Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет77/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   677
"АЛТАЙ  АЯСЫ"  -  әдеби  журнал.  ҚХР-дың  Ажай  аймағында  1980  ж.  шілдеден  бастап  шыға 
бастады.  Алғашқы  шығарушылар  -  Зақан  Омарұлы,  Жақсылық  Сәмитұлы,  Ғалымбек  Әбенұлы. 
Журналдың  тұңғыш  санында  халық  фольклоры  үлгілері  жиналып  басылды.  1980  -84  ж. 
аралығында  журналда  көптеген  дастандар,  ертегілер,  халық  әндері,  жұмбақтар,  мақал-мәтелдер 
жарық көрді. Шәкерім Құдайбердіұлының шығармалары ұзақ үзілістен соң, 1982 ж. осы журналда 
жарияланды. 1985 жылдан бастап журналда қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен қатар 
әлем әдебиетінің озық үлгілері де, қазақ тіліне аударылып жарияланып келеді.   
 
АЛТАЙ Халифа (18.12.1917. ҚХР. Алтай өлкесі, Шіңгіл ауд. - 26.8.2003. Алматы) Арабша білім 
алған. 1934 ж. Алтай аймағынан көшіп, Гансу, Шанхай өлкелеріне, одан Үндістан, Пәкстан жерін 
паналаған  бауырларымен  бірге  болған.  1953  -  54  жылдары  Түркияға  өткен,    8  жыл  діни 
медреселерде  оқыған.  "Қазақ  түріктерінің  шежіресі",  "Естеліктерім",  "Ата  жұрттан  Анадолияға 
дейін",  "Алтайдан  ауған  ел"  атты  кітаптары  жарық  көрген.  "Құран  Кәрімді",  "Кәләм  Шарифті" 
қазақ тіліне аударған. Халықар. "Алаш" сыйл. лауреаты (1992). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет