Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет57/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

71
архаизмі екінші бір фразеологиялық
түйдекте май түрінде ұшырайды: көз майы таусылды. Осыған
қарағанда соңғы фразеологизм жау-дың пассив лексикаға айналған
тұсында жасалған болуы керек. Көне элементтерді система
тұрғысынан жаңалау арқылы фразеологизм нормасынан ауытқуда
сабақтастық барлығы байқалады. Мысалы, пассив лексиканың күлік-
тің орнын онымен мағыналас актив лексика (жүйрік) басты. Ал
фразеологизм құрамындағы көнелерді кездейсоқ жаңғырту олардың
семантикалық структурасын, образдылығын бұзады. Мысалы, күзде
күлік жүгіредіні күзде көлік жүгіреді түрінде өзгерту фразеологизмді
мағынасыз тіркеске айналдырады. Бұл жерде көне элементпен жаңа
элементтің арасында сабақтастық жоқ. Сондықтан мұндайларды
фразеологизм нормасына заңсыз «қысым» жасау деп танимыз.
Система тұрғысынан қолдау таппаған фразеологизмдердің
нормасын бұзуды, яғни фразеологизмдердің лексикалық
құрамындағы архаизмдерді қазіргі тілдік нормада актив
қолданылатын сөздермен жаңғыртып отыру қаламгерлердің сөз
жұмсау дағдысында ара-тұра кездесіп отырады. Жүзі жақсыдан
69Сыздықова Р. ХVІІІ-ХІХ ғғ. казақ әдеби тілінің тарихы, 50-бет.
70Фразеологиялық бұл тізбектің «қу» нұсқасын А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал». (Қызылорда, 1925) 
оқулығының материалынан кездестірдік.
71Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966, 40-б.
95


түңілме деп, алдамайсың ба деп отырмын. Кіргізетін болсақ айтам.
Алдырмаймын деші өзің әуелі,– деп күліп қойды (М.Әуезов. «Өскен
өркен»).
Лексикалық құрамы көнерген санда бар санатта жоқ деген
фразеологиялық түйдектегі санат-тың мағынасы қазіргі оқырманға
белгісіз. Бұл архаизм ел санатына қосылды (кірді), санатқа қосылды
деген фразеологизмдердің құрамында да кездеседі. Осы
фразеологизмдердің байырғы ақындар тілінен кеңеске кіру деген
синонимдік қатарын кездестіреміз: 
Жасым жетіп он беске, 
Кірер ме екем кеңеске. 
Ерегескен дұшпанмен, 
Шығар болсам күреске (Ақтамберді).
Мұндай қолданысқа қарағанда санатқа кірді, санатқа қосылды,
кеңеске кірді дегендердің семантикалық структурасында 1) «ер жетті»,
2) «шаршы топта», 3) «ой айтарлық» азамат болды деген семалар
бар. Мұндай «ой айтарлық» деген сема санат-ты сана «ой» сөзімен
жақындастырады. Енді мынадай контекске назар аударайық: Осы күні
жеңгеміз Анар сұлу ағамызды жалғыз меңгеріп алды да, өзгеміз санда
бар, санақта жоқ, далада жалғыз қалдық (Ғ.Мүсірепов. «Жат қолында»).
Сырт қарағанда, жазушы көне элементті жаңамен ауыстырған тәрізді.
Шындығында, олай емес, бұл жерде жазушы, біздің ойымызша, екі
түрлі фразеологимзді – санда бар, санақта жоқ және есепте жоқ –
контаминациялаған. Көркем шығарма тілінде кездесетін кейбір
жаңғыртулар жазушы тілінде бір қолданар ғана мәнде болады,
өйткені фразеологизмдердің құрамын жаңарту тек сол контексте ғана
орынды көрінеді. Екі жақтан сайланып шыққан жігіттер сайыстың
серпінімен көздің жауһарын алады (Т.Әлімқұлов. «Ат – ердің қанаты»).
Фразеологиялық сөз орамдарының жаңғырту, жоғарыда
айтылғандай, белгілі бір уәжге (мотивке) негізделеді. Нормадан
ауытқудың мұндай түрі көбіне стильдік мақсатқа тәуелді болады.
Алайда сөз мәдениетін төмендететін жөнсіз ауытқулар қазіргі кезде
басқалардан гөрі ең алдымен тілдің фразеология саласында жиі әрі
көп кездеседі. Жөнсіз ауытқулардың типтерін анықтап, нақты
себептерін ашып көрсетудің сөз мәдениеті үшін күресте айрықша
мәні бар.
Фразеологизмдердің кұрамындағы фразеолексемаларды жөнсіз
жаңғыртулардың тіл колданысында жиі кездесетін бір типі – тірек
сыңарларының талғампаздық қасиетін елеп-ескермеу. Мысалы: Серік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет