Халқымыздың асыл мұрасы "Қобыланды батыр" эпосынан
кұрдас
сөзінің ерекше қолданысын кездестіреміз:
Жая менен жал кұрдас, Шекер менен бал кұрдас. Көбіктінің көп
жылқы, Олжа қоспай ал, кұрдас.
Қазіргі тілдің межесі тұрғысынан қараған адамға
жая мен
жал,
шекер мен
бал кұрдас деу қиынсыз көрінуі ықтимал. Шындығында,
кұрдас сөзінің
байырғы кезде дәрежелес, лауазымдас, қатар, тең,
деген орайда жұмсалатындығын еске алсақ,
жая да, жал да қонақ
құрметтеуде орны бірдей аса сыйлы тағам,
дегенді аңғартатыны
байқалып тұрады. Мұндайда байырғы мұраның жыр жолдарына
қазіргі тілдің межесімен қарамай, өткендегі жай-күйінен хабардар
болып оқудың айрықша әсері бар.
Достарыңызбен бөлісу: