Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет49/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

– Рюмка ала отыр.
– Маған құймаңыз, Сәке.
– Неге? –Ішпей-ақ қоямын.
– Болмайды.
80


– Онда кішкене ғана. Болады... болады, – Гүлбаршын оймақтай
рюмкасын өзіне қарай тартып алып кетті.
Бұл диалогтегі сырт қарағанда сөйлеу тіліне ұқсамайды деп
айта алмайсыз. Бірақ өмірдегі сөйлеу тілі мен көркем шығармадағы
сөйлеу тілі (стилі) бір емес. Көркем сөз шеберлерінің тәжірбиесіне
қарағанда, жазушы өмірдегі сөйлеу тілін қаз-қалпында көшіре
салмай, көркемдік електен өткізе отырып, сөйлеу тіліне тән
интонацияны дәл беруге тиіс. А.Толстой жұрт аузынан естіген
фразаларды жазып алуға арнайы дәптер арнағанын айта келіп: "Сол
сөздерді әңгіме кестесіне сол күйінде жапсырып байқап едім, марқұм
адамның мұр суретшінің портретке жапсырғанындай болып шықты",
– дейді.
Көркем шығармалардың көпшілігінде бөгде элементтерін
қолдану тәсілі аз кездеспейді. Кейіпкерлер орысша, қазақша сөздерді
араластыра сөйлейді. Т.Әлімқұлов кейіпкерлерінің аузына отчет,
оратор деген сөздерді салып, Ә.Тарази безобраз деп сөйлетеді.
М.Асылғазин слушай, крупный мәселе дегендерді диалогте арнайы
қолданады. Мұндай тәсілді оқырман кейіпкердің кім екендігін
анғарып отырады. Тілді шұбарлау – кейбіріміздің дағдымызға сіңген,
өмірде болатын сырқауға арналған құбылыс екендігі рас. Көркем
шығармада ондай жағымсыз құбылыстың сыналуы оқырмандарға аз
өнер берген жоқ. Тіл шұбарлаудың мүкістік екендігін аңғарып,
әрине,өз сөзіне де, өзгенің сөзіне де "қарауыл" қоя бастады.
Алайда кейіпкерлер тіліне мінездеме берудің осы тәсілі бұл
күнде оқырмандардың еті әбден үйренген тәрізді. Ендігі жерде
кейіпкерлерді бұлай сөйлетудің оқырман үшін пәлендей әсері бола
қояр ма екен деп ойлайсың. Көркем шығармада кейіпкердің тілі
қашанғы безобраз деген ескі "паспортпен" жүретін. Осы күнде тіл
шұбарлаудың "жаңа сорты" пайда болды. Болашақ кейіпкерлерінің
сөзіне құлақ түрген қаламгерлер ондайды көркемдік тәсіл ретінде
қолдана бастады.
- Мереке карсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі
өтеді. Соған жатпай-тұрмай дайындалып жатырмын. Былтыр финалда
ұтылып қалғамын. Биыл қайтсем де қайтару керек. Жасөспірімдер тобы
бойынша бірінші разряды бар... (М. Қабанбаев. Бауыр. Әңгіме).
Бұл реплика бетпе-бет сөйлесіп отырған екі адамның арасында
айтылатын сөзден гөрі газет тілін еске түсіреді. Әңгімедегі тағы бір
кейіпкер қасындағы адамға микрофон алдында тұрғандай сөйлейді:
... Жоғары кластың оқушылары кала іргесіндегі жел совхозында
қияр, помидор теріп жүр. Қали секілді спортивный балаларды алып
калғамыз. 7 ноябрь мерекесінің қарсаңында қала мектептері спорттың
әр түрінен дәстүрлі жарысқа шығады. Күні-түні алас ұрып, соған ақ
81


тер, қара тер дайындалып жатыр. Былтыр бірінші орынды алғамыз.
Биыл да бәйгені бермейміз деген талабымыз таудай.
Тіл шұбарлаудың жаңа "сортын" кейіпкер тілі арқылы жазушы
айқын көрсете білген.
Қалауын тауып қолдана білсе, эстетикалық қызметте жұмсалатын
сөздердің бір алуаны – диалектизмдер. Әдетте пәлен жазушының қаламы
диалект сөздерге үйір деп сын айтылып жатады. Ал оларды автор неге, не
мақсатпен қолданып отыр деген сұрауға жауап аз. Қазіргі көркем
шығармалардың қамтитын тақырыбы сан алуан. Жазушы диқан, шопан,
жұмысшы, мұғалім т.б. өмірін шынайы бейнелеуді көздейді. Сондықтан
қаламгер өз шығармаларындағы кейіпкерлердің іс-әрекетін ғана емес,
сөзін де әлеуметтік ортасына сай кәсіп, қызметіне, білім-танымына лайық
етіп беруді мақсат етеді. Ондай шығармалардың тіл кестесінде әдеби тіл
нормасынан тысқары жатқан диалект, қарапайым сөздер, архаизмдер де
кездесіп отыруы заңды. Өйткені әдеби тілден тысқарылау тұрған
жергілікті ерекшеліктер кейіпкерге мінездеме беру, олардың білім
дәрежесін, ой өрісін, мәдени деңгейін көрсету үшін, кейіпкер сөзіне сөйлеу
тіліне тән сипат беру мақсатымен жұмсалады. Кейбір жазушыларымыздың
қаламы неге диалектизмдерге неге іш тартып тұрады деген сұраудың бір
жауабы, міне, осыған саяды. Бірақ бейәдеби қолданыстарды тек құбылыс,
зат атауы ретінде жұмсау (жалаң комммуникациялық қызметте қолдану)
жеткіліксіз. Мысалы: "Аттың жайылуынан тұруы көп ауыт-ауыт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет