арттыра түседі. "А. б-дың" түп негіздерінің пайда болғанына 1200 - 1300 жыл толды деп
тұжырымдауымызға да осы мысалдар айқын себеп. Жырдың үлкен, көркем поэзиялық
нұсқалары туысқан қарақалпақ, өзбек халықтарында да кездеседі. "А. б." халық арасында
айрықша қастерленуі оның түрлі нұсқасы көп болуына ықпал етті. Қазан төңкерісіне дейін бұл
жырдың Қазақстанның барша аумағында айтылып келгені белгілі. "А. б." жыры Оңт. Қазақстан
облысында кеңінен таралғаны атап көрсетерлік. Бұл өлкеде осы жырдың түрлі нұсқаларын айтқан
С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар өмір
кеш-кен. Әсіресе, Сүлтанбек Аққожаев жазып алған нұсқасы "А. б." жырларының ішіндегі ең
толық әрі көркем түрі болып табылады. Өзбекстан мен Қарақалпақстан қаламгерлері осы жыр
негізінде пьеса жазды. Ал қазақ композиторы Е.Рахмадиевтің "Алпамыс" операсы (Либреттосын
жазған К.Кенжетаев) мәдени құндылықтарымыздың катарына қосылды.
АЛПАМЫС Нәзікен(15.5.1937 ж.т.. Алматы обл. Жамбыл ауд. Сарыбай а.)- ақын. ҚазҰУ-ды
(1960). Мәскеу ун-тінің аспирантурасын (1964) бітірген. Қазақ экон. ун-тін-де дәріс оқыды, доцент.
"Қарлығаш" (1995). "Қыз ғұмыр - жыр ғұмыр" (2001) жыр жинақтарына бір топ өлеңдері енген.
"Шырағдан" (1995). "Күрең шетен" (2003) жыр жинақтары жарық көрген. Жамбыл атынд. халықар.
сыйл. иегері (1996).
Достарыңызбен бөлісу: