Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева


Key words: booklet-essay, «Zhazmysh», poet, writer, creative personality, fate of writer



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата03.03.2017
өлшемі18,4 Mb.
#6205
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Key words: booklet-essay, «Zhazmysh», poet, writer, creative personality, fate of writer. 
 
Г. Толыбаева 
«Жазмышу» нужен новый взгляд 
 
В  статье  говорится  о  художественной  особенности,  писательском  мастерстве,  преемственности  с 
произведениями  такого  жанра,  о  способе  выражения  реальности  жизни,  методе  автора,  употребленном  в 
высказывании  своего  мнения  в  первом  прозаическом  произведении  памятнике-эссе  видного  представителя 
казахской литературы, народного писателя Казахстана, переводчика, поэта Кадыра Мырза Али «Жазмыш». И 
о  том,  что  в  этом  произведении  ставятся  и  рассматриваются  нравственные,  философские,  политические, 
эстетические вопросы; образ и тип человека выясняются не только с точки зрения значимости своего народа, 
но и с точки зрения мировой культуры, человеческого существа; и о том, что личное мнение писателя влияет 
на объяснение и откровенность характера современного человека; и о том, что писатель свои произведения 
заключает такими понятиями, как честь, слава и что автор ставит вопросы, которые считаются вечными.  
Значимость  и  оригинальность  поднятых  вопросов  в  памятке-эссе  «Жазмыш»  даны  подходящим 
литературным методом, это характеризует мастерство писателя. 
 Ключевые слова: памятка-эссе, «Жазмыш», поэт, писатель, творческая личность, судьба писателя.
 
___________________________
 
Қазақ  әдебиеті  тарихында  үлкен  дау  туды-
рып,  көптеген  қаламгерлердің  өзара  қарым-
қатынастарына  белгілі  бір  дәрежеде  өзгеріс 
енгізген  Қадыр  Мырза  Әлидің  «Жазмыш»  кі-
табы  болатын. «Екі  мыңыншы  жылдардың  бас 
кезінде  жарық  көрген  Қадыр  Мырзалиевтің 
«Жазмыш» (А.,2001), «Иірім» (А., 2004) кітап-
тары  окырмандар  арасында  әртүрлі  пікірлер  
 
туғызды.  Алдымен  «Жас  алаш»  газетінде  жа-
риялана  бастаған  естеліктердегі  қазақтың  көр-
некті  қалам  кайраткерлері,  өнер  иелері  жайлы 
боямасыз,  ащылау  жазылған  жағдайларды  тү-
сінгендер  де,  қабылдамағандар  да  болды.  Осы 
газетте  жарияланған Әлия  Бейсенованың  мақа-
ласында «Иірім» «елдің өсегіне сүйеніп жазыл-
ған», «ойға сыймайды» деп сыналды. Ал М.Ма-
Г. Толыбаева 

207 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
ғауин  «Өтірік  қостым  ішіне…»,  яғни,  Қадыр 
Мырза Әли кейіптеген Ілияс Есенберлин» («Жұл-
дыз», 2004, №6)  деген  атпен  көлемді  мақала 
жазды. 
Мұхтардың  мақаласы  хат  түрінде  жазылып, 
«Құрметті Қадыр!» деп басталған. Автор «Жаз-
мышты» «мұнда ешқандай жазмыш жоқ, арғы-
бергі, әрқилы халық ортасынан шыққан жазар-
мандар  туралы  деректі-дерексіз,  өтірік-шынды, 
дүмбілез-күмәнді, өсек-аяңды, кайткенде де өзі 
де  қалам  ұстаған  азаматтың  тергіштеп  жинақ-
тауы  колайсыз,  әнтек,  шетін  жағдайлар  жиын-
тығы  ғана…  Жалғыз-ақ  қорытынды – бұрын-
соңғы ақын, жазушы атаулы түгел азған, тозған 
жұрт екен-ау деген түңіліс емес, жиреніш қана» 
–  деп  бағалаған» [1].  Алайда  зиялы  қауымның 
мұндай  әдеттері  жиі  орын  алып  жүргендіктен, 
«Жазмышты»  тек  осы  тұрғыдан  бағалап,  осы 
деңгейде  көру – қателік.  Бұл  жерде  автордың 
еңбегі, қаншама ізденісі, жаңалығы жатыр?   
 «Жазмыш»  қаламгерлер  туралы  ізденіс  пен 
зерттеуден,  талдаудан  тұратын  естелік-эссе. 
Негізінен  шетелдік  қаламгерлер  туралы  есте-
ліктерден  құралған.  Әрине,  егер  белгілі  бір 
туынды жайлы дау-дамай, айтыс, сыни пікірлер 
туындайтын  болса,  сол  туындының    оқырман-
ның  қызығушылығын  тудырып,  қолданысқа 
жарағаны  деп  бағалағаны  жөн.  Ал  жазушы 
үшін  бастысы  сол!  Сол  себепті  әдебиетте  сон-
шалықты қарсылықтар мен сындарға ұшыраға-
нына  қарамастан  біз  Қадыр  Мырза  Әлидің 
атал-мыш 
естелік-эсселерін 
зерттеу 
нысанымызға айналдырғанды жөн санадық.  
Алдымен, «Жазмышта»  жазғандарына  үңіл-
дік. Қадыр ақынның өз сөзінен алсақ «Қысқасы 
«Жазмыш» - ақындар  және  ақындық  қасірет 
туралы  дара  көзқарас.  Бұл  мәселеге  мүмкінді-
гінше  тереңдеп  бару,  түсініп  бағу»  Оның  ай-
туынша  «Дүниенің  ең  басты  жұмбағы - адам. 
Адамдар  дүниенің  бәрін  түсіндіргенмен,  өзде-
рін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ. Әу 
баста  қандай  жұмбақ  болсақ,  қазірде  сол  жұм-
бақ  қалпындамыз.  Ал  өнер  адамдары,  дарын 
иелері,  әсіресе  ақындар - болмысынан  бөлек, 
табиғатынан  тылсым,  қайталанбас  құбылыс. 
Олар  кейде  белгілі  бір  шығармаларының  бел-
гілі бір сәттерінде ақырын-ақырын ашылғандай 
болады.  Бірақ  ондай  сәулелі  сәттер  көп  адам-
ның  санасына  сыя  қоймайды.  Ақынның  аты-
жөні  өзгермейді  демесек,  өзі  үнемі  өзгеру  үс-
тінде,  құбылу  үстінде,  керек  десеңіз,  өзін-өзі 
жоққа шығару үстінде, жаңғыру үстінде ғұмыр 
кешеді. Оның өзі өмір сүруге ұқсамайды. Оның 
өмірі - бейнеттену,  азап  шегу,  тіпті  у  ішу. 
Ақын-жазушыға  байланысты  портрет  деген 
сөзді  жиі  пайдаланамыз.  Сол  сөздің  өзі,  ұғым-
ның  өзі  ақын  аталатын  айрықша  құбылыстың 
сексен  сегіз  қыры  түгіл,  бір  қырының  бір 
белгісін  берсе  беретін  шығар.  Бере  алмауы  да 
мүмкін. Менің бұл пікіріме біреу келісер, біреу 
келіспес. Қайткенде де оны айтпасқа болмайды. 
Қырық  кісі - бір  жақ,  қыңыр  кісі - бір  жақ  де-
мекші, алпыс адам - бір жақ, ақын өзі бір жақ». 
Сонымен, «Жазмышта» жазғандарын өз әліміз-
ше  біз  де  зерттеп,  зерделеп  бақтық.  Тілге  тиек 
еткен  тағдыр  иелерінің  жазмышын,  тағдырын 
жазушы оқырманға қалай жеткізді, оқырманын 
қызықтыру  үшін  қандай  әдіс-тәсілдер  пайда-
ланды,  жазушы  мақсаты  не,  оған  қалай  жетті, 
бұл  естелік-эссе  қалай  жазылды  деген  сансыз 
сұрақтардың  жауабын  іздеп  таппаққа  ұмтыл-
дық.  
«Естеріңде  болсын,  ештеңе  де,  ешнәрсе  де 
кездейсоқ  болмайды.  Тағдырыңа  билік  жүргі-
зетін жаңағы өзің айтып отырған – жазмыш», - 
дейді автор. Бір ойында «Мен Алаштың батыс-
тағы  орталығы  Жымпитыда  дүниеге  келіппін. 
Аса  тұщымды  балалық  шақ  болған  жоқ,  мен 
алты жарым жасқа келгенде соғыс басталды да, 
он  жарымға  келгенімде  соғыс  аяқталды.  Осы 
төрт жыл біздің балалығымызды жұтып қойды. 
Соғыс  біткенде  біз  ересек  азаматтар  секілді  ой 
толғайтынбыз.  Жазмыш  хақында  бір  ғана  мы-
сал  келтіре  кетейін.  Әйгілі  Сүлеймен  Сталь-
скийдің ақындық тағдырына кім қызықпайды?! 
Атақ  та,  марапат  та,  алапат  танымалдылық  та 
соның  төңірегін  шиырлады.  Ал  оның  сәбилік, 
балалық тағдыры... «...Себепсізден себепсіз біз-
дерді  қуып  шығып,  әкем  өзі  басқа  әйелге 
үйленгенде  мен  құрсақта  жатыр  екенмін.  Мен 
бір  жақын  ағайынның  қорасында  дүниеге  ке-
ліппін.  Әкеме  ашуланған  нағашыларым  өшін 
менен  алғандай,  мені  бір  ескі  кілемшеге  орап, 
әкемнің  босағасына  апарып  тастапты.  Менің 
өмірім  міне,  осылай  қиянаттан,  өмірге  деген 
өксіктен  басталды...  Мен  қорада  туып  қана 
қойғаным  жоқ,  қорада-өгіз  жанында  өстім...». 
Қызығатын  тағдыр  ма  осы?!  Мұндай  жазмыш-
ты ешкімнің маңдайына жазбасын! Тірі әке, тірі 
шешенің  көз  алдында  мал  қорада  ер  жету – не 
деген  сұмдық!  Алайда  бұл – жазмыш».  Осы-
лайша  қаламгерлер  жазмышын  жазуды  қолға 
алып,  олардың  жазмышының  жұмбағын  ашуға 
тырысқан. 
Өзінің  бір  сұхбатында  естелік-эсселерді 
жазу идеясы қалай туғандығы туралы былай де-
ген екен: ««Жазмышты» да, «Иірімді» де жаза-
мын деп ойлаған жоқпын. «Жазмышты» жазған 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
«Жазмышқа» жаңа көзқарас керек 

208 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
себебім, мен кітапты көп оқитын адаммын. Кі-
тапты  оқып  отырып,  өзіме  ұнаған  кейбір  тұс-
тарды сызып отырам. Сол сөздер есіме түскен-
де,  әлгі  кітапты  аша  салам  да,  сызған  жерле-
рімді  қайта  қараймын.  Сөйтіп,  сызған  жерле-
рімді қайта оқып отырсам… сұмдық материал-
дар!  Әуелі  әлгі  сызған  дүниелерімнің  бәрін 
блакнотқа  жазып,  картотека  жасадым.  Карто-
тека  бойынша,  он  екі-он  үш  тақырыпшаларға 
бөліп  шықтым.  Қарасам,  дайын  кітап.  Отыз-
қырық жыл оқыған кітаптарымнан үш айда бір 
кітап жазып шықтым».  
Жазмыштың  анықтамаларын  саралап,  са-
лыстырсақ,  «Жазмыштың» орысша баламасы - 
«рок».  Орыс  ағайындар  бұл  сөзді  калай  түсін-
діреді  екен  деп,  Владимир  Дальдің  сөздігіне 
үңілдім.  Ол  да  негізгі  мағыналардың  бірі  ре-
тінде - «судьба, предопределение, участь неми-
нучая,  суженое» - деп  ұғындырыпты.  КСРО 
Ғылым    академиясы  Орыс  тілі  институты  шы-
ғарған  орыс  тілінің  төрт  томдык  сөздігінде 
тіптен ықшам: «Судьба (обычно злая, грозящая 
бедами,  несчастьями  и  т.  д.)», - дей  салыпты. 
«Жазмыш» - жалпы  философиялық  та  катего-
рия ғой деп, біраз ғалымдармен сөйлесіп көріп 
едім,  жартымды  ештеңе  ести  алмадым  дейді, 
сол  жазмыш  жұмбағын  шешуге  өзі  ұмтылып, 
оған мән-мағынаны толық беріп, көрсетуді көз-
дейді.  
Үш бөлімнен тұратын естелік-эссе сан түрлі 
тақырыпты қозғап, сан  түрлі болжамдар жасап 
оқырманын  жан-жақты  ойға  жетелейді.  Әу 
бастан  жеңілдікпен келмейтін  ақындықтың  бұ-
ралаң  жолы,  сол  жолдағы  қиыншылықтар  нақ-
тылы мысалдармен, фактілермен келтіріліп жа-
зылған  туынды  мол  еңбек  пен  ізденістің  нәти-
жесі  екенін  аңғартады.  Ақыны  болсын,  жазу-
шысы болсын, философы болсын Қадыр Мырза 
Әлі  олардың  шығармашылығынан  бастап,  күн-
деліктерімен, олар туралы естеліктермен түгел-
дей  таныса  отырып,  қорытынды  жасаған.  Ең-
бек  философиялық  ой-тұжырым  мен  түйіндер 
жинағы,  автордың  өз  субъективті  көзқарасы 
басым, десе де мұндай естелік-эссенің жазылуы 
оқырман үшін қаламгерлер өмірі мен шығарма-
шылығын кеңінен тануға, білуге, ақпараттануға 
жол ашты. Өйткені, адамның бәрі автор секілді 
әр жазушының шығармашылығымен, күнделік-
терімен  жеке-жеке  таныса  бермейді,  ал  бұл 
еңбек  сол  сұранысты  қанағаттандырып  отыр, 
бір  бойына  бірнеше  тағдырдың  тарихын  сый-
дырған.  
Әулиелік иісі қазаққа жат тақырып емес. Әу, 
бастан болашақты болжап, небір болжамдарды 
айтатын балгер-бақсылар ен даланы еркін жай-
лаған.  Тіпті  олардың  ақындық  қасиеті  болған 
деседі. Ал «Жазмышта» жазылған әулие-көріп-
келдік  қалам  ұстаған  жанның  ерекше  қасиеті-
нен  саналған.  Жалпы,  өз  тағдырын,  өз  өмірін 
болжау,  өлеңнің  өмірдегі  құбылыстармен  ұш-
тасуы,  өмірі  мен  өлімін  өлеңде  өрнектеу  қа-
ламгер  атаулының  шығармашылығына  тән  бо-
лып  кетті.  Автор  аталмыш  еңбектің  алғашқы 
бөлімінде  осы  бір  тағдыр  иелерінің  көріпкел-
дік-әулиелік  қасиетіне  тоқталады: «Жалпы  өзі-
нің тағдыры туралы бал ашып, сәуегейлік жаса-
маған  ақын  аз. Бір  ғаламаты: айтқандары  көбі-
не-көп дұрыс шығып жатады. Өздері емес, өзге-
лер  жайында  айтқандай  төтесінен  қойып  қала-
ды» [2, 20]. Бұлай ету, әдетте, қаламгер атаулы-
ның  «тентек»  мінездерінің  бірінен  саналады. 
Автор  көріпкелдік  пен  әулиеліктің  небір  мы-
салдарын  келтірген,  бірін  өлеңдерінен,  бірін 
күнделіктерден,  бірін  естеліктерден  алған.  Ав-
тордың  мұны  жазудағы  себебі,  ақын  не  жазу-
шының тек қияли шығарма жазып қана қоймай, 
шындыққа  жанасымды  да  туындылар  дүниеге 
әкелгенін,  жалпы  қалам  иелерінің  өзгеден  бө-
лек  мінез  және  болмыс  иесі  екенін  нақты  да 
дәйекті  мысалдар  арқылы  көрсетіп,  дәлелудеу 
болғанға  ұқсайды.  Адам  тағдырын,  қоғам  тір-
шілігін  болжау  шығармашылық  иелерінің  ара-
сында  жалғасып  келе  жатқан  дәстүрлі  құбылыс. 
Әдетте,  оқырман  мұны  өмірі  мен  өнері,  өлеңі 
сәйкестік тапты деп айтып жатады,  алайда бұл 
ақынның  не  жазушының  саналы  түрде  жазған, 
біліп отырып жазған ерекше қасиеттілігі екенін 
ескермейді. Автор осы ойды ұғындырғысы кел-
ген  секілденеді.  Әсіресе,  ел  арасында  кеңінен 
танымал  тұлғалар  өмірінен  алынған  деректер 
қызығушылықты  оятудың  басты  құралы  бол-
ғандай.  Осындай  қызықты  естелік-эссесі  ар-
қылы Қадыр Мырза Әлі қаламгерлердің даңқы 
мен  дарынын,  таланты  мен  талабын,  бағы  мен 
сорын  сараптап,  саралаған. «Даңқ!  Даңқ!  Қай 
жағынан келуге болады саған? Алдыңнан келсе 
– тістейсің, артыңнан келсе – тебесің. Қуғанға – 
жеткізбейсің,  қашқанды – құтқармайсың.  Сен 
деп  өліп-өшкеннің  жанына  жуымайсың.  Ал 
енді  атақ-даңқта  шаруасы  жоқ,  жазу  үстелінен 
бас  көтермей,  ғұмыры  үнемі  ізденіс  үстінде 
өтетін еңбекқор сорлылардың соңынан қалмай-
сың...» [2, 27]. Осылай басталатын, ой толғамы 
даңқ  туралы,  шын  талант  туралы  көркем  де 
шебер  өрілген  ой  өрімдерімен  жалғаса  береді.  
Даңқ  туралы  кемеңгерлердің,  ойшылдардың, 
ақындардың  ой-пікірлерін  жинақтай  келе,  шы-
ғармашылық  тұлғалар  өміріндегі  даңқтың  пай-
Г. Толыбаева 

209 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
дасы  мен  зиянын  айтады.  Даңқтың түрі  де  көп 
екен: кешегі, бүгінгі, ертеңгі, жесір, т.б. ал түсі-
нікті  мағынасында  айтқанда,  даңқ  дегеніміз 
оқырманның  шығармашылық  тұлғаға  берген 
бағасы, оған деген құрметі, марапаты. Бірақ ол 
салтанатты  түрде  әспеттеліп  берілмейді,  әр 
жерде  әркімнің  өз  бағалауынша  беріледі.  Тек 
шын талант иесі ғана осындай даңққа қол жет-
кізеді.  Халықтан  даңқты  сатып  ала  алмайсыз, 
ол  оның  тегін  берілетін,  алайда  кез  келгенге 
берілмейтін  сыйы.  Кейбіреулер  осы  даңқты 
сатып  алмаққа  ұмтылады,  жер-жерде  кездесу-
лер,  әдеби  кештер  ұйымдастырып,  халықты 
өзіне  жақын  тартпақ  болады,  алайда  егер  шын 
талант  болмаса  мұнысы  бекер.  Высоцкий  ту-
ралы  келтірген  деректері  соны айғақтайды: «... 
Тек  «Мәскеу  ақшамы»  ғана  Владимир  Высоц-
кий  дүние  салғаны  туралы  төрт-ақ  жол  хабар 
береді.  Төрт-ақ  жол!  Бірақ  соның  өзі  жетіп 
жатыр.  Орталық  алаң,  оған  іргелес  жатқан  кө-
шелер  мен  орамдар  халыққа  толы» [2, 28]. Ра-
сында,  даңқ  жиып  қоятын  дүние  емес,  ішетін 
асың  да болмайды, бірақ ақын не жазушы үшін 
бұл  үлкен  рухани  демеуі,  қиындықта  қолдауы, 
сапар  шексе  серігі,  жыласа  жұбанышы.  Қалай 
болғанда  да  даңқтың  бағаласы  халықтікі.  Аға-
ның  не  көкенің  берген  даңқы  кешегі  даңқтар 
қатарына  кетеді,  халықтан  зорлықпен  алған 
бүгінгі даңқың түбі баянсыз болады, ал ертеңгі 
даңқ – ол  халқыңның  нағыз  махаббатынан 
туады.  Шығармашылық  тұлғалардың  ақындық 
және  жазушылық  қадір-қасиеті  туралы  нақты 
деректермен,  көркем  тілмен  баяндалған  эссесі-
нен  автордың  публицистикалық  стильдегі  ер-
кіндігі, мәтінді шебер байланыстырып беруінен 
ой  нақтылығы  пен  шынайылығы  байқалады. 
Осы  бір  ой  толғауын  оқи  отырып, «Осы  даңқ 
туралы жазып отырғанда автор өз даңқының да 
қазақ  даласында  шарлап  жүретінін  білді  ме 
екен...» деген ойға келесіз...  
«Ақын  да  қайыршы  секілді,  елдің  қайыр-
садақасымен  күн  көреді..  Бір  ғана  айырмашы-
лығы – көшеде  қол  жайып  тұрмайды.  Мұны 
айтып  отырған  қатардағы  көп  ақынның  бірі 
емес,  Анна  Ахматова!» [2, 44]. Иә,  аш-жала-
ңаштық, қайыршылық серік болар адамын таң-
дамайды. Жазмыш, қалай жазса, солай болады. 
Одан қашып кетпек жоқ. «Аш-жалаңаш ағайын» 
эссесінде  автор  ақынның  тоқсан  тоғыз  қасіре-
тінің  бірін  сөз  етеді.  Бұл – кедейлік,  жоқтық. 
Жалпы,  ақынның  байы  болмайтын  секілді. 
Алайда, талантына табынтып жүрген ақыны не 
жазушысы  күнделікті  бір  үзім  наны  мен  бір 
ұрттам суын әрең тауып, тіпті, соны таба алмай 
өлермен  күй  кешіп  жатырғанын  оқырманы 
білмейді. Олар үшін ақын не жазушы бақытты, 
олар  да  жазу-сызудан  басқа  қиындық  жоқ 
секілді  көрінуі  мүмкін.  Алайда,  автор  осы 
эссесі арқылы ақын-жазушының осындай күйін 
сөз  ете  отырып,  оны  оқырманына  тағы  да 
жақындата  түсетіндей.  Әдетте,  бұл  тағдыр 
иелерімен  қатар  дарын  да, жоқтық  та, даңқ  та, 
атақ  та,  ауру  да  қатар  туатындай.  Осылайша 
олардың бәрі жағаласып жүріп ақындық жолда 
серік  болады,  бірі  алға  сүйресе,  бірі  кейін  тар-
тады.  
Шығармашылық  тұлғалардың  тағдырын  сөз 
ете отырып автор қаламгерлер мен оқырмандар 
арасын жақындата түскен. Бұл көптеген шығар-
машылық  тұлғалардың  өмірінің  жұмбақ  жақ-
тары  баяндалған  қызықты  туынды.  Әдетте, 
оқырман үшін қаламгердің шығармасынан бас-
қасының  бәрі  жұмбақ.  Автор  осы  тұрғыдан 
келгенде  оқырман  үшін  қажеттілікті  қанағат-
тандырарлық өнім өндірген. Осылайша шығар-
машылық  тұлғалардың  «Ауруы», «Дерті», 
«Өлімі», «Баспанасы», «Махаббаты»  т.б.  мәсе-
лелерін  көтеру  арқылы  олардың  шығармашы-
лығымен  қатар,  жалпы  қарапайым  өмірдегі 
болмыстарын  ашуға  ұмтылған.  Шығармашы-
лық  тұлғалардың  өмірі  мен  тұрмысын  баяндай 
отырып,  автор  көптеген  қанатты  сөздер  мен 
афоризмдер  тудырып  отырған. «Тіріге  болса 
болар,  өліге  даңқтың  зияны  жоқ», «Әр  ақын-
ның – егер ол нағыз ақын болса – тоқсан тоғыз 
қасіреті  болады», «Хайуандар  ғана  емес,  адам-
дар да түлейді. Бір ғана айырмашылығы – олар 
іштей  түлейді», «Өмірге  келудің  бір-ақ  себебі 
болса,  өмірден  кетудің  ондаған  себебі  бар», 
«Бала  әруақытта  шындық  айтады», «Адамның 
басы көбіне-көп ел билеушілерінің добы болып 
келеді  ғой», «Ақынның  үнін  өшірудің  жылдар 
сынынан  өткен  ең  оңай  тәсілі – қылғындыру, 
тұншықтыру», «Ауру  дегенің  өте  қысқа  ро-
манның  өте  ұзақ  кіріспесі», «Өнер  тұрған  құ-
пия», «Әртүрлі  дарындар  түгіл,  бір  дарынның 
өзі  кейде  өзіне-өзі  ұқсамайды», «Кейде  жоқ-
тықтың өзі жаңа моданың тууына себепкер бо-
лады»  т.б.  айтылған  сөздері  орын  тауып  айты-
лып, ой нысанасы шалыс кетпегенін көрсетеді. 
Бұл - оның көркем тіл шеберлігінің  көрінісі.   
«Жазмышта»  адамгершілік,  философиялық, 
саяси-эстетикалық проблемалар көтеріліп, қарас-
тырылады. Адам тұлғасы, образы тек өз ұлтының 
ғана емес, бүкіл әлем мәдениетінің, бүкіладам-
зат  құндылықтары  тұрғысынан  ашылады.  Жазу-
шының  өз  идеясы  қаламгерлердің  мінезін  жи-
нақтап ашуға ықпал жасайды. Жазушы шығар-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
«Жазмышқа» жаңа көзқарас керек 

210 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
маларында атақ, құрмет атты ұғымдармен түйін-
деп, ол мәңгілік деген мәселелерді көтереді. 
Жалпы, Қадырдың зерттеуден таса келе жа-
тырған  осы  естелік-эсселері  өзінің  деректелігі-
мен,  көркем  тілдік  қолданыстарымен,  шебер 
композициясымен,  өзіндік  стилімен  ерекше-
ленді.  Оның  шығармашылығының  тағы  да  сан 
қырлылығын  байқатады.  Шығармашылық  тұл-
ғалардың  өзара  хаттарының  араластығын  ес-
керсек  эпистолярлық жанрдағы бір қырын кө-
реміз, ал эссеистикалық қыры өз алдына бөлек 
әңгіме.  Шығармашылық  ізденіс  кез  келгенге 
тән емес. Ол өзін үнемі толықтыруға, көп нәр-
сені  білуге,  жаңалыққа  ұмтылыстан  туады. 
Шығармашылықта жаңалық жасау әркімнің ар-
маны. «Жаңашылдық – әрқашан  асқан  шығар-
машылық  ізденістің  нәтижесі,  ол  өнер  өрісін 
кеңейте  түседі» [3].  Р.  Нұрғалиев: «Қазақ  әде-
биетінің жаңаша сараптауды қажет ететін проб-
лемалары жеткілікті. Ол – әдебиеттің әр кезең-
дері  мен  әр  алуан  құбылыстарын  жаңаша  та- 
 
нып,  жаңаша  пайымдау,  әр  жылдар  туынды-
ларын жаңаша талдау мен жаңаша бағалау» [4, 
406]. «Жазмыш» та сондай туындылардың бірі. 
«Жазмыш»  публицистиканың  стилін  қолдана 
отырып  жазылған,  философияға  негізделген, 
шығармашылық  тұлғалардың  өміріне  филосо-
фиялық  тұрғыдан  қараудан,  бағамдаудан  құ-
ралған  әдеби  туынды.  Сондықтан,  әдебиет  та-
рихы  автордың  бұл  еңбегін  зерттеп,  нақты 
ғылыми  тұжырымдар  мен  дәлелді  пікірлер 
айтуы  керек.  Мұндағы  автордың  поэтикасы, 
тілі,  әдеби  жаңалығы,  ақиқатқа  қатыстылығы 
жіті  зерделеп  қарауды  талап  етеді.  Өйткені, 
зиялы  қауым  өкілдерінің  жеке  бас  қатысымы 
тұрғысынан  бағаланып,  пікір  айтылған  еңбекті 
сол  деңгейде  нәтижелеп,  бағалауға  болмайды. 
Әсте,  бұл  өз  әдебиетіміздегі  жаңалыққа  баға 
бере  алмауымыз  болып  табылмай  ма?  Сон-
дықтан  автордың  дұрыстығын  да,  бұрыстығын 
да нақты дәлелдермен көрсетіп беру – әдебиет 
зерттеушілерінің бүгінгі тапсырмасы.  
 
Әдебиеттер 
 
1 Ысқақұлы Д. Әдеби айтыстар, дау-дамайлар. 
2 Мырза Әли Қадыр. Жазмыш. – Алматы: Атамұра, 2004. – 480 бет. 
3 Базарбаев М. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. –Алматы, 1973.-256. 
4 Нұрғалиев Р.  Сөз өнерінің  эстетикасы. Монография. - Астана, 2003. 
 
References   
 
1 Yskakuly D. Adebi aitystar, dau-damaylar.  
2 Myrza Ali Қadyr. Zhazmysh. – Almaty: Atamura, 2004. – 480 bet. 
3 Bazarbaev M. Olen- sozdіn patshasy, soz sarasy. –Almaty, 1973.-256 b. 
4 Nurgaliev R.  Soz onerіnіn  estetikasy. Monografiya. - Astana, 2003. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г. Толыбаева 

211 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 81'1-027.21 
 
Ы.Ә. Тұранов 
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ІІ курс магистранты, Қазақстан, Астана қ. 
E-mail: bereke1984@mail.ru 
 
Қазақ антропонимдерін дәуірлеу мәселелері 
 
Бұл  мақалада  қазақ  есімдерінің  дәуірлену  мәселесі  көтеріледі.  Осыған  дейін  де  бұл  мәселе  сөз  болған. 
Қазақ  есімдерінің  зерттелуінде  зор  орны  бар  ғалым  Т.  Жанұзақовтың  есімдерді  дәуірлегені  баршаға  аян. 
Алайда,  аталған  антропонимдер  туралы  дәуірлеу  классификациясына  ғылыми  зерттеулер  барысында  жаңа 
дәуірлердің  де  қосылу  қажеттілігі  айқындалды.  Тарихи  кезеңдердегі  тілдік  деректер,  антропонимдер  сол 
дәуірге тән екендігімен ерекшеленеді. Әр дәуірлерде келген есімдерімізді сол этаппен атап көрсету ғылыми 
зерттеулердің  жүйелі  жүргізілуіне  өз  пайдасын  тигізетіні  белгілі.  Әр  кезеңге  тән  есімдерімізді  нақты 
мысалдар арқылы беру – мақалаға арқау болды. 
Түйін сөздер: антропоним, ұлт болмысы, этнос, антропонимдерді дәуірлеу, дәуірлерді классификациялау 
(топтастыру), номинациялық лингвобірліктер, кірме антропонимдер, тарихи антропонимдердің жаңғыруы. 
 
Y.A. Turanov 
Problems of development of Kazakh anthroponyms 
 
The division of the Kazakh antroponimis is considered in article, taking into consideration different literature works of 
scientisis. There is also a need of reevaluation different materials clssifikations developed by explorers. Both why we need to 
consider antroponims to be the part of the language which is closely attached to the history. The article history anthroponyms 
scientific basis, linguistic fact to base seven periods considered separately. Given linguistic fact anthroponomy called periods 
consumed being selected concretized. Systematic division of historical periods chosen for the future of science anthroponyms 
very useful language study their support of the new theory suggest opening instruct on the right path. 
Keywords: antropony, nation nature, ethnos, era anthroponyms, grading period, nominative lingvoedinitsy, 
updated historical anthroponyms. 
 
Ы.А. Туранов 
Проблемы развития казахских антропонимов 
 
В  этой  статье  рассматривается  деление  казахских  антропонимов  на  эпохи,  опираясь  на  литературные 
труды  различных  ученых,  нужда  на  пересмотрение  различных  квалификации,  разработанных  исследова-
телями. Язык и история – одно целое, и поэтому следует рассматривать анропонимы как часть языка, которая 
связана с историей. Статья истории антропонимов на научной основе, языковой факт на базе семи периодов 
рассматривается отдельно.  
Ключевые слова:  антропоним,  природа  нации,  этнос,  эпохи  антропонимов,  классификация  периодов, 
номинативные лингвоединицы, обновление исторических антропонимов. 
_________________________________ 
 
Ұлт болмысының тілдегі  көрінісі  антропо-
нимдер екені белгілі. Этносты іріктеп-атап көр-
сетуші  номинативтік  бірліктер – тілдік  қаты-
сым  барысында  әр  индивидтің  өзіндік  лингво-
белгісі  болып  табылады.  "Адамзат  әлеміндегі 
әрбір  индивидті  даралаушы  лингвистикалық 
таңба - адам есімдері этнос санасында танылған 
идеялар жиынтығының сұрыпталған жүйесі"[1. 
317].  Кез-келген  ұлттың  антропонимдері  мен 
сол  туралы  ғылымы,  яғни  антропонимикасы 
өзге  ғылымдар  секілді  пайда  болу,  қалыптасу, 
даму  кезеңдерін  бастан  кешіретін  ұзақ  уақыт-
тық күрделі процес. Мұндай кезеңді қазақ есім-
дерінің  де  бастан  өткізгені  баршаға  аян. Адам-
зат  дамуының  құрамдас  бөлігі  ретінде  жер  
шары халықтары мен қатар қоғамдық құбылыс-
тарды,  тарихи  жағдаяттарды,  саяси-экономика- 
 
лық  үдерістерді  бастан  өткерген  этнос – түркі  
халықтары.  Түркі  халықтарының  өзіндік  тарихи 
жолы, дәстүрлі мәдениетімен бірге жазу өнері-
нің  (сауаттылығының)  бар  екенін  дат  ғалымы 
В.  Томсен  оқылу  құпиясын  ашқан  көне  түркі 
жазба ескерткіштері, яғни құлпытастар тілі дә-
лелдейді. Кез-келген ұлттың тілі оның тарихы-
мен біртұтастықта қаралуы қажет. Түркі халық-
тары  және  оның  арғы  аталары  болып  табыла-
тын  ғұндар  мен  сақтар  адмзат  өркениетінде 
елеулі  рөл  атқарып  із  қалдырған,  әлемнің  өзге 
де  тайпалық  құрамы  сияқты  өзіндік  мәдени 
болмысын  қалыптастыра  алған,  мәдениеттер 
араласуы барсында өзге халықтар мәдениетіне, 
этнографиясына сонымен қатар тіліне ассимля-
циялық    әсері  де  тиген.  Бұл  туралы  тарихшы 
Л.Н.Гумилев  өзінің  "Хундар"  еңбегінде "...Еу-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Қазақ антропонимдерін дәуірлеу мәселелері 

212 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
ропаның  көптеген  руларын  хундардың  рақым-
сыз  қаталдықпен  талқандауы,  батыста  олар 
жөнініде  баскесерлер  мен  қарақшылар  деген 
жаман  атақты  жайып  жібереді,  ал  сол  кездегі 
қытай авторлары оларды барша "тағылар" ішін-
дегі  ең  мәдениетті  халық  ретінде  сипаттайды" 
[2, 228]. "...Ашина  державасы  көптеген  белгісі 
жағынан  спарта  мемлекетіне  ұқсайды,  бірақ 
бұл  одан  әлденеше  үлкен  жерді  иемденді" [3, 
65].  Түркілер  және  олардың  этногенезі  тари-
хының  зерттеліп  бірізге  түсуінде  елеулі  орны 
бар  ғалым  Л.  Н.  Гумилевтің  пікірлері  жоғары-
да айтқан ойларымызды дәйектей түседі. 
Қандай  да  бір  тайпа, халық  не  бірлестік  қа-
рым-қатынасқа түсуі барысында тілдік әлемнен 
тыс  өмір  сүрмейді,  керісінше  белгілі  бір  лин-
гвистикалық  ауқымда,  жүйеде  ғұмыр  кешеді. 
Бұл туралы қазақ тіл білімінің негізін қалаушы 
А.  Байтұрсынұлы: «Тіл – адамның  адамдық 
белгісінің  зоры,  жұмсайтын  қаруының  бірі», - 
дейді [4, 141]. Сол сияқты қазақ халқы да, оның 
түпнегізі  түркілер  де,  оның  арғы  аталары  ғұн-
дар мен сақтар да белгілі тілдік әлемде комму-
никациялық  лингвобірліктерді  қолданды. «Қай 
дәуірде  болмасын  мемлекеттердің  өз  ішіндегі 
қарым-қатынас  антропонимдердің  құрылымда-
рының жүйеленуіне себепші болса, сыртқы ел-
дермен байланыс кірме сөздер арқылы лексика-
лық  құрамының  жаңа  есімдерімен  толығуына 
себепші болады»[5, 6]. Лингвистикалық бірлік-
тердің құрамында антропонимдердің алар орны 
ерекше.  Халық  дүниетанымында  тілдік  бірлік-
тер  арқылы  көрініс  табатын  кісі  есімдерінің, 
сол  жайлы  ғылымның  пайда  болу,  қалыптасу, 
даму  жолдарын  топтастыру,  кезеңдерге  бөлу – 
аса маңызды. Қазақтың антропонимика туралы 
ғылымын  сөз  етпес  бұрын,  оның    есімдерінің 
шығу  төркінін,  жүріп  өткен  жолын  дәуірлеп 
алған  әбден  орынды.  Қазақ  есімдерін  дәуір-
лерге  бөлген,  осы  ғылымның  негізін  салушы  
Т. Жанұзақов [6, 27]  болатын.  Ғалым антропо-
нимдерімізді  мынадай  төрт  дәуірге  бөлуді  жөн 
деп санайды: 
 
І  дәуір - көне  түркі  заманы, V-VІІІ  ғасыр-
лар аралығы. 
 
ІІ дәуір - орта ғасырлар, Х- ХVІІ ғасырлар. 
 
ІІІ дәуір - ХVІІ-ХІХ ғасырлар. 
 
ІV дәуір - Октябрь революцисынан кейінгі 
Совет заманы. 
Ғалым  Ұ.  А.  Мұсабекова  антропонимдердің 
тарихи дамуын бес дәуірге бөліп көрсетеді. 

І  дәуір  көне  түркі  заманын,  яғни  Ү-ҮІІІ 
ғасырларды қамтиды. 

ІІ  дәуір  орта  ғасыр  дәуірін,  яғни  Х-ХҮІІ 
ғасырларды қамтиды. 

Есімдердің ІІІ дәуірі ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. 

ІҮ дәуірінде Кеңес өкіметі заманы. 

Ү  дәуір  ХХ  ғасырдың 90-жылдарынан 
бергі тәуелсіздік алған кезеңі. 
Ұ.А.Мұсабекованың дәуірлеуі Т. Жанұзақов 
классификациясына бесінші дәуірді қосыуымен 
ерекшеленеді.  Бесінші  дәуір - қазақ  халқының 
90-жылдары  алған  тәуелсіздігінен  басталаты-
нын айтады. Бір қарағанда логикалық тұрғыдан 
дұрыс та сияқты. Алайда, біз, тарихи ірі оқиға-
лардың  тарихымызда,  мәдениетімізде,  тіліміз-
де,  салт-дәстүрімізде,  дінімізде  өз  ізін  қалдыр-
мады деп айта алмаймыз. Тіл ұлттың тұрмысы-
мен біте қайнасқан күйінде дамып жетіледі. Тіл-
дің тарихын сол халықтың тарихынан тыс қарау, 
әрине, тіл білімі ғылымы үшін жат. Қазақ тілі – 
түркі тілдерінің бір бұтағы. Көрнекті түркітану-
шы  Н.А.  Баскаков  түркі  тілдерінің  тарихын 
былайша дәуірлеуді ұсынады, және бұл ұсыныс 
көпшілік ғалымдар тарапынан  кең қолдауға ие. 
1.  Алтай  дәуірі - а)  Орал-алтай  тілдерінің 
ортақ  дәуірі,  ә)  Орал  және  алтай  бір-бірінен 
бөліну кезеңі; 
2.  Ғұн дәуірі б.з.б. ІІІ - б.з.Ү ғасыры; 
3.  Көне түркі дәуірі  Ү- ҮІ ғасырлар; 
4.  Орта  түркі  ІХ-ХҮ  ғ.  негізгі  түркі  тайпа-
ларының қалыптасу дәуірі; 
5.  Жаңа  түркі  ХҮ-ХІХ  ғ.түркі  халықтары-
ның қалыптасуы мен даму дәуірі; 
6.  Ең жаңа дәуір немесе түркі тілдерінің Қа-
зан төңкерісіне дейінгі және кейінгі даму дәуірі 
[7, 592].   
Бұл – түркі  тілдерінің  тарихи  жолын  дәуір-
леу  болса,  түркі  антропонимдері  тілден,  халық 
тарихынан бөлек өмір сүрмек емес, қайта қоян-
қолтық  тығыз  байланыста  ғұмыр  кешеді.  Қыр-
ғыз  есімдерін  зерттеген  А.Идрисовтың ("Кыр-
гыз  тилиндеги  ысымдар"  канд.  дисс.  Фрунзе, 
1971)  еңбегінде  антропонимдердің  қалыптасу 
кезеңдері  қоғамның  тарихи-экономикалық  даму 
кезеңдеріне сәйкес анықталды:        
1.  Алтай дәуіріне дейінгі ежелгі кезең. Оған 
жануарлармен,  құстармен,  географиялық  атау-
лармен байланысты антропонимдер жатады.  
2.  Хун дәуірінде  қалыптасқан антропоним-
дер (б.э.д. ІІ, ІІІ-VІ б.ғ.) Оған мал жануар, құс, 
өсімдік, жәндік, аспан денелері т.б. байланысты 
аттар жатады.  
3.  Көне  түркілік  кезең (V-Хғ.)  Алдындағы 
кезеңдердегі  антропонимдермен  қоса,  мысал 
ретінде  ескі  түркі  ескерткіштеріндегі  антропо-
Ы.Ә. Тұранов 

213 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
нимдер – Чур,  Барс,  Шумкар,  Арслан  т.б.  кел-
тіреді.  
4.  Ортағасырлық кезеңдегі (Х-XVғғ.) аттар-
ға араб есімдері қосылады. 
5.  Жаңатүркі  кезеңде  (ХV-ХХғғ.)  бұрынғы 
есімдерге  ескі  еврей  (библиялық)  араб,  парсы 
аттары қосылады.  
 
6.  Октябрьден  кейінгі  кезең  аттарының  қа-
тарында  революционерлер,  әдеби  кейіпкерлер, 
мемлекеттік  ресми  тұлғалар  атауларымен  сип-
атталған.  Ғалым  А.  Идирисовтың  топтастыруы 
дұрыс сияқты, дегенмен әлі де нақтылық жетіс-
пейтіндей.  Бұл  классификация  жоғарыда  кел-
тірген  Н.  А.  Баскаковтың  түркі  тілдерін  кезең-
дерге  бөлуін  антропонимдердің  қалыбына  кө-
шіріп салғандай.  
Әрбір  тарихи-лингвистикалық  дәуір  өлшем-
дерін  ескере  отырып,  антропонимдерімізді  бы-
лайша топтастыруды жөн көрдік. Олар:   
І  дәуір – Көне  түркі  дәуіріне  дейінгі  кезең. 
Бұл дәуір – түркі тілінің пайда болуынан толық 
қалыптасу кезеңдерін бастан кешірген өте ерте 
дәуір.  Аталмыш  дәуір  түркі  этносын  құрап 
қалыптастырушы  сақ,  ғұн  тайпаларының  өмір 
сүрген  уақыты.  Бұл  тайпалардың  әлемдік  та-
рихта алған  орнын Л. Н. Гумилевтің жоғарыда 
келтірген  пікірлерімен  және  оның  ғылыми 
еңбектерінен  көре  аламыз.  Аталған  дәуірді 
түркітанушы  Н.А.  Баскаков  түркі  тілдерінің 
тарихын  дәуірлегенде  Алтай  дәуірі - а)  Орал-
алтай  дәуірі,  ә)  Орал  және  алтай  бір-бірінен 
бөліну  кезеңі;  Ғұн  дәуірі  деп  екі  кезеңге  бөліп 
көрсетеді.  Бұл  дәуір  Т.  Жанұзақовтың  есімдерді 
дәуірлеуіне  және  ғалым  Ұ.  Мұсабекованың 
классификациясынан  да  орын  алмағанын  бай-
қаймыз.  Қырғыз  есімдерін  дәуірлеген  А.  Иди-
рисовтың  топтастыруында  Н.  А.  Баскаковтың 
ізі  сайрап  жатыр.  Бұлай  жіктеу - шартты  да, 
себебі,  түркітанушы  ғалымдар  келіскен  ортақ 
жіктелім  осы  болатын.  Біз  бұл  кезеңді  Көне 
түркі  дәуіріне  дейінгі  кезең  деп  атауды  жөн 
көрдік. Бұл дәуірге тән есімдер мыналар: Мөде, 
Еділ  (Атилла),  Томирис,(ежелгі  дәуір  әдебиеті 
жырларында)  Ергеникон,  Шу  батыр,  Алып  Ер 
Тұңға секілді осы кезеңге тән есімдер кездеседі.   
ІІ дәуір – Көне түркі дәуірі. V - VІІІ ғасыр-
лар аралығын қамтиды. Көне түркі дәуірі біздің 
және  туысқан  халықтарымыздың  ұлт  ретінде 
қалыптасуына,  ұлттық  тіл  ретінде  орнығып 
толысуына  бірден-бір  негіз  болды.  Сондай-ақ, 
антропонимдеріміздің  де  алғашқы  тілдік  бас-
таулары осы кезеңде көрініс береді. Бұл – көне 
түркі дәуіріне дейінгі уақыттағы есімдерді жоқ-
қа  шығару  деген  сөз  емес.  Қайта  өзіне  дейінгі 
антропономономинациялардың  семантикалық 
толысуын  қамтып,  түркілік  тілдік  болмыстың 
ішкі  табиғаты  мен  сыртқы  тұлғасын  қалып-
тастырды.  Бұл  кезеңдегі  антропонимдерді  әр 
зерттеуші  әртүрлі  таңбалайды.  Біз  аталмыш 
уақытқа  тән  кісі  аттарын  қазақ  тілінің  таби-
ғатына  сай  етіп  беруді  жөн  көрдік.  Олар,  Бу-
мын, Йолығтегін, Елтеріс, Білге, Тоныкөк, Күл-
тегін, т.б.   
ІІІ  дәуір – Исламдық  өркениет  кезеңі.  Бұл  
ІХ-ХІ  ғасыр  аралығын қамтиды.  Исламдық  өр-
кениет кезеңі мен Орда дәуірі және Қазақ хал-
қының  ұлттық  қалыптасу,  толысу  дәуірінің 
жартысы  Т.  Жанұзақ  пен  Ұ.  Мұсабекова  жік-
телімінде  Орта  ғасырлар  (Х-ХVІІғ.)  деп  беріл-
се, ғалым А. Идирисовта Ортағасырлық кезең-
дегі  (Х-ХVғ.),  Жаңатүркі  кезеңінде  (ХV-ХХғ.) 
деген  Н.А.  Баскаковтың  топтастырылымын 
қайталау орын алады. Аталған уақыт аралығын 
жіктеулер  әлемдік  тарихты,  ғылымды,  филосо-
фияны  дәуірлеуде  дұрыс  болғанмен  ұлттық 
лингвистикада, соның ішінде антропонимикада 
жалпылыққа  бой  алдыру  болып  табылады. 
Аталған  дәуірді  біз  Исламдық  өркениет  кезеңі 
деген  терминмен  атадық.  Себебі,  бұл  кезең - 
Араб  халифатының  белгілі  миссияны  көздеп 
шапқыншылық  жасаған  заманы.  Бұл  дәуір – 
орта азия халықтарына ислам дінін жайып қана 
қоймай, сонымен бірге арабизмдердің келуімен 
де  тікелей  байланысты.  Араб  сөздері  мен  қоса 
парсы сөздері де тіліміздің сөздік қорын байыт-
ты. Аталған қос тілдің антропонимдері де тілі-
міздің  табиғатына  ыңғайланып  сөздік  қордың 
бір  бөлшегіне  айналды.  Мысалы,  Мухаммедха-
нафия,  Ибраһим,  Махмут,  Ахмет,  Жүсіп,  Му-
хаммед,  Мұстафа,  Әмина,  Мәдина,  Фатима, 
Әли, Рахматолла, Мырзахмет, Мырзатай, Шам-
шат,  Шернияз,  Шерәлі,  Шерхан,  Әдина,  Әсия, 
Гауһар, Дүрия, Дана, Жансая, Зиба, Меруерт, т.б.   
ІV дәуір – Орда дәуірі. ХІІ-ХІҮ ғасырларды 
қамтиды.  Шыңғысхан  империясының  орталық 
азиядан  Үндістанға  қарай  шабуылдап,  өз  би-
лігін кеңейту дәуірі. Тарихта бұл кезең "моңғол 
шапқыншылығы"  дәуірі  деген  атқа  ие.  Осы 
заманда  да  моңғолдық  кірме  сөздердің,  соның 
ішінде  антропонимдердің  тілімізге  көптеп  кел-
гендігін  байқай  аламыз.  Мысалы,  Баян,  Ноян, 
Шыңғыс, Барлас, Дөненбай, Ойрат, Сайын, Са-
тай,  Сарман,  Томан.  Шона,  Құралбек,  Садан, 
Сайдар, т. б.   
V  дәуір – Қазақ  халқының  ұлттық  қалып-
тасу, толысу дәуірі. ХV – ХІХ ғасырларды қам-
тиды.  Қазақ  әдебиетін  дәуірлерге  бөлген  Б. 
Кенжебаев,  Х.  Сүйішәлиев,  М.  Жолдасбеков, 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Қазақ антропонимдерін дәуірлеу мәселелері 

214 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
М.  Мағауин  бес  дәуірге  бөледі, 1. Көне  дәуір 
(V - ХІV); 2. Хандық дәуір (ХV-ХVІІІ); 3. ХІХ 
ға-сырдағы әдебиет; 4. ХХғасырдың басындағы 
әдебиет (1900-1920) бұқарашыл әдебиет; 5. Со-
циалистік  дәуір  әдебиеті.  Әдеби  тіл  тарихын 
дәуірлеген лингвист-ғалым Р. Сыздық екі үлкен 
дәуірге  бөледі. "І.  Қазақ  халқының  ұлттық  ке-
зеңге дейінгі әдеби тілі. ІІ. Қазақ халқының ұлт 
болып  қалыптасқаннан  кейінгі  әдеби  тілі.  Ал-
ғашқы дәуірді екі кезеңге бөледі: 1-кезең ХV - 
ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысы.  Екінші 
дәуірді ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастайды. 
Бұл - қазақтың ұлттық жаңа жазба әдеби тілінің 
қалыптасу  тұсы  болды" [8, 21-22]. Біз  сөз  етіп 
отырған  дәуірге (V дәуірге)  Қазақ  халқының 
ұлттық  қалыптасу,  толысу  дәуірі  деген  атау 
бердік. Тұтас ұлттық тілдің антропонимдер бір 
бөлшегі ғана. Соған қарамай бұл уақыттағы кісі 
есімдерінің тарихын әдебиеттің тарихын, әдеби 
тілдің  тарихын  дәуірлегендей  өз  ішінде  екі 
дәуірге бөлуді жөн көрдік. 
а) ХV-ХVІІІ ғ. аралығын қамтып, қазақ хал-
қының  ұлт  ретінде  әлемдік  кеңістікте  қалып-
тасуы, рухани шығармалардың толассыз халық 
өмірінде  дүниеге  келуімен  ерекшеленетін 
дәуір. Сөз болып отырған кезеңде қазақ ханды-
ғының  өз  алдына  енші  алып,  дербес  хандық 
құрған  заманы  болатын.  Жеке  халық,  жеке 
хандық  болған  соң  айналадағы  елдерден  (хан-
дық-патшалықтардан)  қорғану  барысында  ба-
тырлардың шығуы, олардың ерліктері, би-қазы-
лардың қара қылды қақ жарып төрелік жасауы 
халыққа  әсер  етпей  қоймады.  Осыған  еліткен 
халық  өз  перзенттеріне  батырлардың,  хандар-
дың,  билердің,  төрелердің  есімдерін  беруді 
үрдіске  айналдырды.  Көрші  Жоңғар,  Қоқан 
хандықтарының шабуылдауы халықтың арман-
тілекті  жырларының  дүниеге  келуіне  өзек  бо-
лып  жатты.  Жыр  кейіпкерлері  халықты  мұра-
тына  жеткізер  алып  батырлар  еді.  Осы  кезеңге 
тән кісі аттары ұлттық тілдің табиғатын бойына 
сіңірген  антропонимдер  болатын.  Осындай  есім-
дер:  Алпамыс,  Қобыланды,  Абылай,  Жомарт, 
Богенбай,  Төле,  Қазыбек,  Жәңгір,  Қасым,  Гүл-
баршын,  Жібек,  Шолпан,  Әйгерім,  Қарлығаш, 
Тоғжан, Тәуекел, Жәнібек, Ақтамберді, Қазту-
ған, Майқы би, т.б.   
ә) ХІХ - ХХғасырдың басы, Қазан төңкерісі, 
1917 жылға дейінгі кезді қамтиды. Бұл дәуір – 
қазақ  тілінің  ұлттық  тіл  ретінде  қалыптасуын 
бастан  кешіріп,  ХІХ  ғасырда  әдеби  тіл  дәре-
жесіне  көтерілуімен  ерекшеленді.  Осы  уақыт 
аралығында  қазақ  әдебиеті  де  ұлттық  әдеби 
мұраларды  туғызуымен,  қазақ  руханиятының 
толысып  жетілуіне  зор  әсер  етті.  Әдеби  тілдің 
ұлттық  сипаты – қазақ  халқының  толық  ұлт 
болғандығын көрсетті. Аталған уақыт көлемін-
де дүниеге келген кісі есімдері бір түбірден де, 
екі не одан да көп морфемадан да немесе туын-
ды  түбірлер  мен  аффикстерден  де  жасалған-
дығын  байқауға  болады.  Мысалы,  Абылай, 
Райымбек,  Қарасай,  Жомарт,  Богенбай,  Төле, 
Қазыбек, Жәңгір, Ақан, Ыбырай, Абай, Шоқан, 
Тоғжан,  Махамбет  т.б.  Орыс  империясының 
қазақ  даласына  үстемдігі  жүрумен  қатар,  интел-
лектуалдық  кеңстікте  ұлттық  тұлғалар  Шоқан, 
Ыбырай,  Абайлардың  бой  көрсетуі  қазақ  ру-
ханиятына  сілкініс  жасады.  Интелектуалдық 
сілкініс,  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлттық  серпі-
ліске алып келді. Осы кезді ұлттық ояну, (теңеу 
түрінде) бас көтеру, ұлт тәуелсіздігін талап ету 
дәуірі  десек  қателеспеспіз.  Бұл  кезеңді  ұлттық 
сауаттану  мәселесімен  қатар  бодандық  кезең, 
ұлтты отарлау қатар жүріп жатты. Осы кезеңге 
тән  есімдер,  Сьезд,  Болыс,  Болысбек,  Роза, 
Мәрия, Мәриям т.б. болатын. 
VI дәуір – Кеңес дәуірі кезеңі. ХХ ғасырдың 
басы, Қазан төңкерісі мен 1917 – 1991 жылдар 
аралығын қамтиды. Сөз болмақшы уақыт, яғни 
Кеңес  Одағы  өмір  сүрген  дәуір  тарих  үшін 
қанша  аз  болса  да,  ұлттық  тілдің  тұралап  қа-
луына  өз  септігін  тигізбей  қоймады.  Империя 
тұсында  идеология  алғашқы  орында  тұрып, 
қоғамдық,  гумандық  салаларды  уысында  ұс-
тады. Науқаншыл-нәубетшіл кезеңнің тілімізге, 
тілтану  ғылымына  оң  әсері  мен  қатар,  өзіндік 
салқынын да тигізбей өтпеді. Қазақ тілінің халі 
мүшкіл  күйге  түссе,  қазақ  лингвистикасы  қа-
лыптасып  даму  кезеңдерін  басынан  кешірді.  
«Кеңес  өкіметінің  орнауымен  қоғамдық-саяси 
өмір де, әлеуметтік өмір де жаңалықтарға толы 
болды.  Қазақ  есімдер  жүйесінде  орыс  тілінің 
әсері  көрініс  бере  бастайды»[9,24].  Мысалы, 
Колхозбай, Совхозбек, Мәскеубек, Октябр, Спар-
так,  Кеңесбай,  Роза,  Лаура,  Раушан,Эльмира, 
Зина,  Марина,  т.б.  «Осы  дәуірде  баспасөздің 
дамуымен қазақ бүркеншік есімдері  пайда бо-
лып,  қолданысқа  түсе  бастайды.  Қазақтың  ал-
ғашқы  зиялылары – қоғам  қайраткерлері  мен 
ақын-жазушылары,  ғалымдары  мен  журналис-
тері  қоғамда  орын  алған  тап  тартысы,  жер 
дауы,  жесір  дауы,  оқу-ағарту  т.б.  мәселелерге 
дер  кезінде  үн  қосып,  баспасөз  бетінде  жария-
лап  отырады.  Түрлі  себептер  авторлардың  өз 
аты-жөнін жасырып, бүркеншік есіммен жазуға 
мәжбүр  етеді».  Оның  ішінде  саяси  қуғын-сүр-
гінге  түсуден  бас  сауғалауды  да  мақсұт  тұтты 
(бүркеншік  есіммен  жазу  сол  кезде  ғана  қол-
Ы.Ә. Тұранов 

215 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
данысқа  түсіп,  сәнге  айналғандықтан  еліктеу-
шіліктен туған жағдайлары да болды). Мысалы, 
«Қазақпаев» /Ғ.Қарашев/, «Төңкерісұлы» 
/С.Мұқанов/, «Қырұғлы» /Ә.Бөкейханов/, «А.Ж.»., 
«Ж.»., «Ж.А.» /Ж.Аймауытов/,«Быж», «Быжы» 
Бейімбет  Жармағанбетұлы  Майлин, «Іс.» /Сә-
бит  Дөнентаев/, «Мыж-Мыж» /Мағжан  Жұ-
мабаев/, «Өт» /Өтебай Тұрманжанов/, т.б.                                                                                                          
VIІ дәуір – Тәуелсіздік – Жаңа дәуір. Қазақ 
ұлтының 1991 жылы  тәуелсіздік  алып,  дербес 
мемлекет  болып  орнығуынан  қазірге  дейінгі 
уақытты  қамтиды.  Мемлекетіміз  өз  алдына 
бостандық  алған  соң,  бұғаулықта  тұрған  сана, 
қысымда  тұрған  қоғам,  тізгіндеулі  бұқаралық 
ақпарат  құралдары  мен  баспасөз  сырттан 
келетін ақпарат ағынында қалып қойды. Дүние 
жүзінің  техника  ғылымында,  басқа  салаларда 
да, алға кеткен ел өнімдері жерімізге еркін еніп 
жатты.  Түрлі  өнімдер  мен  бірге  ақпараттар  да, 
түрлі  сериал-кинофилмдер,  халықтар  арасын- 
дағы  мәдени,  сауда  байланыстары  арқылы  кір-
ме  сөздер,  соның  ішінде  антропонимдер    де  
 
кіріп  келді.  Халық  өз  тарихын  еске  алып,  өт-
кенін  жаңғыртуға  кірісті,  салт-дәстүрін  қолға 
алды.  Тарихтағы  адам  аттары  қайтадан  сәби-
лерге  беріле  бастады.  Әлемнің  ұлы  тұлғалары 
мен түрлі салалардағы саңлақтарының да есім-
дері  антропонимдік  қорымызды  байытып  жа-
тыр. Мысалы, кірме есімдер: Әнел, Жанел, Диана, 
Элонора,  Карина,  Дамир;  тарихи  жаңғырған 
атаулар:  Абылай,  Атилла,  Төлеби,  Қабанбай; 
әлемдік  тұлға  есімдері:  Жанна,  Данил;  саяси-
мәдени  науқанға  байланысты  қойылған  есім-
дер: Астана, Саммитбек, Азиада т.б.                                      
Есімдеріміздің  халық тарихымен  тікелей  бай-
ланыста  өмір  сүретінін  ескерсек,  әрбір  тарихи 
оқиғалар тілімізге, оның ішінде кісі аттарына өз 
әсерін  тигізбей  қоймады.  Әрбір  тарихи  үде-
рістер жаңа сөздер,  жаңа есімдермен сөздік қо-
рымызды  байытып  отырды.  Әр  кезеңдегі  тілі-
мізге  салған  тарих  ізін  аңғару,  оның  бүгінгі 
тұлғалану-таңбалану мәселесін анықтаумен қа-
тар,  лексика-семантикалық  мағынасын  дәл 
ашуға зор септігін тигізбек. 
 
Қазақ антропонимдерінің дәуірлері және сол кезеңдерге тән есімдер (1-кесте) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
І дәуір – 
Көне түркі 
дәуіріне 
дейінгі кезең 
Мөде, Еділ 
(Атилла), 
Томирис, 
Шу батыр, 
Алып Ер 
Тұңға, т.б. 
ІІ дәуір – 
Көне түркі 
дәуірі 
Бумын, 
Йолығте-
гін, Елте-
ріс, Білге, 
Тоныкөк, 
Күлтегін, 
т.б. 
ІІІ дәуір – 
Исламдық 
өркениет 
кезеңі 
Ибраһим, Әли, 
Махмут, Ахмет, 
Жүсіп, Мухаммед, 
Мұстафа, Әмина, 
Фатима ,Мәдина, 
Рахматолла,Мырзахм
ет,Мырзатай, 
Шамшат,Шерни яз,
 
Шерәлі,
 
Шерхан, 
Әдина, Әсия, Гауһар, 
Дүрия, Дана, Жансая, 
ІV дәуір – 
Орда дәуірі 
Баян, Ноян, 
Шыңғыс, 
Шона Барлас,  
Дөненбай 
Ойрат, Сайын, 
Сатай,Сарман 
,Томан, 
Құралбек, 
Садан,   
Сайдар,т. б.          
V дәуір – 
Қазақ халқы-
ның ұлттық 
қалыптасу, 
толысу дәуірі 
Алпамыс, 
Қобыланды, 
Абылай, 
Жомарт,
 
Богенбай, 
Төле, 
Қазыбек, 
Жәңгір, Қасым,,
 
Жібек, 
Шолпан, 
Әйгерім,
 
VI 
дәуір – 
Кеңес 
дәуірі 
кезеңі 
Колхозбай,Зина 
Совхозбек,Сьезд,
Мәскеубек. Роза,  
Октябр,Мәрия, 
Спартак,Мәрия
м, 
Кеңесбай,Рауша
н,Эльмира, 
Марина, т.б.
 
VIІ дәуір 
Тәуелсізді
к – Жаңа 
дәуір 
Әнел, Жанел, 
Диана, 
Элонора, 
Карина, 
Дамир, 
Астана, 
Саммитбек, 
Азиада, т.б
    
(1-кесте)* 
*  Қазақ  антропонимдерінің 
дәуірленуін  әр  дәуірдің  мер-
зімдік  уақыты  және  оларды 
мысалдар арқылы топтап көр-
сету үшін берілді. 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Қазақ антропонимдерін дәуірлеу мәселелері 

216 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
Әдебиеттер 
 
1  Ескеева М. Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негіздері. -  Алматы: Арыс, 2007, 317-б. 
2 Гумилев Л. Н. Хундар. Алматы: Қазақстан,1998. - 238, 274-б. 
3 Гумилев Л. Н. Көне түріктер. Алматы: Ана тілі, 1994. - 65-б. 
4 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1999. – 141 б.  
5 Әбдуәлиұлы Б. Қазақ антропонимжасамының теориялық және практикалық негіздері: филол. ғыл. докт. дис. автореф. 
– Астана., 2010ж. - 6- б.  
6 Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. - Алматы: Ғылым, 1971. - 14,15-б. 
7 Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы, 2006. - 592-б. 
8 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1993. -  21,22-б 
9 Әшімханова Ф. М. Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі: филол. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы, 
2007. – 24-б. 
 
References 
 
1  Eskeeva M. Kөne tүrkі zhәne қazіrgі қypshaқ tіlderіnің monosillabtyқ negіzderі. -  Almaty: Arys, 2007, 317-b. 
2 Gumilev L. N. Hundar. Almaty: Қazaқstan,1998. - 238, 274-b. 
3 Gumilev L. N. Kөne tүrіkter. Almaty: Ana tіlі, 1994. - 65-b. 
4 Baytұrsynұly A. Tіl taғylymy. –Almaty: Ana tіlі, 1999. – 141 b.  
5 Әbduәliұly B. Қazaқ antroponimzhasamynyң teoriyalyқ zhәne praktikalyқ negіzderі: filol. ғyl. dokt. dis. avtoref. – Astana., 
2010zh. - 6-b.  
6 Zhanұzaқov T. Қazaқ esіmderіnің tarihy. - Almaty: Ғylym, 1971.- 14,15-b. 
7 Қazaқstan ұlttyқ entsiklopediyasy. - Almaty, 2006. - 592-b. 
8 Syzdyқova R. Қazaқ әdebi tіlіnің tarihy. - Almaty: Ana tіlі, 1993. -  21,22-b 
9 Әshіmhanova F. M. Қazaқ tіlіndegі antroponimderdің lingvomәdeni zhүyesі: filol. ғyl. kand. dis. avtoref. – Almaty., 2007.  
– 24-b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ы.Ә. Тұранов 

217 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 81'373; 001.4                                                                                                                                                                    
 
А.С. Хасанова 
магистрант II курса Центрально-Азиатского университета,
 
Казахстан,  г. Алматы 
E-mail: 
aisha_lady89@mail.ru
 
 
Особенности перевода реалий 
 
В  статье  рассматриваются  различные  способы,  вопросы,  связанные  с  национальными  реалиями  как 
элементами  языковой  картины  мира  и  особенностями  их  перевода.  Представляет  особенный  интерес 
исследование  различных  способов  перевода  слов-реалий  с  точки  зрения  их  роли  в  художественном  тексте. 
Выводы основаны на результатах проведенного лингвистического эксперимента. 
Ключевые слова: реалия, языковая картина мира, слова-реалии, анализ, термин, функции. 
 
A.S. Khasanova 
The peculiarities of realia translation 
 
This article presents a definition of linguistic terms of "realiа", denotes the functionality of this unique category 
of words as a necessary component of national identity for the transmission of text in different languages. In the 
article, just the different ways, the issues related to national realities as elements of the language picture of the world 
and to their translation. The particular interest to study the different ways, to translate the words-realia from the point 
of view of their role in a literary text. Study of realia is so great that the study did not complete it would fit in the 
scope of this article. Realia characteristic sublanguage literature and the media, is inextricably linked to the culture of 
a particular people, are commonly used for the language of the people and foreign to other languages. 
The features of the realities of translation, it should be noted that scholars have noted the great importance of the 
linguistic unit. Conclusions are based on the results of the conducted linguistic experiment. 
Keywords: Realia,  
linguistic world-image
, words-realia, analysis, term, functions. 
 
А.С. Хасанова 
Реалий аудармасының ерекшеліктері 
 
      Мақалада  лингвистикалық  «реалия»  терминіне  анықтама  берілген,  мәтіннің  өзіндік  ұлттық  ерекшелігін 
түрлі тілдерде беруге қажетті құрамдас бөлімдер ретінде сөздердің осы бір өзіндік ерекшелікке ие санатының 
функционалдылығы  белгіленген.  Мақалада,  сондай-ақ  ғаламның  тілдік  бейнесі  және  оларды  аудару  ерек-
шеліктерімен байланысты түрлі тәсілдер де қарастырылады. Көркем мәтіндегі рөлдері тұрғысынан алғанда, 
реалия  сөздерді  аударудың  алуан  түрлі  тәсілдерін  зерттеу  ерекше  қызығушылық  тудырады.  Реалияларды 
зерделеудің ауқымдылығы соншалық, осы мақала аясында оны толық зерттеу мүмкін болмас еді. Реалиялар 
көркем әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарының тармақ тіліне тән болып келіп, белгілі бір халықтың 
мәдениетімен тығыз ұштасып жатады, осы халықтың тілінде жалпыға ортақ қолданылып, басқа тілдер үшін 
жат болып саналады.                                                                                                                        
Реалияларды  аудару  ерекшеліктеріне  талдау  жасай  отырып,  ғалымдар  осы  тілдік  бірлікті  орасан  зор 
маңызға  деп  атап  өткендігін  айта  кеткен  жөн.  Қорытындылар  жүргізілген  лингвистикалық  эксперимент 
нәтижелеріне негізделген.                                                             
Түйін сөздер: реалия, ғаламның тілдік бейнесі, реалия-сөздер, талдау, термин, функциялар. 
_________________________________________
 
 
Реалия - предмет,  вещь, материально  сущест-
вующая или существовавшая. Согласно словар-
ным определениям, реалии - это «предметы мате-
риальной культуры». Слово «реалия» - (realis-e; 
мн. realia - «вещественный», «действительный»), 
превратившееся под  влиянием  аналогичных  лек-
сических категорий в существительное [1, 253]. 
Проблема  взаимоотношеий  языка  и  человека, 
охватившая современное языкознание, касается и 
развития науки о переводе, которая не замыкается 
в рамках собственной языковой структуры и тре-
бует изучения экстра-лингвистических факторов, 
влияния  человеческого  мышления  на  язык,  что  
 
дает  возможность  порождению  таких  отраслей 
языкознания, как антропологическая лингвистика, 
когнитивная  лингвистика,  психолингвистика,  со-
циолингвистика  и  ряд  других.  Мы  видим  ак-
туальность  данной  темы  в  том,  что  в  настоящее 
время вопрос о природе, типах реалий и способах 
их  перевода  является  открытым.  Вместе  с  тем, 
роль  слов-реалий  в  процессе  межкультурной 
коммуникации  достаточно  важна.  Представляет 
особенный  интерес  исследование  различных 
способов перевода слов-реалий с точки зрения их 
роли  в  художественном  тексте,  в  чем  и  заклю-
чается новизна данного исследования. 
Особенности перевода реалий 

218 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
Предметом  исследования  являются  лекси-
ческие  единицы,  содержащие  фоновую  инфор-
мацию,  которые  встречаются  в  художествен-
ных произведениях. Следует отметить, что твор-
чество данных писателей играет важную роль в 
изучении английского языка как иностранного. 
На занятиях по домашнему чтению могут быть 
привлечены повести и романы представляющие 
собой богатый источник слов-реалий.  
Целями данного исследования является выяв-
ление типов реалий и анализ способов их пере-
дачи  при  переводе  на  основе  художественных 
произведений “The Grass Harp”, “Breakfast at 
Tiffany’s”, “In Cold Blood” “Dombey and son”.  
Вопросы соотношения культуры в самом широ-
ком  понимании  этого  слова  и  информации,  за-
ложенной,  хранимой    и  сообщаемой  в  словах 
как  элементах  языка,  издавна  привлекала  не 
только лингвистов, но и представителей других 
наук. Все большие и малые особенности жизни 
данного  народа  и  его  страны  (такие,  как  при-
родные  условия,  географическое  положение, 
ход исторического развития, характер социаль-
ного устройства, тенденция общественной мысли, 
науки,  искусства)  непременно  находят  отраже-
ние  в  языке  этого  народа.  Поэтому  можно  ут-
верждать, что язык являет собой некое отраже-
ние  культуры  какой-либо  нации,  он  несет  в 
себе  национально-культурный  код  того  или 
иного  народа.  В  нем  встречаются  слова,  в  зна-
чении  которых  может  быть  выделена  особая 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет