ИБРАГИМОВКәдір (1908. Алматы обл. Қапал ауд. Арасана. - 1919) - ақын. Орта дәрежелі білім
алып, ұзақ жылдар мектепте мұғалім болған. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Жастар әні",
"Мектебім", "Бөбек", "Домбыра", "Ілиясқа", "Тың дала", "Шолпан", Қора", "Ақсуым", "Арасан",
"Сауыншы қарындас" әндері, оларға лайықтап шығарған өлең мәтіндері ел арасына кең тараған.
ИБРАГИМОВ Төкен (18.2.1939жт., Шығ. Қазақстан обл. Ақсуат ауд,) - жазушы, ғалым.
Қазақстанның еңб. сің. қызметкері (1996). ҚазҰПУ-ды, аспирантурасын бітірген (1964). 1964 - 69 ж.
Семей обл. Ақсуат ауд. сегіз жылдық мектепте мұғалім, тәрбиеші және оқу ісі жөніндегі мектеп
директорының орынбасары, 1969 - 1976ж. Семей обл. теледидарында редактор және аға редакторы
қызметтерін атқарған. 1976 жылдан Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай үйінің дирекгоры.
Алғашқы сын, зерттеу мақалалары обл., респ. газет-журналдарда 1961 жылдан жариялана бастаған.
"Өлең өрісі" монографиясы 1979ж. жарық көр-ген. "Құрмет" орденімен марапатталған(1998).