АМАНШАЕВ Ермек (12.4.1963 ж т., Сырдария обл. Пахтарал ауд.) - драматург. 1985 ж.
ҚазҰУ-ды бітірген. ҚР Ұлтгық Ғылым академиясында. "Жалын" журналында, ҚР Мәдениет
мин-нде жауапты жұмыстар атқарған. Казір ҚР мәдениет,ақпарат және спорт вице-министрі.
"Үзілген бесік жыры", "Қыр астындағы сол ғажайып әлем", "Сұлтан болсам мен егер",
"Жұлдыздарда бір сыр бар" пьесаларының, "Мен Абылайды әке дер ем", "Мұхтар Әуезов",
"Албасты туралы аңыз" атты деректі және көркем фильмдердің авторы. Ф.Кафканың, С.Ванустың
шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан жастар одағы сыйл. лауреаты.
АМАНШИН Берқайыр Сәлімұлы (11.10.1924. Бат. Қазақстан обл. Қаратөбе ауд. Батпақкөл а. -
17.05. 1985. Алматы) - жазушы. драматург, аудармашы, ақын. ҚазҰПУ-ды бітірген (1953). 1942 - 53
ж. партия, кеңес қызметтерінде, 1953-54 ж. Қазақ мемл. баспасында, 1954 - 59 ж. "Қазақ әдебиеті"
газетінде қызмет істеген. 1959 - 65 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Бат. Қазақстан
облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы. 1965 - 74 ж. "Жұлдыз" журналының бөлім
меңгерушісі. 1971- 73 ж. Қазақстан Мәдениет мин-нің басқарма бастығының орынбасары. 1973 -
79 ж. "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат) журналының бөлім меңгерушісі. Қазақстан
Жазушылар одағының кеңесшісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш өлеңі Атырау обл. "Социалистік
құрылыс" газетінде 1942 ж. жарияланған. Тұңғыш жинағы "Өлеңдер" 1954 ж. жарық көрді.
"Жылқылы ауылда" (1956), "Бұтақтағы бұлбұлдар" (1958), "Жетісу-Жайық" (1961), "Ақбота"
(1963), "Менің өмірбаяным" (1964), "Менің Маңғыстауым " (1972), "Ақ жүректер" (1975), "Жайық
желі" (1987), "Құтты мекен" (1984) өлеңдер мен поэмалар жинақтары. " Махаббат мүңы" (1968).
"Көкжар" (1971), Гүл көтерген "әңгімелері мен повестер жинақтары." Махамбеттің тағдыры"
романы (1987) жарық көрген. Балаларға арналған "Жылқы фермасында" (1955), "Ботақан" (1964)
аталатын өлең жинақтары да бар. "Исатайдың семсері" (1966), "Таныстық керек" (1968), "Жылама
Дәмеш" (1972. М. Гершпен бірге), "Маңғыстау оқиғасы" (1983) пьесалары респ.. обл. театр
сахналарында қойылған. Махамбет Өтемісұлы, Ы.Шөреков шығармаларын жинастырып
бастыруға елеулі еңбек сіңірді. Орыс әдебиетінен Л.Н. Толстой, А.С. Пушкин. башқұрт ақыны
С.Юлаев, т.б. шығармаларын, көне орыс әдебиеті ескерткіші "Игорь жорығы туралы жырды" қазақ
тіліне аударған (1951. 1985). Өзі дүние салғаннан кейін "Махамбеттің тағдыры" атты шығармалар
жинағы жарық көрді (1991). Оған өмірінің көп жылын арнаған "Махамбеттің тағдыры" романы
және Махамбеттің балалары мен ұрпақтары хақындағы әдеби зерттеулері енген.