Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет88/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   677
АМАНЖОЛОВ Қасым Рақымжанұлы (1911. қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. - 17.1.1955. 
Алматы қ.) - ақын. Семей мал дәрігерлік техникумын бітірген(1930). 1931 ж. Ленинградқа барып, 
Орман ш. ин-тына түседі. Бірақ денсаулығына байланысты оқи алмайды. 1931 -41 ж, "Лениншіл 
жас"  (қазіргі  "Жас  Алаш").  Орал  обл.  "Екпінді  құрылыс"  газеттері  редакцияларында.  Орал  обл. 
театрында жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 ж-ға дейін әскер қатарында болды. 
Әскерден  қайтқан  соң  біраз  жылдар  "Әдебиет  және  өнер"  (қазіргі  "Жұлдыз")  журналының 
бөлім  меңгеруші  қызметтерін  атқарды.  Тұңғыш  өлеңі  Оралдың  "Екпінді  құрылыс"  газетінде 
басылды.  Тұңғыш  жинағы  "Өмір  сыры"  1938  ж.  жарық  көрді.  Осыдан  былай  қарай  ақын 


қаламынан халық өмірі, өзі өмір кешкен заманы түйдек-түйдек жыр жолдарына өріліп отырды. 
Ақынның  көркемдік  сапасы  аса  биік  туындылары  қатарына  "Ақын",  "Бірінші  май",  "Жолдас 
маршал",  "Жалғыз  жалау",  "Дүниеге  жар",  "Орамал",  "Мен  -  табиғат  бөбегі"  тәрізді  өлеңдері 
жатады.  Сондай-ақ  ақынның  "Байқал",  "Оралым",  "Подполковник  Альпин",  "Дариға  сол  қыз" 
өлеңдері,  "Мартбек",  "Ақын  өлімі  туралы  аңыз"  поэмалары  бар.  А.  соғыстан  халықтық  жыр 
дәстүрін ілгері дамытып, батырлық, ерлік жырларының жаңа үлгісін жасаған, қазақ поэзиясын 
жаңа арнаға көтеріп жырлаған танымал ақын болып оралды. Қазақ поэзиясына он буынды өлең 
түрін  енгізіп,  орнықтырды.  1948ж.  баспадан  шыққан  "Дауыл"  жинағы  казақ  поэзиясын  жаңа 
биікке  көтерген  құбылыс  болды.  Көркемдік  сапасы  жоғары  лирикалық  өлеңдерімен  қатар 
"Боран",  "Біздіңдастан",  "Бикеш",  "Жамбыл  тойында",  "Құпия  қыз"  тәрізді  үлкен  эпикалық 
поэмалар жазды. А. ақындығымен қатар сазгер де болған. Оның әнін де өзі шығарған "Дариға сол 
қыз", "Туған жер", "Өзім туралы", т.б. шығармалары халықтың сүйікті әндеріне айналған. А. қазақ 
әдебиетінде аударма жанрының дамуына да зор үлес қосты. Ол орыс ақындары А.С. Пушкиннің 
"Полтава", М.Ю. Лермонтовтың "Маскарад", А.Т. Твардовскийдің "Василий Теркин", Әзербайжан 
ақыны Низамидің "Ләйлі-Мәжнүн" поэмаларын, украин ақыны Т.Г. Шевченконың, т.б. өлеңдерін 
қазақ  тіліне  аударды.  2001  ж.  "Жазушы"  баспасынан  таңдамалы  лирикалық  өлеңдері  қайта 
басылып шықты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет