тарады; Ақыр-аяғы, кетпен-таяғы, синоним - жуып-шайып отыр,
айналасы аман, төңірегі түгел; антоним - ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс; Не өліде, не тіріде жоқ т.б.
каламбур - жақсы ашушаң болмас,
ашушаң жақсы болмас; асыл би, асыл болмас, би асыл асыл болмас т.б.
Көркем тіл кестесіндегі фразеологизмдердің құрамы да әр алуан
болып келеді. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды көркем «сөз
шеберлерінің бір ғана шығармасы, я болмаса бір ғана әңгімесінің
өзінен шығу тегі жағынан жалпыхалықтық (диалект, қарапайым сөз,
сөйлеу тілі, әдеби тілге қатысты) фразеологизмдердің түр-түрін
кездестіруге болады. Сондай-ақ
жазушы тілінің лексика-
фразеологиялық арсеналы өзіне дейінгі сөз зергерлерінің тұрақты
тіркес түріндегі қолтума қолданыстарымен,
аударма
фразеологизмдермен байи түседі. Сөйтіп, шығарма тілі өзінің
лексика-фразеологиялық құрамының әр алуандығымен де оқырманды
өзіне баурап отырады. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Атақты әнші
Майра»әңгімесінен жалпы халыктық тілдегі фразеологизмді де,
белгілі авторға тән қолтума үлгілерді де, аударма фразеологизмдерді
де ұшыратамыз:
Достарыңызбен бөлісу: