шығармаларындағы негізгі сарын - кедейлік тақсіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне
наразылық. Ал
Шал ақынның біздің заманымызға жеткен мұрасы тақырып жағынан алғанда
біршама бай. Бұлар - дін, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік жайлы
филос.-дидактикалық үлгідегі туындылар, тұрмыстық өлендер мен арнау жырлар.Екі ақын
шығарм-ғынан да әлеум. әуен айқын сезіледі. Ж. п. деген ортақ тақырыпқа біріктірілген 15 -
18ғ-лардағы қазақ поэзиясы көне дәстүрді қайта түлетіп, жаңа тақырып, соны мазмұнмен дамытты.
Осы тұста өмір сүрген және әдеби мұралары бүгінгі күндерге там-тұмдап болса да жеткен
жыраулар шығарм-ғы сол заманның тұтас бір шежіресін құрастырады. Олар да ел өміріндегі елеулі
оқиғалар, қоғамның ащы шындығы, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы бейнелі тілмен келісті
көрініс тапқан. Бұл кезеңде төл әдебиетіміздегі үлттық дәстүр дамып, халық поэзиясы сапалы жаңа
биіктерге көтерілді.
ЖЫРШЫ - жыр айтушы, таратушы. Ж-лар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен,
мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ, эпик. шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгілі
халық дастандарын, поэмаларды айтып таратады. Кейбір Ж-лар өз жанынан өлең-жыр да
шығарады. Ж-ны халық ақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген. Қазақта Айса
Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Нұрпейіс Байғанин - нағыз жүйрік, танымал Ж-лар. Ж. кейде
белгілі бір әдеби шығарманы дастанға айналдырып жырлайды. Бұл - кейінгі кезде пайда болған
дәстүр. Мыс., А.С. Пушкиннің "Евгений Онегин" романын қазақ ақындары, Ж-лары халық
тіршілігіне бейімдеп жырлап, жаңа нұсқалар тудырған (Ә.Найманбаев, т.б.). Эпикалық
туындыларды көп білгендіктен Ж-лардың кейбірі "жырау" деп те аталған (Марабай, Мергенбай,
Базар, т.б.). Қазақ эпосының сақталып, өркендеуі үшін Ж-лар зор еңбек сіңірді. Ауыз әдебиетінің
көптеген үлгілері солардың арқасында заманамыздың игі мұрасына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: