АЛЛАЯР СОПЫ (т.ө.ж.6. 18 ғ-дың орта тұсында өмір сүрген) - ақын. 4 кітап жазған. Олардың ең
бастысы -"Ғазизиға бағыштау"("Рисалан Ғазизи" немесе "Шархи Суһбату-Ғазизи"), 1893 ж. Қазан
ун-тін басылған көл. "Аллаяр сопы" кітабы 1889 ж. Стамбұлда арабша, түрікше, парсыша басылған.
Қазанда шыққан "Рисалан Ғажизидің" 3-бетінде А. с. "Бұхар халқы ғибадатқа жалқау екен.
Қарбыз-қауын сатып жүреді екен" дейді. Бұған қарағанда оның Орта Азияға дінді уағыздап барғаны
аңғарылады. Абай 38-қара сөзінде А. с-ны есіне алады. Қазан төңкерісіне дейін қазақ молдалары
шәкірттерге "Аллаяр сопы " кітабын міндетті түрде оқытатын болған.