Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет654/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   650   651   652   653   654   655   656   657   ...   677
ИБРАГИМОВ Шаһмардан Мирасұлы (1840. Көкшетау өңірі - 1891. Сауд Арабиясы, Джидда қ.) - 
журналист,  этнограф,  дипломат.  Омбы  кадет  корпусында  оқыған.  1850  ж.  Көкшетау  окр. 
приказында ағасұлтан Шыңғыс Уәлихановтың хатшысы, 1863 - 67 ж. Омбыдағы қазақ мектебінде 
оқытушы,  1867  -  70  ж.  Ташкентте  ген.-губернатордың  парсы  және  түркі  тілдерінен  аударма 
жасайтын тілмашы, 1870 - 1890 ж. қазақ, өзбек тілдерінде айына 4 реттен 14 жыл бойы шығып тұрған 
"Түркістан уәлаятының газетінің" редакторы болған. 1890 ж. Сауд Арабиясында Джидда қ-ндағы 
консулы  больш  тағайындалған,  сол  жерде  1891  ж.  қайтыс  болған.  Ш.Уәлиханов  Шаһмарданға 
қамқорлық  көрсетіп  отырған.  И.  1861  ж.  Ш.Уәлиханов  Санкт-Петербургтен  елге  оралғанда 
қасында  болған,  оның  кейіннен  1904  ж.  жарық  көрген  шығармалар  жинағының  қол-жазбаларын 
қайта көшіріп шығып, баспаға дайындап кеткен. Алтын емелдегі Ш.Уәлиханов зиратының басына 
ескерткіш  тақта  қоюға  ұйытқы  болған.  1870  ж.  И.  Орыс  география  қоғамының  Ташкенттегі 
"Жаратылыстану,  антропология  және  этнография  әуесқойларының  түркістандық  бөлімін" 
ұйымдастырады.  Ол  қазақ  халқының  өмірі  мен  тұрмысы,  әдет-ғұрпы  жайында  ғыл.  еңбектер 
жазған.  Оның  "Қазақтың  мақал-мәтелдері  мен  жұмбақтары"  (1868),  "Қазақ  халқының 
этнографиялық  очеркі"  (1872),  "Қазақтіліндегі  кейбір  термин  сөздердің  түсіндірмесі"  (1873), 
"Қазақ молдалары туралы" (1874), "Қазақ тұрмысының очеркі" (1876), "Қазақ соты туралы заметка" 
(1878),  т.б.  көптеген  мақалалары  Орыс  гео-графия  қоғамының  жинақтары  мен  мерзімді 
баспасөзде жарияланған. Өзбек тілінде "Өзбек календарының" бірнеше санын шығарған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   650   651   652   653   654   655   656   657   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет