпақ,  қырғыз,  ноғай,  қарашай,  бал  ар,  башқұрт,  татар,  т.б.  түркі 
тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады; 2) тар мағынада - қазақ халық поэзиясындағы 7 -8 буынды 
өлең  өлшемі,  поэзиялық  шығарма  жанры.  Қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  батырлар  жыры,  тарихи 
жырлар, лиро эпостық жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, т.б. түгел 
дерлік  поэзияның  осы  өлшемдегі  үлгісіне  құрылған.  Поэзиядағы  бұл  жанрды  жазба  әдебиет 
өкілдері  де  (Абай,  С.Торайғыров,  т.б.)  орнымен  пайдаланған.  Буын  санының  бірқалыпқа  түсіп 
тұрақтануы - Ж. жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелгі замандардағы 
Ж.  өлшеміне  аралас  буын  тән  болған.  Мұндай  өлшем  қазақ  халқының  толғауларында,  ноғай 
халқының йырларында, башқұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының санатында сақгалған. 
Тар-мақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін жетеді. Аралас буынды үлгі-лер батырлар жырында 
да  кездеседі.  Поэзияның  басқа  өлшемдеріндегі  өлең  жолдары  тұтаса  келіп,  шумақ  құраса,  Ж. 
тармақтары  тирада  түрінде  шоғырланады.  Тарихи  генетик.  тұрғыдан  тирада  үлгісі  шумақтан 
бұрын қалыптасқан.  Демек Ж. өрнегі өзге өлшемдерге қарағанда әлдеқайда ерте туған. Ж-дағы 
тирада үлгісіндегі тармақ пен ұйқас мөлшері және олардың арақатынасы қатаң сақталмай, жиі 
өзгеріп, құбылып тұрады. Дәл осы қарапайым ерекшелікке көпке дейін ғыл. мән берілмегендіктен, 
Ж-да  басқа  өлшемдегідей  егіз,  кезектес,  шалыс  ұйқас  түрлері  болады  деп  есептелініп  келді, 
олардың  жалпы  саны  10-ға  дейін  жеткізілді.  Мұндағы  басты  қателік  тирада  ішіндегі  ырғақтық 
үзілістерді шумаққа теңгеруден туған еді. Кейінгі арнайы зерттеулер Ж-дың тармағы мен ұйқасы 
тирада  пішініне  ғана  тән  заңдылықтарға  негізделіп  түзілетінін  айқын  дәлелдеп  берді.  Ж-дың 
ұйқасы  дара  ұйқас  (монорифма)  және  аралас  ұйқас  (полирифма)  болып  бөлінеді.  Аралас  ұйқас 
негізгі ұйқас пен қосымша ұйқастардан тұрады. 
 
ЖЫРАУ  -  өз  жанынан  жыр  шығарып  айтатын  және  эпикалық  дастандар  мен  толғауларды 
орындайтын халық поэзиясының өкілі. Ж. атауы "жыр" сөзінен туындайды. Махмұт Қашқари 
Ж. сөзін "йырағу" - өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ж-лар 
халықтың  рухани  көсемі,  қоғамдық  пікір  қалыптастыратын  қайраткер  рөлін  атқарды.  Ж-лар 
жаугершілік  заманда  жорықтарға  қатысып,  кейде,  батыр,  қолбасы  бола  жүріп,  ел  қорғау 
азаматтық  тақырыптарға  арналған  өлең-жырлар  туғызған.  Ж-лар  қолданған  көркемдік  тәсілдер 
оның поэзиясының ішкі мазмұнына орайлас. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, 
табиғат құбылыстарына, т.б. жайларға қарай болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) - 
көне дәуір Ж-ларына тән қасиет. Әйткенмен Ж. бағзы замандардың өзінде, ең алдымен, сөз зергері 
ретінде танылды. Туындылары адам көңілін дөп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, 


аз  сөзге  көп  мағына  сыйғызған  нақтылығымен,  қиыннан  қиыстырған  көркемдігі  және  қуатты 
серпінділігімен ерекшеленеді. Ж-лық қызмет көшпелілер  арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, 
ғұн  дәуірлерінен  бастап  жоғары  бағаланған.  Түркі  қағанатының  тарихын  тасқа  қашап  жазған 
Иолық тегін, оғыздардың ұлы озаны Қорқыт Ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал 
кейінгі қазақ әдебиеті тарихында Ж-лар шығарм-ғы үлкен бір кезеңді қамтиды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   634   635   636   637   638   639   640   641   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет