АЛЬМАНАХ (араб. - күнтізбе) - белгілі бір сипатына қарай (тақырыптық,жанрлық,т.б.)
топтастырылған әдеби шығармалардың жинағы. А. атауы күннің, айдың шығатын, ұясына кіретін
уақытын көрсететін кестелі күнтізбеге байланысты шыққан. 16 ғ-дан бастап Еуропада астрон.
күнтізбе жинақтары жыл сайын жарияланып, оған қосымша ретінде әңгіме, әзіл-өлеңдер
енгізілген. Кейін әр мазмұнды әдеби-көркем шығармалардың топтамасын альманах деп атай
бастаған. Онда әр түрлі авторлардың бір әдеби бағыттағы туындылары біріктірілген. Әдеби А.
Қазақстанда 1920 ж-дан бастап ("Терме", "Сана", "Жыл құсы", "Жалын", "Әлем") шығарыла
бастады.