Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


тал түс, "Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы өтті, Жылқыны таңдай тал түс дүрілдетті ("Арқалық"). Талма түс



Pdf көрінісі
бет21/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

тал түс, "Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы өтті, Жылқыны таңдай тал
түс дүрілдетті ("Арқалық").
Талма түс. "Арада неше қоныпты, талма түстің шағында, мұндай
жапан далада ("Дотан батыр") Талмау түс
40
Тапия тал түс (С.Шүкіров).
Шалқар түс. "Келіп ек шалқар түсте үлкен суға, Жұбай айтты:
"жатпайық, тағы өтелік" ("Арқалық"). Талықсыған тал түс. Талықсыған
тал түсте өзім қашып барайын" ("Қыз Жібек").
39
Шамсиев П., Ибрагимов С. Новаий асарлари луғати. Тошкент, 1972, 777-б.
40Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960, 66-б. (Ш.Ш.Сарыбаевтың 
материалы).
33


Түс қыңды. Күннің түстен ауған, қайтқан сәтін түс қынды,
41
түс
қиды дейді, "Ойлағандай, түс қия берген кезде көрші ауылдан қайтқан
қауыммен тағы бір хабар әкелді (М.Әуезов. "Абай жолы").
Әдетте, ертеде, шаруа адамына түске дейінгі шақ, сірә, тым ұзақ
болып көрінсе керек. "Күн түске дейін көк өгізге мінеді, түстен кейін
қара жорғаға мінеді. (Куфтин Б.А. Календарь...) дейді халық. Бұл – түстен
кейінгі уақыт тез өтеді дегені. "Күйеу келсе қыз тұрмас, бесін келсе күн
тұрмас" деген мақалдың да мазмұны осыны аңғартады.
Бесін. Түстен кейінгі күн қақ маңдайға келген шақ – бесін. Әрине,
бесін атауын сыртқы ұқсастығына қарап бес сөзіне қатысты деуге
болмайды. Бесінді "мешін", (маймыл) атауымен байланысты дейтін де
пікір бар. Бірақ бұл сөз түркі тілдеріне парсылардан ауысқан деуге болады.
Парсы тілінде пишин "түс мезгілі", намаз пишин "бесін намаз"
42
дегенді
білдіреді. Парсыша пеш "маңдай" деген сөз. Пешенесіне жазылған
дегендегі пешене - "маңдай". Бесін мезгіл - күн маңдайға келген шақ.
Халық тілінде бесін мезгілін екі шаққа бөліп атайтындығын
байқаймыз. Бірінші -ұлы бесін.
Жырларда кездесетін айнабесін осы "ұлы бесінмен"мағыналас деуге
болады. "Әлде өтірік, әлдерас, мен жоқ едім касында, Айна бесін болғанда,
батырың елге құлады ("Ер Қосай"), Екінші - кішібесін. Бесінге қатысты
тағы бір атау - қожа бесін. "Қожа бесін болғанда, Қобыландыдай батырым
бір төбеге барады" ("Қобыланды").
Екінді. "Екіндіде елге сүйкімді қонақ келеді"дейді қазақ мақалында.
Бесін ауып,күн батуға таянған шақ - екінді.
Солмай ма көктемдегі әдемі гүл, 
Онбай ма бетке біткен әдемі тұр? 
Еңкейіп екіндіге күн кұласа,
Көріксіз көрінбей ме дүние бір (Жамбыл).
Халық тілінде екінді мен жарыса қолданылатын сөздін бірі –
намаздыгер. Діни салт бойынша оқытылатын үшінші намаздың аты
есебінде колданылған бұл сөз де ертеректе мезгіл, шақты білдіретін атауға
айналған. Намаздыгер мезгілін Шу бойында дігер намаз шағында деп те
айтатындығын кездестіреміз.
Күн байығаннан (батқаннан) кейінгі мезгіл - іңір, ымырт; ақшам,
намазшам. "Іңірде жатқан ырыссыз калар" дейді халық мақалы. Іңір
мезгілінін өзі қызыл іңір (коңыр іңір) және іңір қараңғысы деп екі шакқа
бөлінетіндігі белгілі.
41Омарбеков С. Қазақтын ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы, 1965, 144-б.
42Миллер Б.В. Псрсидско-русский словарь. М., 1953, 102-б.
34




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет