Бұлбұл үнді Біржан салдың ақын Сарамен айтысында "
Адымым күні Сүгін
қалыбында, Екі жыл отыз беске келгеніме" деуінде,
бәлкім осындай
сырдың болуы да ықтимал. Әрине, санды тура атамаудың бұдан басқа да
өзге орайлары бар. Мысалы, ақ берен ақын Есет Қараұлының (1779-1860):
Назданып аяқ көсілген,
Сылдырап белін шешінген.
Алма мойын арудың,
Ажары кетер бетінен.
Екі он бестен жасы өтсе, – деуі
айрықша экспрессия жасаудың
тәсілі.
Сәске мезгілінің өзін халық бірнеше шаққа бөледі. Күн ұясынан
құрық бойы көшірілген шақ-сәске немесе ерте сәске.
Бұдан кейінгі мезгіл–
Ұлы сәске – қан сәске
36
деп те,
жалған
түс
37
деп те аталады. Еліміздің батыс аймағында
тәуліктің осы мезгілін
білдіретін
сиыр түсі деген атау да қолданылған:
Жайылған атын алдырып, Үстіне тұрман ер салып, Сиыр түсі
болғанда, Сағыздан өтіп заң салды (Ығылман Шөреков).
Сөз тегін айтылмайды. Сәскенің бұл мезгілі неге төрт түліктің бір
түлігімен аталған? "Ұлықбектің келтірген мағлұматына қарағанда, кейбір
түркі халықтары, мәселен ұйғырлар, тәулікті он екіге бөліп, әр үлесін чағ
деп атаған.Чағтың ұзақтығы екі сағат болды.
Ұйғырлар кешкі чағ, ут
(сиыр)
чағ, барыс чағ, т.с. с. деген. Моңғолдар да тәулікті он екіге бөліп,
бөліктерді цағ деп атаған.Оларда
хулугун цағ (
тышқан шақ),хукар цағ
(
сиыр шақ),
барыс цағ т.с.с. болған"деген кызықты дерек келтіре
отырып, М.Ысқақов: "Бірақ бұл цағтарды абыздар ғана білген. Байырғы
қазақ календарында
тышқан шағы, сиыр шағы, барыс шағы т.с.с.
болғандығы немесе болмағандығы жөнінде әлі нақтылы мағлұматтар жоқ.
Оларды жұлдызшылар мен есепшілер ғана біліп, ұмыт болуы мүмкін"
38
-
дейді. Бұл жерде зерттеушінің түркі-монғолдарда қолданылған он екі шақ
туралы қызықты дерегі қазақ тіліндегі
айыр түсі деген атауды
ут (сиыр)
шағымен байланысты қарауға түрткі болатын тәрізді.
Халық тіліндегі бұл атаулардың бәрі
түске дейінгі мезгілге катысты.
Халық ақындарының жыр кестесінде кездесетін
түсі мәлі сөзі "түскі шақ,
түс кезі" дегенді білдіреді.
36Кеңесбасв І. Қазақ тілінін фразеологиялык сөздігі.
37Куфтин Б.Г. Календарь и первобытная астрономия киргиз-казахского обозрение, 1916. 3- 4.М., 1918.
38Ысқақов М., 220-б.
32