Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет26/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

Құрбы-құрдас. Бұл қос сөздің, былайша карағанда, екі сыңары
да түсінікті. Жас шамасы қарайлас адамдарды кұрбы-құрдас деп
айтатындығы белгілі. Бастапқыда қос сөздің өзгеше мәнде
жұмсалғандығы байқалды. Әйгілі ғалым М.Қашқари (XI ғасыр)
сөздігінде кұр сөзі "дәреже". "лауазым"
55
дегенді білдіреді делінген.
Осындай дерекке қарағанда құрдас деп әуелде жасы қарайлас
адамдарды емес, дәреже, лауазымы қатар кісілерді атаса керек.
Ал құр сөзінің байырғы тілде "лауазым", "дәреже", мағынасын
білдіруінің өзіндік себебі бар. М. Қашқаридің "Диванында" құр сөзі
"белбеу" дегенді де білдіреді. Қазіргі тіліміздегі құрсау, құрсақ осы
кұр сөзімен төркіндес екендігі еш күмән тудырмайды. Көне тілде құр
сөзінің бірде лауазымды, бірде бұйым атауын (белбеу) білдіруі,
әрине, кездейсоқ, бір-біріне байланыссыз нәрсе емес. Олай
дейтініміз: белбеу (құр) белге буынатын бұйым болумен бірге ертеде
лауазым, дәрежені көрсететін белгі де болған. Орда, сарай
төңірегіндегілер өзінің лауазымына қарай асыл тас орнатып, күміс
кұйып, алтын жалатқан әшекей, зері әр түрлі белбеу (кұр) таққан.
Лауазым, дәреже, немесе тектілікті белбеу (құр) арқылы ғана емес,
өзге де заттар арқылы білдіру салтының болғандығын байырғы
мұралардан кездестіріп отырамыз. Туыстас қырғыз халқының ұлы
эпосы "Манаста" ("Көкетайдың ертегісі". Ш.Уалиханов жазып алған
бөлігі. Қазақшаланған академик Ә.Марғұлан.1973 ж.)
Көзотаға пиғынып, Көріне төре боламын. Алтай толған көп
қалмақ, Араласа қонамын, - деген жолдар бар. Мұндағы көзотайға- "бас
киімге қадайтын меруерт бұршағы" (Ә.Марғұлан). Көзотаға жай ғана
әшекей сәндік бұйым емес. Ол – ақсүйектікті, төре тегін білдіретін
ерекше белгі. Осыған ұқсас жайды қазақтың көркем жырларынын
бірі – "Арқалық батырдан" да ұшыратамыз:
Бір жерге кеп тұрып ем, үйме-жүйме,
Сары жарғақ, сары шалбар алтын түйме,
Бір жалғыз қара ала атты тұра салды.
Зәңгі екен қызыл тасты тұтқан күйде .
Зәңгілер 
(монғолша – дзанги, "лауазымы кіші
чиновник")дәрежесіне қарай ақ, сары, қызыл тас тағып жүреді.
Сонымен, кұрдас сөзі бастапқыда жас шамасы қарайлас адамдар
жөнінде емес, лауазым, дәрежеге байланысты қолданылған.
55Древнетюркский словарь. Л.,1969, 467-б.
41


Халқымыздың асыл мұрасы "Қобыланды батыр" эпосынан кұрдас
сөзінің ерекше қолданысын кездестіреміз:
Жая менен жал кұрдас, Шекер менен бал кұрдас. Көбіктінің көп
жылқы, Олжа қоспай ал, кұрдас.
Қазіргі тілдің межесі тұрғысынан қараған адамға жая мен жал,
шекер мен бал кұрдас деу қиынсыз көрінуі ықтимал. Шындығында,
кұрдас сөзінің байырғы кезде дәрежелес, лауазымдас, қатар, тең,
деген орайда жұмсалатындығын еске алсақ, жая да, жал да қонақ
құрметтеуде орны бірдей аса сыйлы тағам, дегенді аңғартатыны
байқалып тұрады. Мұндайда байырғы мұраның жыр жолдарына
қазіргі тілдің межесімен қарамай, өткендегі жай-күйінен хабардар
болып оқудың айрықша әсері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет