жерден шығып жата ма? Тіл туралы кам жеп, жақсы ниетпен
жазылған мақалаларда сөз мағынасы, сөз тағдыры жайындағы әр
кімнің түсінігі мен жорамалы әр басқа болып та жатады. "Мына
сөздің байырғы кездегі мағынасы былай еді, қазір неге басқаша
кабылдаймыз? Бұл сөз бөтен тілден енгенде өзгеше еді, енді
танымастай болып барады" – деп, сөздегі жаңару мен жаңғыруды
жақсы нышанға жорымайтынымыз да бар. Сондай мақалалардың
бірінде
жазира сөзінің мағынасына түсінбей қолданып жүргеніміз-
сөз болады. Автордың сондағы дәлелі мына тәрізді. Бұл сөз араб
тілінен енген, төркін тілінде білдіретін мағынасы – "шөл",
"арал"
56
.Сондықтан масатыдай құлпырып тұрған жерді
жазыра деп
атау дұрыс емес т.б. Осындай пікірге қарағанда
жазира сөзін
жаңылыс мағынада қолданып жүрген тәріздіміз. Кезінде бұл пікірге
кейбіріміз кұлақ асып, құлай жығылдық, кейбіріміз дүдәмал күйде
қалдық. Шындығында,
жазира араб тілінен енген сөз, мағынасы –
"шөл", "арал". Онда неге
жазира сөзін үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын
гүл, жасыл сөздерімен тіркестіріп
гүл жазира, жасыл
жазира деп атаймыз? Бұлай қолдану мүлдем теріс емес пе? Өзге
жұрттан коныс аударған бұл сөз қазақ топырағына алғаш түскен сәтте
"шөл", "арал" мағынасында қолданылған екен.
Жазираны гүлстан ету үшін,
Төбені ойға аударып тастаған ер.
(Халық ақындарынан. Мысал Н.Оңдасыновтың аталған
кітабынша көрсетілген). Бұдан
жазира сөзінің "шөл" деген мағынада
жұмсалғандығын байқаймыз. Енді бұл сөздің "арал" мағынасында
қолданылғанына мысал келтірейік:
Жолықты бір жазира және тағы,
Кең арал, мұхит теңіз екі жағы.
Ғажайып зифа харам бір жазира
Достарыңызбен бөлісу: