ЗАРАТУШТРА(шамамен бз.б. 630/18 - 541/33) - адамзат тарихындағы тұңғыш
пайғамбарлардың бірі, адамзаттың алғашқы діни және философиялық танымының негізін
қалаушы ғұлама, ақын. 3-ның туған жері, өскен елі, ілімінің мән-мазмұны мен таралған
аймақтары, кіші "Авеста" кітабындағы жыр үлгілерінің 3-ның төл туындысы - гат қағидаларына
қатысты мәселелер ғалымдар арасында қызу пікірталастар туғызды. Заратуштрашылдықтың
киелі кітабы "Авестаның" көне бөлімдерінің бірі гаттарда мифол. образдың кездесуі 3-ның
тарихи тұлға екендігін жоққа шығаруға себеп болса, соңғы кезеңдердегі лингвист., тарихи
зерттеулер оның тарихта болған адам екендігін дәлелдеді. Неміс тарихшысы Э.Мейер (1855-
1930), т.б. Бат. Еуропа ғалымдары 3-ның тегін Еуропадан шығаруға тырысты. 3-ның өмір сүрген
уақыты туралы нақгы мәліметтер жоқ. Соған қарамастан гаттарға сүйене отырып, 3-ны өзі өмір
сүрген қауымдағы бұрынғы құндылықтардың дағдарысқа ұшырап, жаңа құндылықтар әлі
қалыптаспаған аралық дәуірде өмір сүрген деп тұжырымдауға болады. Міне, осы кезеңде қоғамға
жаңа дүниетанымдық парадигма қажет болды. Бұл парадигма 3-ның өсиет сөздері мен
ілімдерінде көрініс тапты. Кейін бұл уақытты неміс философы К-Ясперс (1883-1969) "тарихтағы
белдеулік уақыт" деп атады. 20 ғ-дың орта шенінде парсы ғалымы Капиада сондай-ақ, орыс
шығыстанушысы В.В. Струве (1889 - 1965). т.б. ғалымдар 3-ның Орт. Азия кеңістігінде
туып-өскенін дәлелдеді. Ал ағылшын ғалымы Мэри Бой с " Заратуштрашылдар" атты кітабында
өзіне дейінгі зерттеушілердің дәйектерін қорыта келе, З-ның Еділ өз-нің шығыс беткейіндегі
жазық дала төсінде өмір сүргендігі туралы кесімді пікір айтты. Соңғы ғыл. пікірлер бойынша, З.
осыдан 3000 жылдай бұрын, Еділ өз-нің шығыс жағалауындағы Ұлы Тұран жазығында (қазіргі
Бат. Қазақстан аумағы) киіз туырлықты сипаттама ұлысында, Поурушаспа деген малшының
отбасында дүниеге келген. Кез келген көшпелі жұрттың өкілі тәрізді 3. да табиғат
құбылыстарына табынып, бала күнінен адам мен ғаламның, болмыстың сырын ұғуға, абс.
ақиқатқа (Жаратушы иеге) жетуге талпынады. 30 жасқа толған шағында, көктемгі теңесу сәті -
Наурызды қарсы алған күннің ертесіне З. әлемді жаратушы құдірет иесі Ахура Мазда құдайға
жолығады. Соның шарапатымен З. ақыл-білімге кенеліп, жаратушы Жалғыз Иенің ақиқат
сөздерін жұртқа тарата бастайды. Бүл: Будданың жер бетіне келуінен - 1000 жыл, Иса
пайғамбардың келуінен - 1500 жыл, ал Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Жаратушыдан Құран Кәрім
аяттарын қабылдауынан 2000 жыл бұрын болған оқиға еді. 3. пәниден өкінішсіз өтіп, бақидың
рақатына кенелу үшін адамзат баласына "ізгілікті ойға беріл", "ізгілікті сөз айт" және "ізгілікті іс
тындыр" деп үш шарт қояды. Кесапаты көп, қиянаты мол пенделер болашақта дозақтың отына
шарпылып, қиямет-қайым күй кешетінін ескертті, тайпаластарын әділеттілік пен қанағатшылдық
жолына үндеді. З-ның уағыздарын ен даланы еркін жайлаған көшпелі жұрт қабылдай алмады,
оның өзін қуғындап, өміріне қауіп төндірді. Еділ бойын тастап қашқан дала пайғамбары Бактрия
елінің (қазіргі Түрікменстан, Ауғанстан аумағы) билеушісі Виштаспа патшаны барып паналайды.
Патша оның уағыздарына ұйып, ақыл-парасатына тәнті болады. Осылайша З. ілімі Бактрия
арқылы ежелгі Иранға тарайды. Арада бірнеше ғасыр өткен соң 3-ның діни-мистикалық
уағыздары мен дұға-өлеңдері жинақталып, жүйеленді де, "Авеста" деген атпен көне парсы тілінде
кітап болып шығады. Адамзаттың алғашқы ұстаздарының бірі жөнінде неміс философы
Ф.Ницше "Заратуштра осылай деген" атты филос. толғау жазған.