Байланысты: Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)
Сәлем-сауқат дегендегі "сәлем" сөзі былай да түсінікті, ал сауқат қандай мағынаны білдіреді? Бұл сұраудың жауабын өзге сөз орамдарымен
салыстыру арқылы іздеуге де болады.
Қазақ тілінде "аңшыдан сыралғы, батырдан сауға" деген тұрақты
сөз тіркесі бар. Тұрақты сөз орамының неге бұлай айтылатындығын
байқау үшін алдымен өзге тілдің берер байырғы дерегіне назар аударып
көрейік. Монғолдардың ХVII ғасырдағы шежіресінде
54
мынадай баяндау
бар. Добу мерген, монғол шежіресі бойынша Шыңғыс ханның түп
аталарының бірі, орман кезіп, аң іздеп келе жатып, үш жасар бұғыны атып
алып, сүбесін отқа қақтап отырған бір кісіге кездеседі. Добуға береді.
Міне, аңшыдан сыралғы сұрау байырғы монғолдарда да бар
екендігін байқаймыз. Моңғол ескерткішін зерттеушілердің айтуынша
широлға (сыралғы) сөзі широ "шанышқыға түйреліп, отқа қақталған ет"
дегенді білдіреді ("Алтын тобчи". Түсініктемесін жазған - Н.П.Щастина).
Монғол зерттешісі М. Гаадамбаның пікірінше, "мақал-мәтел үлгісіндегі
бұл сөз орамының із-сорабы сонау рулық қоғамда жатыр".
Шындығында, тапқан олжасын ортаға салу – рулық қауымның
бұлжымас заңы. Оны бұзғандарлы қауым өз ортасында аластайды. Ал
феодалдық қоғамда ауланған аңның белгілі бір бөлігі сыралғы ретінде хан
мен нояндарға тиісті болған. Міне, аңшыдан сыралғы деген сөз орамында
әлеуметтік астар жатқаңдығы байқалады.
Ертедегі батырлар да, аңшылар тәрізді, олжасын рулас
қауымдастарымен бөлісіп, сауға беріп отырған. Бұл дәстүр кейде олжа салу деп те аталады. Оны ертедегі батырлық жыр нұсқаларынан
кездестіреміз.
"Қобыланды елге барғанда, Қаланы өзім алдым дер, Олжаны өзім салдым дер. Босқа келіп, бос қайтты, Қыпшақтың мың сан нөкері дер". Феодалдық-рулық қоғамда олжаның бар бөлегі - сауға алдымен хан
мен бөктерге тиесілі болған. Сәлем-сауқат ретінде хан қазынасына түсіп
отырған. Ал сауға созінің сауқат болып өзгеріске ұшырауы қазақ ру,
тайпаларының монғолдармен аралас-кұралас отыруына байланысты.
54Лубсан Даңзан. Алтан тобчи. М.,1973, 307-б.
40
Әсіресе, VІІ-XIII ғасырлар аралығында көптеген түркі сөздеріне= т (бұл-монғол тілінде көптік мағынаны біліретін қосымша) жалғана
бастады: керей-керейіт (керейлер), телеу-телуіт (телеутер), алып (батыр) - алпауыт (батырлар).