Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

Адамның бастарындай жеміс бағы.
(Ғашықтық жырлардан.)
Сөзге көне сипат беріп, стилизациялал жұмсауды көздеген
ақын, жазушыларда болмаса, бүгінгі тіл қолданысымызда жазира
"шөл", "арал" мағынасында жұмсалмайды. 
Бұлай болуы заңды де, өйткені, алғашқыда қазақтың арал, шөл
тәрізді төл тума сөзімен бәсекеге түскен жазира басы артық
қолданысқа айнала бастады. 
Өзінің өзгеру, даму барысында тіл небір басы артық
қолданыстан арылып, өзін-өзі "реттеп" отырады. Бірақ балластан
арылудың жолы әр түрлі. Басы артық кейбір сөз, элементтер
56
Оңдасынов Н. Арабша-казакша түсіндірме сөздік. Алматы,1969, 48-б.
43


қолданыс үйірінен мүлдем шығып қалады, кейбірі, керісінше,
бәсекелесімен тайталас жұмсала келіп, өзгеше мағынаға ие болады.
Олай болса жазира сөзінің мағынасы калайша өзгеріп, полярлық
қарама-қарсы ұғымға ие болды?
Мұндай өзгерістің болуы кездейсоқ қисыныз емес, оныңөз
заңдылығы бар. Жазира "шөл" деген бір бүтін ұғымның ғана емес,
сол бүтінге кіретін бөлшектің атауы. Бұл жерде бүтіннің бөлшегі деп
отырғанымыз шөл мен шөлейт далаларда кездесетін – оазис (жасыл
алқап). Қазақ тілінде бастапкыда бүтіннің атау болған сөз бөлшектің
атауына көшкен. Бөлшектің бүтіннің атауымен атала беретінін өзге
де мысалдардан байқауға болады. Мысалы, үкі-құс, үкі-тақия мен
домбыраға әшекей үшін тағатын қауырсынның атауы.
Сонымен жазира сөзі бүтіннің бөлшегін (оазисті) білдіретін
атауға көшті. Кең байтақ қазақ даласы ұлы теңіз тәрізді көрінсе,
оның әсем көрінісі Көкше, Қарқаралы тәрізді оазистері ардаға ұқсас
еді. Осындай оазистер жазира, гүл жазира, жасыл жазира делініп
ерекше реңмен аталып жетса, еш жаттығы жоқ. Оны жаман нышанға
жоруға болмайды. Кейбір тілдерде, мысалы монғол тілінде арал сөзі
"түбек", "остров", әрі "оазис" мағынасын білдіреді.
57
Ертедегі түркілерде де арал сөзі 1) "остров", 2) "оазис" деген екі
түрлі мағынаны білдірген болуы керек. Арал теңізі деген
географиялық атаудың жасалуына осы сөздің екінші мағынасы
("оазис") негіз болуы ықтимал. Шөл мұхитының арасынан бұл теңіз
аралдай (оазистей) болып көрінсе керек. Бұл – (сөзді) ұқсату
заңдылығы бойынша аталуы. Сөздің кейде бүтіннің бөлшегін
білдіретін мағынада жұсалуы немесе ұқсату арқылы өзгеріп отыруы
тіл-тілде болатын заңды құбылыс. Одан бейхабар жанға мұндай
өзгерістер білместіктен кеткен ағат қолданыстай болып көрінеді.
Егер осындай қисынды өзгерістерді мойындамасақ, қазіргі
қолданылып жүрген шебер сөзінің мағынасынан да бас тартқан болар
едік. Қазіргі тілімізде «он қолынан өнер тамған адамды» шебер деп
атасақ, әуелі баста ол "сұлу" деген мағынаны анғартқан. Монғол
тілінде цэвэр – "әсем", "әлемі", "таза", "сұлу" дегенді білдіреді.
Тілдегі құбылыс із-тозсыз кетпейді.Бұл сөздің "сұлу", "әсем" деген
көне мағынасы эпос тілінде сақталған:
Көктем мезгіл болғанда,
Көктен құйған тамшыдай.
Шебер қыздың қолында,
Балдағы алтын қамшыдай 
("Қобыланды").
57Монғолша-ағылшынша сөздік. Лос-Анджелес, 1960, 48-б.
44


Тіл мәдениеті, сөз шеберлігі жайында сөз қозғамақ болған
мақалалардың тағы бірінен дұрыс қолданысты бұрысқа шығарған
мынадай "түзетуді" де оқыр едік:
"Ақын Ысырайыл Сапарбаевтың "Орман сыры" атты өлеңі
біздіңше жаман жазылмаған сияқты... Бірақ бір қарын майды бір
құмалақ шірітетіндей, осында орынсыз алынған бір сөз ырықты
бұзып-ақ тұр.
...Өтті ол күндер, қалды артымда ойласақ, Ал қазіргі тіршілігім -
қан-базар, – дегізеді автор орманға. Бейбітшілік уақытындағы
орманның қазіргі тіршілігі қан-базар дегені не деген сөз? Біздің
ормандарымыз қазір түгіл, соғыс кезінің өзінде қан-базар болып
көрген жоқ. Жауға қарсы күресіне партизандарға тірек болған сол
ормандар емес пе еді? Егер қазіргі күндегі ондағы аңдар мен
кұстарды жаппай қырып-жойып жатсақ (қан жоса етсек) ғана осылай
деп сөз саптауға болар еді. Тіпті де олай емес қой. Сонда бұл
қайдағы "қан-базар". Міне, бір сөзді орнына дұрыс қолданбаудың .
жалпы тәуір жазылған өлеңге қаншалықты зардап тигізіп тұрғанын
байқау қиын емес (мұның дұрысы - "хан-базар"...).
58
Сонымен,
автордың айтуынша, "қан базар" деген сөз тек "қырып-жоюға"
байланысты айтылса дұрыс та, өзге орайда хан-базар болуға тиіс.
Бірақ осылай "үйреткенмен", қан-базарды ешкім "қырып-жою"
деп түсінбейді.
Тілімізде негізі мағынасын сақтаған, бірақ тұрақты сөз
тіркестерінің құрамында айтылғанда өзгеше қызметке көшкен сөздер
де бар. Қара сөзінің жеке алғандағы мағынасы түр-түсті
білдіретіндігі белгілі, ал кейбір сөздермен тіркес құрай келгенде бұл
сөз мүлде өзгеше мәнге көшеді. Қара шаңырақ, қара орман, қара жол.
Бұндай тіркестерде қара сөзі ұлы , үлкен" тәрізді ұғымды анғартады.
Қызыл сөзі де осы тәрізді, тұрақты тіркестерде өзгеше мәндс
жұмсалады: қызыл май болу – "әбден болдыру", "шаршау" (ат туралы):
қызыл аяқ – "жалаңаш-жалпы", қызыл қарын – "жасбала" мағынасын
білдіреді. Осылайша өзгеше мағынада жұмсалатын сындық ұғымдағы
сөздер тіл білімінде ахроматизмдер деп аталады. 
Заттық ұғымды білдіретін кейбір сөздер де тұрақты тіркес
құрамында айтылғанда өзгеше мәнге көшеді. Сондай сөздердің бірі -
қан: қан сонар - "нағыз сонар": қан саске - "ұлы сәске" (нағыз сәске),
"түске таяу шақ";
59
 қан сорна - "қызылмай болу"; қан қаза-"ауыр қаза,
үлкен қаза"; қан қазына-"зор, үлкен қазына" (М.Әуезов); қан базар -
58Қарағұлов М. Сейлем-сөзден // Жұлдыз, 1983, N 3, 152-б.
59Кеңесбаев I.Казақ тілінің фразеолоиялық сөздігі, 317-б
45


"қайнаған базар". Осы соңғы тіркес ақын жазушы, өзге де қалам
иелерінің сөз қолданысында "у-иіу", "қызық-думан: деген мағыналық
реңде де жұмсалады. "Абай да бұрынғы жылдар осы Қолқайнардан,
сонау Байқошқар өзеніне жеткенше он шақты көшіп баратын сапарды
қызығы бітпес қан базардың көшкеніндей көретін" (М.Әуезов). Мұндай
қолданыстардағы қан базар тіркесін хан-базар түрінде "дұрысталып"
кажеті шамалы. Тілімізде қан базарға ұқсас тіркестің бірі – қан
жайлау. Кейбіреулер бұл тіркестің мағынасын дәл түсінбей "үлкен
жайлау" деп ұғады. Шындығында, малшы тұрмысында қан жайлау
мезгілдік ұғымға байланысты айтылады. Өйткені, жайлаудың
алғашқы кезеңі, басталар шағы бар. Бұл кез өз көрінісімен әсем.
Қыстаудан көктеуге шыққан жұрттың алды жайлауға келіп, қоныс
төбе бастайды. Жайлау отының сонысына тіс тимей, кұрағының
қаймағы бұзылмай тұрады. Бұдан кейінгі кез – қан жайлау. Бұл шақта
жайлауға көшетін жұрттың бәрі келіп болып, бас-аяғы түгел
жиналады. Той-думан, ас-су, қонақ кәде, ат жарыс, өнер жарыс т.б.
қызықтардың өткізілетін шағы да осы сондықтан да жайлаудың нағыз
қызып қайнаған дер кезі қанжайлау дей аталса керек. Ел салтына
байланысты айтылатын мұндай сөздер М.Әуезовтей ұлы суреткердің
қаламынан ғана беріс қалмаған. "Үлкен-үлкен төрт бөлменің бұл
сағаттағы қаракеті қалың топыр, қан жайлаудағы бәс пен астан бір кем
емес" ("Абай жолы") Жайлаудың той-думаны азайып, тұяқ таптамаған,
жапырылмаған сонысы қалмай, жұрттың алды көше бастаған, баирдың
тарқар сәтіндей шақтың да өз атауы бар. Ол – сары жайлау. Жайлаудың
мерзімге байланысты атаулары ғана емес, қеңістікке қатысты аттары да
бар: ой жайлау немесе етек, бөктер жайлау, төр жайлау; кер жайлау.
Осылардың ішінде кер жайлауды "кең жайлау" деп түсінетіндер де бар.
Бұл түсінік дәл емес. Кер жайлау, ғалым Тоқтар Арыновтың айтуынша, –
"ең алыс", "ең биік" жайлау. Мұндай жайлауда у-шу аз болады. Мал оңаша
бағылып, қоңды күтіледі. Кей жерлерде кер сөзімен аталатын жеке
биіктердің, шыңдардың атаулары кер сөзінің "биік" деген ұғымды
білдіруіне байланысты қойылуы ықтимал.
Мәселен, Кертау - Орталық Қазақстандағы биік, КерЖоңғар
тауындағы шың. Кей жерлерде кер сөзімен аталатын жеке биіктердің,
шыңдардың атаулары кер сөзінің "биік" деген ұғымды білдіруіне
байланысты қойылуы ықтимал. Мәселен, Кертау – Орталық
Қазақстандағы биік, Кер – Жоңғар тауындағы шың.
Осындай ерен біткен Жүрек тауын,
Жағалай біткен жасыл алма бауын.
Күн сайын жылы леппен жауып тұрад,
Кербез шың - Кер бұлтынан сепкен жауын.
(Сара Тастанбекқызы).
46


Сөз мағынасының өзгеруі, қызметінде жаңа бір қырдың пайда
болуы, өзгеше реңкте көшуі тілдің өз заңдылықтары бойынша өрбіп
отырады. Соларға сұйенбей, оларды елеп-ескермей "дұрыс" не "бұрыс" деп
кесім айтып, әркім өз қиялынша топшылау жасап жатса, көлеңкеге қарап
пішкен тондай келіссіз болып шығуы да мүмкін. Сөздің де сөз болғанмен,
сарасы бар. Тұрақты сөз орамдарының табиғаты мен заңдылығын,
мағынасы мен мазмұнын дәл сезініп, дәлелмен, дұрыс айтылған сөздің
орны басқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет