ЗАДАҚАН Мыңбай (1939 ж.т., ҚХР, ШҰАР, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауд., Қаракемел
а.) -ақын. Шыңжаң ин-тын бітірген (1960). 1960 - 1980 ж. солшыл саясат кесірінен айдауда болған.
Ақталғаннан кейін 1980 - 1997 ж. ауд. сотта адвокат, 1997 жылдан шығарм. жұмыста. Өлеңдері
"Махаббат құрбандары" (Ү„ 1982) жинағына енген. "Көкейтесті" (Ү„ 1982), "Бетпе-бет" (Ү.. 1989),
"Дала заңы" (Ү.. 1990) өлеңдер жинақтары жарық көрген.
ЗАКОНҰЛЫ Тұрсынхан (1962 ж т., ҚХР, Ш(АР, Алтай аймағы) - жазушы. Шыңжаң ун-тін
(1986). Пекин ұлттар ин-тын (1989) бітірген. Қытай, ұйғыр, өзбек, түрік, парсы тілдерін
меңгерген. Гүлбаршын" повесі "Шұғыла" журналында (№ 5. 6. 7.1990), "Балқан тауға барғандар"
повесі "Алтай аясы" (№3.1991) журналында жарияланған.
ЗАМАНХАТ - әдебиеттануға А.Байтұрсынұлы енгізген термин. "З." термині жеке адамның тарихи
оқиғалар барысындағы қызметі сарапталынып, іс-тәжірибелері замандастары мен келер ұрпаққа
аманатталынатын, негізінен, өмірбаяндық оқиғалар қамтылатын әдеби шығармалар жанрын
білдіреді.
"ЗАҢ ГАЗЕТІ" - қазақ тіліндегі республикалық апталық газет. Алғашқы саны 1994 ж. 3
қарашада жарық көрген. Тұңғыш редакторы (1994 - 97 ж.) - Марат Тоқашбаев. 1997- 2001 ж.
Қасым Әзімхан. 2001 жылдан Шарафаддин Әмір бас редактор болып қызмет атқарып келеді.
Құрылтайшылары - ҚР Жоғ. соты жанындағы Сот әкімш. жөніндегі к-т пен ҚР Әділет мин. Газетте
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, халыққа Жолдаулары,
Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет қаулылары жарияланады. Негізгі бағыты -
құқықтық, демократаялық мемлекет құру жолында жүргізіліп жатқан реформа қадамдары туралы
толық, кәсіби дәрежеде ақпарат беру және жұртшылықтың заң саласындағы сауаттылығын
арттыруға ықпал ету. Газетте Республиканың саяси, әлеум., экон. және мәдени өмірдегі
жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы мақалалар жарияланып тұрады. "3. г." 2003 жылдың
қарашасынан бастап аптасына екі рет шыға бастады. Көлемі - 4 б. т. Таралымы- 17068 дана(2005).