эмоционалды, образды ой. Көркем ойдың нысаны болып көбінесе белгілі бір дәуір шындығы
неғұрлым айқын көрінетін өмірдің жекелеген құбылыстары алынады. И. жазушының осы өмір
құбылысы туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасын білдіреді. И-сыз шығарма болмайды.
Әрбір әдеби шығармада көркем шешімін тапқан И-ның терең тамыры сол шығарманы тудырған
суреткердің дүниетанымына, әлеум. көзқарасына жатады. Бір тақырыпқа жазылған бірнеше
туындының әрқайсысының өз И-сы болады. Мыс., С.Мұқановтың "Ботагөзі", Х.Есенжановтың "Ақ
Жайығы", Ә.Нұрпейісовтың "Қан мен тері" - бір тақырыпқа - тарихи-революциялық тақырыпқа
жазылғанымен, әр романның И-сы өзінше бөлек. Бұл өзгешелік жазушының тек өзіне тән шығарм.
ерекшелігінен туады. Көлемді шығармада бірнеше тақырып және соған сәйкес И. да кездеседі.
Мыс., М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы шәкірт Абайдың ауылына келе жатқан
эпизодындағы тақырып - туған жер болса, ал оның әжесі Зере мен анасы Ұлжанға, ана-жеңгелеріне
амандасу эпизодының тақырыбы - ана да, И-сы - сағыныш. Көркем шығарманың
идеялық-тақырыптық күрделілігі, яки көп проблемалығы да осында. Көркем шығармада
тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанмен. олардың бәріне ортақ жері - бірлік болады. Мыс.,
Ғ.Мұстафиннің "Миллионеріндегі" өзекті И. - колхозды ауылдағы соц. еңбектің салтанаты.
Шығарманың идеялық бағытының шындыққа негізделуі және өмір материалдарын эстетик.
тұрғыдан қорыту оның көркемдік құндылығын арттырады.
ИДИОМА (грексөзі) - өзге тілдерге аударуға келмейтін, тура аударылса ұтымды, әсерлі
болмайтын, құрылысы жағынан тек ана тіліне тән сөз тіркесі. Мұндай сөйлемшелердің мағынасы
қолданылған сөздердің, яғни құрастырушы элементтердің мәніне сәйкес келмей, мүлде өзгеріп
шығады. Идиоматика - тіл ғылымының бір саласы. Мыс., Абайдың "Аузымен орақ орған өңкей
қыртың" деген сөзін алсақ, мұнда "аузымен орақ орған" халықтың тілінде кең тараған идиома.
ИЗИМОВ Изиз (9.1.1929, Алматы обл. Ұйғыр ауд. Авата. - 1995) - ақын. ҚазҰПУ-ды бітірген
(1952). 1952 - 57 ж. "Йеңи һаят" редакциясының меңгерушісі, аға редакторы, кейін Шелек ауд.
газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1958 жылдан пед. жұмысқа ауысып, Алматы
обл. Шелек ауд. Байсейіт а-ндағы орта мектепте мұғалім болған. Оның көптеген өлеңдері 1953ж.
шығарылған ұйғыр ақындарының "Өлеңдер" жинағына енген. Өлеңдері орыс және қазақ тілдеріне
аударылған. "Тау бөктерінде" (1963), "Ауыл әуендері" (1970), "Көмекшілер" (1974), т.б. жинақтары
шықты. Ол орыс қаламгерлері А.С. Пушкиннің "Полтава", А.Н. Некрасовтың "Темір жол"
поэмаларын, А.Гайдардың "Тимур және оның командасы" повесін (С.Мансуровпен бірге). қазақ
жазушылары М.О. Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясын, С.Мұқановтың "Ботагөз" романын
(Асамдиновпен бірге), татар ақыны М.Гафуридің таңдамалы өлеңдерін ұйғыр тіліне аударған.
ИЛАХУН Хуршида (1940 ж.т., ҚХР, Құлжа қ.) - ақын. Үрімжі қ-ндағы Шыңжаң ұлттар ин-тын
бітірген. 1963 ж. Қызылорда обл. "Бірлік" кеңшарына көшіп келіп, ол жерде агроном, 1970 жылдан
Алматыдағы "Коммунизм туғи" ("Ұйғыр авази". "Йеңи һаят") газетінде тілші болып жұмыс
істеген. 1953 ж. тұңғыш өлеңі Құлжа қ-ндағы "Или" газетінде жарияланған. "Мәдһийә" (топтама
жинақ, 1970). "Анилар авази" (1978), "Бесік жыры" (1988) жинақтары, "Мейірбұлақ", "Намаз
дөң", "Исъян" дастандары жарық көрген.
Достарыңызбен бөлісу: