Намазшам. Намазшам діни салтта "төртінші намаздың" аты, Парсы
тілімде шам "кеш" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді де шаруа адамы
байырғы кезде мезгілді білдіру мақсатымда қолданған. Намазшам мезгілінде бие ағытып, екі айғыр желі басында жатып қалды" ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу"). Кеш мезгіліне қатысты, оның шақтарын нақтылай
түсетім ымырт жабылды; шам жамырады, сам батты, ақсам батты т.б.
тұрақты тіркестер бар.
"Ақ сам батпай түн шықпас, ажал жетпей жан шықпас" (Бұқар). Түн баласы , күндіз баласы тәрізді бірнеше шаққа бөлінеді. Оларға
тоқталмас бұрын, алдымен түн сөзін монғол тілі дерегімен салыстыра
қарауға болады. Көне монғол тілінде сөни "түн", сөнебе "сөнді" деген
мағынаны білдіреді
43
. Қазіргі монғол тілінде шөне - "түн"
44
. Бұған
қарағанда, сөн, түн сөздерінің негізі бір тәрізді. Ал сөз басындағы [с,ш,т,]
сәйкестігі дыбыстардың кездейсоқ алмасуы емес. Түркі тілдерінде [с,ш,ч]
дыбыстарының [т]-ға алмасуының мынадай мысалы бар; ұйғырша,
татарша сычкан, "мышь", түрік, азербайжан, түрікменше сычан, қырғызша
чычқан, қазақша тышқан 45 . Қас қарайып, көз байланған шақ; екі кештің арасында; ел орында отырған мезет деген тіркестер де түннің басталар мезгіліне байланысты
айтылады. Мұндағы қас "жан", "маңай" дегенді білдіреді.
Құтпан мезгіл. Ел ұйқыға жатар шақ – кұптан мезгіл. Құттан парсыша: 1) ұйықтау, жату, 2) бес уақыт намаздың ең соңғысы
46
. Құптан намаз еліміздің Атырау аймағында жасиық намаз деп те айтылады.
Шақтың діни салттағы "бес парызға" байланысты атаулары байырғы
жырларда, эпостарда жиі қолданылған, "Намазшамнан өткенде, құптан мезгіл жеткенде. Құлағына батырдың бір дауыс келіп шулайды" ("Қобыланды батыр").