Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


Түс әлеті. Жоғарыда айтылғандай, мұндағы мәлі (түсімәлі) сөзі маһалдың



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

Түс әлеті. Жоғарыда айтылғандай, мұндағы мәлі (түсімәлі) сөзі
маһалдың дыбыстық жақтан ықшамдалған түрі. Түсі мәлімен мағыналас
тұрақты тіркестің бірі – түс әлеті. Тіркес кұрамындағы әлет сөзі
дыбыстық өзгеріске түсіп, "танымастай" болған. Бұл сөздің бастапқыда
айтылуы – хал (араб сөзі). Хал сөзі орта ғасырлық әдебиетте "хал-жағдай,
көніл-күй" әрі "заман", "уақыт", "шақ, кез" деген мағынада жұмсалған
39
.
Мағлұм-мағлұмат, жамиғ-жамиғат тәрізді хал сөзі де халет түрінде
айтылған:
Торғайды бұл жеңешең ұстап алған,
Сөзімде өтірік қалет жоқты жалған.
Өзіңе тірі болса, берер едім,
Торғайың әлдеқашан өліп қалған ("Қозы Көрпеш – Баянсұлу").
Жырдың басылымындағы түсініктемеде қалет (халет) "жаңсақ",
"жаңылыс" делініп түсіндірілген. Шындығында, өтірік халет "өтірік
жайт" дегенді білдірсе керек.
"Хал-жағдай", "жай", әрі "уақыт", "шақ" мағынасын білдіретін халет
сөзі қазіргі тіл қолданысымызда [х]-ның көмескіленуі барысында әлет,
түс әлеті болып калыптасты. Халет сөзін көркем сөз зергерлері байырғы
өмір суреттерін беруде қолданып отырған: "Жүрек қобалжып, бас
айналады. Құлақта ың-шың шықылдаған толассыз бір шуыл бар. Осы
күйінде, барлық нен жоқтың арасындай бір халетте азғантай уақыт
жатты да Абай ойы өшіп, сеніп жоққа батты"(М.Әуезов."Абай жолы").
Күндіз баласын түске дейін, түстен кейін деп болу көптеген
халықта кездеседі деуге болады. Ал осы екі шақтың дәл ортасы,
"көлеңкенің бауырға кірген", "күннің тас төбеге келген" сәті (әсіресе жаз
мезгілінде) – тал түс. Халық тілінен тал түске байланысты айтылатын
түрліше сөз орамдарын кездестіреміз: шаңқай түс, анық түс. "Бір күн, бір
түн өтеді, сәске мезгіл болғанша, анық түске толғанда" (Қашаған). Таңдай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет