т.б. Алайда жазушы қаламы осы айтылған фразеологиялық түйдекті
күтпеген жерден тематикалық өрісі өзге бір сөздермен тіркестіру арқылы
айрықша әсер тудырады.
Біржан қолға қолқа салмай-ақ бел көтергісі келіп еді, болмасын лез
байқаған соң жер тіренді.
-Сиыр қимылға жарап қапсың ғой, – деді Әпіш.
-Күл, күл. Құдай қылса амал қанша?
-Құдай? Аузыңа түспейтін сөз еді. (А.Сүлейменов. "Адасқақ").
Фразеологизмдер бұл шағын мәтінде (тексте) аса мол қолданылған.
Бірақ әр түрлі сапада да жұмсалғандықтан санының көптігі байқала
қоймайды. Кейіпкер тіліндегі фразеологизмдер (
сиыр қимыл, құдай қылса,
амал қанша; аузына түспеді) біріншіден, тілдік мінездеме ретінде қызмет
атқарып тұрса, екіншіден сөйлеу тілі реңін беріп тұр. Ал автор тіліндегі
фразеологиялық тіркес
(бел көтеру) дағдылы қолданыста жұмсалса,
фразеологиялық түйдек (
қолқа салу) тосын тіркеске түскен. Тосын
қолданыстағы фразеологизм Біржанның "қасындағы жанашыр
жақындардың әлдеқандай көмегіне, сүйеуіне зәру күйін" танытқандай
имплициттік мағынаны аңғартады. Фразеологизмдердің
бітім-тұлғасын,
мағыналық жүгін өзгертпей-ақ осылайша тосын тіркеске түсіру олардың
экспрессиялық-стилистикалық әсерін айрықша күшейте түседі. Бұл
фразеологизмдерді қолданудағы жазушы қаламының шеберлігін
танытатын бір тәсіл болса, екінші бір тәсіл - тосын контекст іздеу.
Мысалы:
Көреген де батыл сынның көмегіне ділгер шығарма бізде
әлі де көп. Олай болса көркемдік құны төмен барып тұрған идиясыз
шығармалармен бейбіт қатар өмір сүру тәсіліне енді мүлде көнуге
болмайды (Ғ.Мүсірепов).
Сырт қарағанда
бейбіт қатар сүру структуралық,
семантикалық
жақтан ешбір қалам тезіне түспеген тәрізді. Бірақ оқырман қандай бір
тосаңдықты сезгендей болады. Мұндай әсерді жазушы қаламы
фразеологизмді дағдылы стильдік ортадан бөтен жерге жерсіндіру арқылы
тудырып тұр. Міне, фразеологизмдерді бұлайша бөтен ортаға "жерсіндіру"
үшін (мұндай тәсілді стильдік контраст жасау деп ағаймыз)
жазушы
қаламы сөздің функциналдық реңкін жазбай танитындай тым сергек болуы
керек.
Фразеологиялық сөз орамдарының лексикалық құрамы,
семантикалық
структурасы өзгермегенмен, "дап-дайын" күйде
қолданылмақ жазушы қаламның тезіне түсіп, әр түрлі өңдеуден өтеді.
Сөйтіп, олардың реңкі жаңа қырынан көрініп, сөзге ерекше көрік берігі
тұрады.
Көркемдік норманың бұл түрі, әрине, әдеби тілдің жазбаша түрінің
әсіресе оның функңионалдық стильдерінің қызметі жан-жақты күшейе
түскен кезде болады.
53
Жазушы кейде фразеологиялық сөз орамдарының лексикалық
құрамын, семантикалық структурасын қайта жаңғырту арқылы "өңдеуден"
өткізіп, әсер-ықпалын күшейте түседі. Сөйтіп, фразеологиялық орам жаңа
бір көркемдік-эстетикалық сапаға көшеді. Әдетте бір
көш жер деген
фразеологиялық тіркес қашықтық
өлшемге қатысты қолданылып,
тай
шаптырым жер, бір бекет жер, қозы көш жер дегендермен тематикалық
қатар құрайды. Жазушы қаламы енді осы аталған фразеологиялық тіркесті
структуралық өңдеуден өткізеді:
Қиыл Сырдария бойы көкорай шалғын,
аунауға шақырады екен. Баяғыда әр есектің соңынан бір көш шаң
шұбалып бара жататын еді, қазір машина соңынан да шаң ере бермейді
Достарыңызбен бөлісу: