Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Жеті ғашық. Халық аузында, оның өлең-жырлары мен ертегі
эпостарында ежелден айтылып келе жатқан жеті ғашық сөзінің түп-
төркіні шығыс елдеріне аңыз, дастан болып көп тараған ғашықтық
хикаяларымен сабақтас. Бұл фразеологизм қазақ ақындарының шығыс
әдебиетімен ежелден келе жатқан үрдісі үзілмеген байланысын аңғартатын
тілдік дерек. Өзге де шығыс шайырлары тәрізді қазақтың ақындары жеті
ғашықтың бірін жырға қосып, дастан жазған. Оларды тыңдаушылары
жаттап, кейде жазып алып, елден-елге таратып отырған. Қазақтың
жыршылары мен ақындарының шығармаларында кездесетін жеті ғашыққа
мыналар жатады: а)Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиқа, Фархад-Шырын,
Таһир-Зуһра, Арзу-Қамбар, Уәлик-Ғәрра, Уәки-Күлшаһ, ә)Ләйлі-Мәжнүн,
Жүсіп-Зылиқа, Фархид-Шырын, Бәһрам-Күләнда, Сейпіл-Мәлік-Бәдігүл-
Жамал, Бозжігіт- Ануаз кей нұсқаларда Қарашаш, Зияда-Хорлы («Зияда-
Хорлы, Ғайын»).Қазақ жыршылары кейде Қозы Көрпеш - Баян сұлуды да
жеті ғашықтың бірі деп есептейді:
Ақ сарайда жазған хатты көрді.
Қозыке мен Баянның атын көрді.
Жаратқан жеті ғашықтың бірі екен деп 
Құдайдан тілейік деп кеңес қылды ("Қозы Көрпеш - Баян Сұлу").
Әйгілі шығыстанушы В.В.Радлов жинаған қазақтың ауыз әдебиеті
мұраларында:
Қайтқан бір келген жыл құсы
 Келіннің шайпау тілдісі.
Злиқа, Зәуре екі қыз.
Апаңның салған үлгісі, - деп келетін өлең жолдары ғашық болып, жар
сүю Зылиқа, Зуһра салған жол дегенге меңзейді. Жеті ғашықтың халық
ұғымында бірін-бірі қайталамайтындай өзді-өзіне тән сипаты бар. Жүсіп-
Зылиқа ғашықтардың асқан төзімділігін көрсетсе, Қозы мен Баянның бір-
біріне ғашықтығы – балдай татулықтың белгісі. Ал Фархадтың Шырынға
деген махаббаты оған айрықша күш бітіріп, жігер отын жағады. Ол
Керманшах пен Хамаданның арасындағы Бихустун тауын тесіп, Шырынға
баратын жол салады. Ежелгі парсы аңызында "Бихустун тауын қопарған -
ғашықтық, ал даңқы Фархадқа қалды" деген қанатты сөз бар. Тағы бір
14


аңызда I Дарий патша жайындағы Бихустун жартысындағы жазу мен
Фархад.
Аңыз бойынша Ләйлі асқан сұлу болмаса керек. Бидай өңді,
арықша келген қарапайым ғана қыз екен. «Ләйліге Мәжнүннің
көзімен қарау керек» деген қанатты сөз де осы орайда айтылған. Бұл
сөз қазақтың «Сұлу - сұлу емес, сүйген – сұлу» дейтін мақалымен
мазмұндас. «Екі жасты косқанның сауабы бар, екі жасты айырғанның
обалы бар» дейді халық мақалы. Халық ұғымында Арзу мен Қамбар -
бір-бірімен қосылмай, арманда өткен ғашықтар.
Айырсаң екі бала арманда өтер
Бұрынғы Арзу менен Қамбарға ұқсап,
дейді "Таһир-Зуһра" дастанында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет