Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет89/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   677
АМАНЖОЛОВ Сәрсен(27.12.1903. Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд. Егінсу а. - 28.1.1958. Алматы) - 
ғалым, филол. ғыл. докт. (1948). проф. (1948). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1954). Орта Азия 
мемл. ун-тін бітірген (1930). 1931 жылдан ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) дәріс оқып, 20 жылдай осы 
жоғары  оқу  орнында  қазақ  тілі  кафедрасының  меңгерушісі  болды.  1934  -  36  ж.  Қазақтың  ұлт 
мәдениетін зерттеу ин-тының директоры, ғыл. хатшы қызметтерін атқарды. 1937 - 42 ж. КСРО ҒА 
Қазақстан филиалының Тіл және әдебиет секторын басқарды, 1942 - 44 ж. жауынгерлер арасында 
үгітші. 1944 - 58 ж. "Қызыл Армия үгітшісі блокнотының" (Мәскеу) жауапты редакторы. 1946 - 
58 ж. Қазақстан ҒА тіл-әдебиет ин-тында бөлім меңгерушісі болды. А. жалпы тіл білімі мен қазақ 
тіл  білімінің  теор.  негізін  қалыптастыруда  А.Байтұрсынов,  К.Жұбанов  бастаған  ғыл.  жұмысты 
ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғыл. 
жолға қоюға елеулі ықпал етті. Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл 
тарихын зерттеумен айналысты. А. алғашқы шығарм. жолын өлең жазудан бастаған. Оның "Үнсіз 
сұлу", "Алтай суреттері", "Бозторғай", "Күрең ат", "Тарих жолы". т.б. бірнеше өлеңдері 1927 - 30 ж. 
"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газеті мен "Жаңа әдебиет" (қазіргі "Жүлдыз" журналында 
жарияланып  түрған.  "Есімде  қалғандар"  (1922)  мемуарлық  шығармасы  кейін  "Балдырған" 
журналында басылды. А. қазақ ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жинап, жариялауға көп үлес 
қосты. "Бөгенбай батыр" (1935), "Қазақ совет фольклоры" (1935), "Қазақтың халық жұмбақтары" 
(1940),  "Тоғыз  құмалақ"  (1936).  т.б.  кітаптары  жарық  көрді.  Сондай-ақ,  "Қазақ  халқының  ауыз 
әдебиеті"  атты  көлемді  зерттеу  мақаласы  1935  ж.  "Әдебиет  майданы  "(қазіргі  "Жұлдыз") 
журналының 5-ші санында жарық көрген.   
 
АМАНОВ Қолан (27.11.1932 ж.т.. Жамбыл обл. қазіргі Т.Рысқүұлов ауд. Құмарықа) - жазушы. 
ҚазҰУ-ды. Мәскеу халық шаруашылығы академиясын бітірген. Мамандығы -қаржыгер. Қазақстан 
қаржы  министрінің  орынбасары.  Бақылау-тексеру  басқармасының  төрағасы  қызметтерін 
атқарған. "Жазушы" баспасынан "Шынар", "Кие", "Сең" әңгімелер мен повестер жинағы, "Үрей" 
романы жарық көрген.   
 
АМАНҰЛЫ Жарылқасын (5.3.19-38 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Қызылжар елді мекені) - ақын. 
Алматы сауда техникумын (1958). Мәскеудің сауда ин-тын (1965) бітірген. Сауда саласында, ауд. 
комсомол к-нде қызмет істеген. 1974 - 91 ж. шығарм. жұмыспен айналысты. 1991 - 94 ж. "Ислам 
шапағаты"  газетінде  бас  редактор.  1994  -  95  ж.  "Қаржы  -  қаражат"  журналы  бас  редакторының 
орынбасары  қызметтерін  атқарған.  Қазір  респ.  "Бәйдібек  баба"  қоғамдық  қорының  президенті. 
Оның "Жас керуен" (1969. ұжымдық), "Көкпар" (1970), "Жастық жалын" (1971), "Ынтызар жүрек" 


(1976),  "Нұрлы  әлем"  (1978),  "Құрыш  қолдар"  (1980),  "Алатау  аясында"  (1984),  "Шақырады  кең 
дала"  (1986),  "Асуым  алғы  күндерім"  (1987),  "Өмірімнің  өрнегі"  (1988),  "Қоңыраулы  керуен" 
(1990),  "Ақ  бата"  (1992)  өлең  кітаптары,  сондай-ақ,    "Қарасай  баһадүр"  (1998)  атты  прозалық 
кітаптары жарық көрген. 30-ға жуық әннің авторы.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет