Бес қарудың ішінде мылтық пен қылышқа, әсіресе,
кылышқа сыбаға
қылу салтының болғандығын аңыз-әңгіме, байырғы жырлардан кездестіріп
отырамыз. Қылышын мадақтап, оның суарылуы мен тойтарылуын айтып,
"бір сыбаға қылғаны" туралы аса көркем жыр жолдары бар:
Тойтаруына шыдамай,
Тоқсан шәкірт мойыған.
Суаруына шыдамай,
Айдын көлдер құрыған (Ш.Уәлиханов).
Батыр қылышын:
"Айдынына шыдамай, ай бұлтқа сынған, көруіне
шыдамай, күн бұлтқа сынған" деген бейнелі сөзбен дәріптейді. Кей
жырларда батыр қылышын дұшпанына айбарлы көрсету үшін селебе,
қылышын таптауы мен егеуіне дейін мадақ (ода) айтады:
Егеуме келгенде,
Елу ұста жиналған
Таптауына келгенде,
Тамам ұста жиналған ("Әлібек " ертегісі).
Қылыш, алдаспан, сапы селебенің
жетім құрыш қылыш (Сүйінбай
Аронұлы), бүктемелі семсер (Нұрхан Ахметбекұлы), сағасы алтын нар
болат ("Орақ жыры"), алмас тся ("Қамбар") қынабын алтын қырқар
("Қыз Жібек") тәрізді тұрақты баламалары мен атаулары халық әдебиеті
мұраларында, ақын жырларында аса көп ұшырайды.
Жеті қат жерден өткен зұлпықардай, Қашауым қара тасты кетті
іріп, – дейді Шашубай ақын. Қазіргі оқырман
зұлпықар сөзінің мағынасын
бірден аңғара бермейді.
Зұлпықар - омыртқа кесер.
12
Әуелде бұл атаудан
пайда болуы діни әпсанаға байланысты. Мысалы, қазақ тілінде аспаннан
түскен
төрт кітап деген фразеологиялық сөз тіркесі бар. "Діни ұғым
бойынша, төрт пайғамбар ие
төрт кітап болыпты.
Тәурат (Пятикнижие
Мойсея)-Мұсаның,
Зәбур (Псальтырь)-Дәуіттің.
Інжіл (Евангелие)-
Исаның,
Құран-Мұхамбеттің кітабы".
13
Сөз арасында бұл аталған
төрт
кітаптың байырғы кезде
шар кітап деп те аталатынын еске ала кетуге
болады. Осы тәрізді бұрынғы қазақ тілінде
көктен түскен төрт қылыш
(хәмкам, сәмсем, зұлқажа, зұлпықар) деген фразеологизм бар. Төрт
қылыштың бірі
– зұлпықар. От
ауызды, орақ тілді Қашаған ақын
"домбыраны қу ағаш" деп тіл тигізген молданы уәжді сөзбен тұқыртады:
Достарыңызбен бөлісу: