әдебиетіне ортақ мұра деп қарастыру әбден орынды. Ғылым. өнер қайраткерлерін сөз еткенде
Алтын Ордамен мәдени, дипломат. тығыз қатынас жасаған Мысыр мәмлүктерін айтпай кетуге
болмайды. Тарихшылардың мәліметіне қарағанда, арабтың Мұхтар ибн Махмұд әз-Закиди,
Махмұд ибн Ахмед ибн Мұса сияқты ғалымдары Алтын Орда астанасы - Сарайда тұрып еңбек
етсе, Шәхаб әд-Дин ас-Сараи, Махмұд ибн Абдаллаһ Әбу-т-Тинаас-Сараи сияқты қыпшақтар
мәмлүктер мемлекетінің орталығы - Каирде ұстаздық еткен. Сондықтан олардың шығармалары
тіл үйрету, сабақ оқыту мақсатымен жазылған. "Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак" ("Түркі
тілінің түсіндірме кітабы". авторы - Әбу Хайан). "Китаб ат-тухфат әз-закийа фи лұғат
ат-түркиа" ("Түркі тілі туралы ерекше сыйлы кітап", авторы белгісіз) "әл-Қауаанийн
әл-күллийа ли-даб-ти-л-лұғати-т-түркиати" ("Түркі тілдерін үйрететін толық құрал". авторы
белгісіз) сияқты толып жатқан сөздіктер мен граммат. трактаттар осы екі мемлекетке ортақ
мұра болып есептеледі. Сөйтіп Алтын Орда дәуірінде жалпы түркілік әдеби тілдің бір
нұсқасы есебінде өз әдеби тілі, оның көркем әдебиет стилі, ғыл. стилі және іс қағаз стилі
қалыптаса бастаған еді. Кейіннен бұлар қазақ әдеби тілінің дамуы барысында алғашқы
бастаулардың бірі ретінде қызмет еггі. Алтын Орда дәуірінде қазіргі қазақ тілінің түркілік
нұсқасымен жазылған кітаптарды дүние жүзі кітапханаларынан тауып, қолжазбаларын оқып,
зерттеуде Ресей түркологтары В.В.
Бартольд, А.Смайлович, Ә.Нәджіп, И.В.
Стеблева, қазақ
ғалымдары
Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаевтар зор еңбек етті.
Достарыңызбен бөлісу: