бай мен бағыланның ісі. Тіпті олар дүбірлі той өткізіп,
бас бәйгеге
тігілер
тоғыздың бас жақсысына жасау жиһазымен киіз үй жасайтын
болған. Киіз үйдің бұл түрі
өлі отау деп аталады.
Тігіпті бас бәйгеге елу бие,
Өлі отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе,
Жабулы қара нарға қалы кілем,
Аты озған болды бір зор олжаға ие (Нұрқан Ахметбекұлы).
Л.Будагов сөздігінде
тоғыздың құрамына бір немесе екі "жетім",
"жесір" (бұл сөз бұрын "құл", "күң" дегенді білдірген) атайтынын
айта келіп, кедейлердің беретін тоғызы әлдеқайда жұпыны екендігін
көрсетеді
10
.
Сондай-ақ, тоғыздың құрамына енетін "жанды" мен "жансыз"
үйлесімді болу жағы да ескеріледі. Мысалы, бұзаулы сиыр бастаған
жанды тоғызға жансыздан
қалы кілем немесе
алмас қылыш атау
үйлесімсіз. Қара нарға жансыздан
калы кілем, құлынды биеге
жансыздан
тұтас құндыз жарасады дейді.
Ауыз әдебиетіннен өзіміз
көп естіп жүрген
қалы кілем, қара нар фразеологизмді осындай салтқа
байланысты айтылса керек.
Үйлену тойы, шілдекүзет, т. б. той-томалақтарда ауылдың алты
ауызы айтылып, меймандар өз кезегінде қонақ кәдесін жасайды.
Осындайда ойын-сауықтың ажары-қайым айтысқа да кезек келеді.
Жеңгесі қайын сіңлісін, апасы сіңлісін ілестіріп, не дос құрбы-
қыздар жұптасып алып қонақ әріптестерімен айтысады. Жеңілген
жақ "тоғыз тартуым" деп торғын орамалдың шетіне күміс жүзік (не
күміс теңге) түйіп жеңгендерге сый-құрмет көрсетеді.
Бұл тарту-
тоғыздың нақ өзі болмаса да, кәдесі.
"Орамал тонға жарамайды,
жолға жарайды" деген сөз орамы осындай орайда қалыптасса керек.
Достарыңызбен бөлісу: