Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет34/39
Дата03.03.2017
өлшемі18,4 Mb.
#6205
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Әдебиеттер 
 
1 Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы, 1977 ж. 712 бет. 
 
References 
 
1 Kenesbaev І.K. Kazak tіlіnіn frazeologiyalyk sozdіgі. Almaty: Kazak SSR-nyn «Gylym» baspasy, 1977 zh. 712 bet. 
 
 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Интеллект мәнді фразеологизмдер 

202 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
 
 
 
ӘОЖ  82.08:159.9                          
 
Г. Сабаева 
әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  ІІ  курс  магистранты, Қазақстан, Алматы қ. 
E-mail: 
lapochka_29_11_90@mail.ru
 
 
Қазақ әдебиетіндегі  «психологизм ұғымы»  туралы  түсінік 
 
Бұл  мақалада  қазіргі    таңда  қазақ  әдебиетінде  әлі  толық  зерттелмеген  психологизм    ұғымының  қыр-
сырын ашамыз. Шығарманың негізгі тірегі – адам баласы болғандықтан, шығарма кейіпкерлерінің жанында 
болып  жатқан  сыры  мен  құбылыстары  анықталады.  Көркем  шығарма  кейіпкерлердің  құпия  терең 
сырларымен то-лықса, оқырманға әсер беретінін түсіндіріп кетеміз. 
Түйін сөздер: психологизм ұғымы, психологиялық аспектілер, кейіпкерлер жан дүниесі, көркем шығар-
ма, жантану, іс-әрекет ұғымы, проза. 
 
G. Sabaeva 
The concept of psychology in the Kazakh literature 
 
This article reviews the literature in psychology. Psychology - is the most important aspect in the literature. 
Psychology - the basic quality, based on the basis of art. All art forms - theater, painting, poetry - are based on the soil 
and cultivate psychology. Psychology - a source of moral strength and energy of space art. In fact, the expression of 
mental state of a person passed through works of art. History and experience art show that psychologism the brightest 
and purest form is embodied in prose. We view the article in the psychology of fiction. The boundary of psychology 
in prose associated with the wealth of the human soul. Psihologichksky world character is formed on the background 
of man's relations to the time, the world and nature. 
Key   words: art, psychology, poetry, character 
 
Г. Сабаева 
Понятие   психологизма  в  казахской  литературе 
 
В  этой  статье  рассматриваются   психологизм  в художественной  литературе. Психологизм – это  важ-
нейший  аспект  в  литературе.  Психологизм – основное  качество,  опирающееся   на  основу  художест-
венного  искусства. Все  виды  искусства – театр, живопись, поэзия – зиждутся  и  взращиваются  на  почве  
психологизма. Психологизм – источник нравственного  пространства  и  энергетических  сил  искусства.  В  
сущности,  психическое  выражение  состояния  человека,  переданного  посредством  произведения  искус-
ства. История  и  опыт  искусства  показывают,  что  психологизм в самом  ярком  и  чистом   виде  вопло-
щается  в прозе. Мы  рассматриваем  в  статье  психологизм  в  прозе.  Граница  психологизма  в  прозе   свя-
зана  с  богатством  души  человека. Психологический  мир  персонажа  формируется  на  фоне  отношений 
человека  ко  времени,  миру  и  природе. 
Ключевые  слова:  психологизм,  проза, искусства,  художественная  литература,  персонаж. 
____________________________
 
Психологизм – адам  өміріндегі  болып  жат-
қан іс-әрекет, демек психологизм ұғымын адам 
өмірімен тікелей байланысты десек қателеспей-
міз.  Әрине  басты  тұлға – адам  болғандықтан, 
оның  күнделікті  іс-әрекеті,  мінез-құлқы  адам 
өмірінің  ажырамас  бір  бөлігі  болып  табылады. 
Адам  өмірі  дегеніміз  не?  Бұл  жиынтық,  нақ-
тырақ  айтсақ,  бір-бірін  алмастырып  отыратын 
іс-әрекеттер  жүйесі.  Іс-әрекетте  объектінің 
субъективті  формасына,  образға  өтуі  жүзеге 
асырылып,  сонымен  қатар  іс-әрекетте  объек-
тивті  нәтижелеріне,  өнімдеріне  айналуы  орын 
алады.  Осы  жағынан  алғанда  іс-әрекет  про- 
цесс ретінде көрініп, онда субъект-объект өріс-
тері  арасында  өзара  ауысу  жүзеге  асыры- 
лады. 
 
Әрбір  әдеби  туындыда,  фольклорлық  жыр 
үлгілерінде, Орхон Енисей ескерткіштерінде де 
психологизм ұғымы табылған. Біз психологизм 
ұғымын  әдебиеттен  бөліп  қарай  алмаймыз, 
себебі  психологизм  әдебиет  пен  психология 
ғылымын  жалғастырып  тұрған  дәнекер  ұғым 
десек те болады. Бұл әлемде барлық ғылымдар 
бір-бірімен  тығыз  байланыста,  ал  психология 
ғылымы  әдебиетпен  жақынырақ  байланыста. 
Себебі  көркем  шығарманың  негізгі  объектісі-
адам  болып  табылады.  Адамның  қайғырғаны, 
күлгені,  күйіп-піскені,  жүріс-тұрысы,  мінез-
құлқы  бәрі  де  көркем  шығармада  ап-айқын 
беріледі. Бұл қасиеттер мен сезімдер берілмесе, 
сол көркем шығарманы оқып отырған оқырман 
кейіпкерді  тани  алмайды,  оны  сезіне  алмайды, 
Г. Сабаева 

203 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
себебі  оқырман  көркем  шығарманы  оқып  жа-
тып,  кейіпкер  қуанса – қуанады,  қайғырса – 
қайғырады. 
«Психологизм,  сөз  жоқ,  реализмге  апарар 
сүрлеу  екені  мәлім.  Рас,  ол  әртүрлі  көркемдік 
әдістер  шеңберінде  көркемдік-эстетикалық  қыз-
мет атқарады. Әйтсе де, нағыз реалист әдебиет-
те  ғана  психологиялық  талдау  нақты  мазмұн 
тауып, жүйелі стильдік міндет атқарады. Бұған 
дүние  жүзілік  әдеби  процесстің  даму  заңды-
лықтары  мен  тарихы  куә» [1,6]. Психологизм 
мен  реализм  арасында  өткел  жоқ,  бір-бірімен 
байланысын үзе алмайтын ұғымдар. Адам жан-
дүниесінің негізінде адам бет-пердесі ашылады, 
демек, адамды жақыннан тани аламыз. Реализм 
– шындықтың негізгі бастауы. 
Психологизм – әдебиеттану  термині.  Қазақ 
әдебиетінде енді ғана дамып, қанат жайып келе 
жатқан сала. Қазақ  әдебиеттануында осы сала-
мен  айналысқан  ғалымдарды  атап  өтетін  бол-
сақ: Б.Майтанов, Г.Пірәлиева, Г.Ержанова т.б. 
Жазушылар  өз  шығармаларындағы  кейіп-
керлерінің мінез-құлқын  жан-жақты ашуға ты-
рысады.  Жазушы  тілінің  шеберлігі  арқасында 
біз  кейіпкерлерді  сан  түрлі  қырынан  тани  ала-
мыз  десек  те  болады.  Мысалы: «Сорлы  Ақбі-
лек!  Сен  жыламай  кім  жыласын!  Тас  емшегін 
жібіткен,  тар  құрсағын  кеңіткен,  аруанадай 
анаңнан  айырылдың.  Келешектегі  бақытты 
өміріңнің  кілтіндей  көріп,  сары  майдай  сақта-
ған  алтын  қазынаңнан  айырылдың!  Ар-ұятың 
төгілді,  адамшылығың  жойылды.  Жас  нәуетек 
жүрегің – соқпай  жатып  өрт  болды.  Жаңа 
піскен  жауқазын – піспей  жатып  жоқ  болды. 
Шамшырақтай  жас  жаның-жанбай  жатып  шоқ 
болды.  Есіл  ерке  балалық – аяққа  құйған  ас-
тайын  шолтаң  етті – тоқталды.  Жыла  жасың 
бұла!  Жасыңмен  қайғы  жуылсын!  Жасыңнан 
теңіз  жиылсын!»  Бұл  шығарма  Ж.Аймауытов-
тың  белгілі  «Ақбілегі».  Бұл  сөздер  автордың 
шығарма  кейіпкеріне  арналған  сөзі,  автордың 
толғанысы.  Авторы  белгілі – Жүсіпбек  Ай-
мауытов.  Бұл  романды  кейбір  зерттеушілер 
тұңғыш психологиялық роман деп те атап жүр. 
Әрине бұл пікірге қосылуға болады. Автор шы-
ғарма  кейіпкерлерінің  іс-әрекет  барысында 
көрінетін  көңіл-күй  құбылыстарын  өте  көркем 
түрде  суреттеген.  Біз  Ж.Аймауытовтың  психо-
логия  ғылымына  байланысты  жазған,  яғни 
психология  ғылымы  жайында  ең  алғаш  еңбек 
жазған  ғалым  екенін  білеміз,  ол  әрине  қазақ 
ғалымдары  арасында.  Автордың  осы  шығар-
мада  кейіпкерлер  жан-дүниесін,  мінез-құлқын 
керемет суреттегенін байқай аламыз. 
Қазақ  әдебиеттануында  психологизм  ұғы-
мына алғаш назар аударғандардың бірі - Ахмет 
Байтұрсынұлы  болды. «Қара  сөзден  адам  тек 
ұғым  алады  дедік,  ұғымның  өзі  керекті  оры-
нына қарай екі түрлі болады: 1) Ес ұғымы, яғни 
еске  керек  ұғым. 2) Іс  ұғымы,  яғни  іске  керек 
ұғым.  Ес  ұғымының  арқасында  дүниедегі  нәр-
селердің  бәрін,  задын,  сырын,  сипатын,  мүде-
тін, мұратын танимыз. Іс ұғымы арқасында та-
биғат  ісін,  күшін  нәрселерін  қалай  пайдала- 
натын  жолын  білеміз.  Сондықтан  қара  сөзді 
әңгімелер  екі  жақты  болып  келеді  бір  жағы  
ес  ұғымымен  болады,  екінші  жағы  іс    ұғымы-
мен    болады» [2, 56]. Біз  ес  ұғымы  арқылы 
шығарма  кейіпкерлерін  танимыз,  яғни  задын, 
сырын,  сипатын,  мүддетін.  Мысалы  Ш.Мұрта-
заның  Ай  мен  Айша  шығармасында – кейіп-
керлер  мінезі,  мақсаты  айқын  берілген.  Әр 
кейіпкерлер  міне-зін  іс-қимылдары  арқылы 
танимыз.  
Әрине,  көркем  шығарманы  оқып  отырғаны-
мызда ондағы кейіпкерлердің жан дүниесі ғана 
емес, оқырманға табиғат құбылыстары, шығар-
мадағы  ауа-райы  құбылыстары  да  әсер  етеді. 
«Осы оймен келе жатқанымда, ап-ашық аспан-
ды  бұлт  торлапты.  Тәңіртау  көрінбей  қалды. 
Әуелі Шақпақ жақтан желдетіп барып, артынан 
себелеп жаңбыр жауды. Шаң тұтқан жусан мен 
дермен  шөптің  кермектеу  иісі  бұрқ  ете  қалды. 
Бізді  аяп  адамдар  төкпеген  жасты  аспан  төкті. 
Аспан  бәрін  сезеді.  Аспан  бәрін  көреді.  Ас-
панның мейірімі түскен адам қор болмайды» [3, 
166].  Бұл  шығарма  жолын  оқып  отырып,  адам 
жан  дүниесін  табиғатпен  беруі  суреттелгенін 
байқаймыз. Шығармада панасыз қалған, қарау-
сыз  қалған  Айшаның  ауылынан  көшіп  бара 
жатқандағы осы сәтін автор – бір түннің ішінде 
ауылын  тастап,  туған  жерінен  алыстап  кетіп 
бара  жатқан  шығарма  кейіпкерлерінің  жан-дү-
ниесіндегі  құбылыстарды  табиғат  құбылыста-
рымен  көркем  жеткізген  десек  қателеспейміз. 
Бұл  құбылысты  психологиялық  параллелизм 
деп  атасақ  қателеспейміз.  Б.Майтанов  та  дәл 
осы  құбылысты  психологиялық  параллелизм 
деп атап көрсеткен болатын. Б.Майтанов көңіл-
күй  қозғалыстарын  табиғат  құшағынан  алына-
тын  теңеулер  екенін  айтып  кеткен  еді.  Осыдан 
барып психологиялық параллелизм туады. Мы-
сал  келтіре  кетсек: «Түнгі  ашық  аспан» – 
уайым  сұйылта  алмаған  сұлулықты  білдірсе, 
«құлпырып  шешек  атқан  жазғы  гүл» – ашық 
күнгі  аспанда  толқыған  көк  мұнарамен  ассо-
циативті  контраст  түзеді» [4, 16]. Осы  пейзаж-
дық  көріністер  қуаныш  пен  қайғының,  үміттің 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Қазақ әдебиетіндегі  «психологизм ұғымы»  туралы  түсінік 

204 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
символына  айналған  десек  те  қателкспеген  бо-
лар едік. 
Шығармада  кейіпкердің  ішкі  жан  дүниесі – 
күрделі  иірімдерден  тұрады.  Сол  иірімдерді-
автор  әсерілеп  жеткізбесе,  шығарма  оқырман 
қауымға  мүлде  әсер  етпейді.  Оқырман  ешқан-
дай әсер алмайды, қайғырмайды да қуанбайды. 
Онда  шығарманың  көркі  қаншалықты  әсем, 
көрікті тілмен жазылған, болса да адам әсер ала 
алмаса – онда оқырман шығарманы қарапайым 
ғана  тілде  түсінеді.  Мысалы  ретінде  әлемдік 
классика қатарына жататын, атышулы Оноре де 
Бальзактың  «Шегірен  былғары»  романында: 
«Бейтаныс  жігіттің  көздері  жұмылып,  еріндері 
кезеріп  кетті,  бірақ  сол  сәтте-ақ,  ол  қабағын 
қайта  ашты,  қайтадан  маржандай  қызара  бөрі-
тіп, еріндеріне қан жүгірді. Ол өмірде мен біл-
мейтін  құпия  сыр  жоқ  деп  есептейтін  ағыл-
шынша,  паң  пішінде  сәл  кідірді  де,  көзден 
ғайып болды, түңіліске душар болған ойыншы-
лардың  қызық  көре  келгендерге  жиі  арнайтын 
жан  күйзелтерлік  көз  қарасымен  жұрттан  жұ-
баныш  тілегісі  келмеді  оның.  Мінеки,  бір 
секундтың  ішінде  қаншама  оқиға  түйдектелді! 
Ойын сүйектерінің жалғыз соққысының өзінде-
ақ,  қаншалық  көп  мән  бар  десеңізші!»  Бұл 
әлемдік классикалық шығарманың бар құпиясы 
адамның  көңіл-күйін  дәл  беруде.  Бұл  шығар-
мадағы  жас  жігіттің  талғажау  ететін  бар  ақша-
сын  ойынға  ұттырып  жіберген  сәттегі  күйі 
көркем  бейнеленген.  Автор  осы  оқиғаны  жай 
ғана  қарапайым  тілмен: «Бір  жас  жігіт  бар 
ақшасын  ойынға  ұттырып,  ойынханадан  шығып 
кетті»  десе,  оқырман  одан  ешқандай  әсер  ал-
майды.  Осы  жігіттің  ақшаға  мұқтаж  екендігін 
байқай  алмаймыз.  Сол  бір  секундтың  ішіндегі 
оқиғаны  автор  әдемілеп  жеткізген  десек,  қате-
леспеген  болар  едік.  Әрине  Б.Майтановтың 
«психологизм  сөз  жоқ  реализмге  апарады»  
дегенін  ескерсек,  сөз  жоқ  психологизм  мен 
реализм  қоса  жүреді  деген  тұжырымға  келген 
болар  едік.  Оған  дәлел  шығарма  кейіпкерле-
рінің  шығармадағы  мінез-құлқы-өмірдегідей 
дәл  берілуі,  кейіпкер  шығармада  да  жылайды, 
күледі,  қайғырады,  қуанады,  күйіп-піседі, 
өмірде де дәл солай. Тек шығармада  автор сол 
кейіпкердің  сол  сәттегі  психологиялық  күйін 
көркем  тілде  суреттеп,  оқырманға  әсер  ететін-
дей  дәл  берілсе,  бұл  шығарманың  жоғарғы 
деңгейдегі  жетістігі  екенін  анық  және  айқын 
айта аламыз. 
Көптеген    ғалымдарымыз  ғылыми  сында 
психологиялық  талдаудың  аналитикалық,  син-
тетикалық,  динамикалық  психологизм  атты 
ұғымдары  бар  екендігін    дәлелдермен   көрсете 
білді.  М.Храпченко  Н.Гоголь  шығармаларын 
зерттеп,  типологиялық  психологизм  ұғымын 
енгізгенін  зерттеушілеріміз  айтып  жүр. 
Синтетикалық тәсіл – қазақ  әдебиетінде ер-
теден  қалыптасқан.  Бүгінгі  таңдағы  синтетика-
лық  тәсіл  жазушы  идеясының  жүзеге  асуына 
қызмет  етіп,  жазушылық  мақсат-мүддеге  ба-
ғындырылады.  Бұған  дәлел  портретті,  қимыл-
әрекеттіалсақ,  екеуі  де  ауыз  әдебиетіндегі  ба-
тырлар  жырынан  бастап,  бүкіл  әдебиеттегі 
кейіпкер,  түр-тұлға,  ой-санасын,  мінез-құлқын 
танытуға  алып  келеді.  Бұл  аталған  синтетика-
лық  элементке  қарама-қайшы,  бірақ  онымен 
өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды 
суреттеу,ішкі  толғаныстарды  көрсету,жан  диа-
лектикасын  бейнелеу  аналитикалық  психоло-
гизм деп аталады. 
Көптеген  психологизм    зерттеушілері  әде-
биеттегі психологизм – динамикалық, аналити-
калық,  синкреттік  болып  бірнеше  түрге  бөлі-
нетінін  дәлелдеп  келді. Бұлардың бәрі көркем 
шығармаға  тән  бейнелеу  құралдары.  Дүние 
жүзінің  әдебиетінің  ішінде  қазіргі  қазақ  әде-
биеті  де  адамның  жан  дүниесіне  терең  үңіліп, 
оның ішкі қалтарыстарын, психологиясын көр-
сету жетпісінші, сексенінші жылдардағы проза-
дағы  ерекшеліктердің  бірі.  Дүние  жүзі  әдебие-
тінде  көркемдік  шеберліктің  бұл  саласындағы 
табыстар  Лев  Толстой  есімімен  байланысты. 
Ресей әдебиетінде соңғы жылдары психология-
лық  талдау  басты  бағытқа  айналды.  Мұндай 
шығармаларда оқиға шиеленісуінен гөрі психо-
логиялық  қақтығыстар  бірінші  тұрады.  Психо-
логиялық  тартыс  арқылы  кейіпкердің  ішкі  те-
біренісі  беріліп,  жан  сыры  ашылады,  адам  мі-
незі дамиды

Көркем  шығармада  бір  емес,  бірнеше  адам-
ның  өмірі  көрсетілетіні  нақты  құбылыс  болып 
табылады. Сол адамдар өмірінде болып жатқан 
іс-әрекеттер  адам  жан-дүниесінің  құбылысын 
ашады  деп  айтсам  қателеспеймін.  А.Н.Леонь-
тевтің  мына  тұжырымдамасына  назар  ауда-
райық: «Сонда  адам  өмірі  дегеніміз  не?  Бұл 
жиынтық, нақтырақ айтқанда, бірін-бірі алмас-
тырып,  отыратын  іс-әрекеттер  жүйесі.  Іс-әре-
кетте объектінің субъективті формасына, образ-
ға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әре-
кетте,  сондай-ақ  оның  объективті  нәтижелері-
не,  өнімдеріне  айналуы  орын  алады» [5, 145]. 
Бұл  психологтың  айтпағы – адам  өмірінде, 
оның  істеген  іс-әрекеттері  негізгі  орын  алады. 
Бұл пікірге қосыла отырып, көркем шығармада 
бұл  құбылыс  ерекше  орын  алатынын  айта 
Г. Сабаева 

205 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
кетіп,  көркем  шығарма  кейіпкерлерінің  мінез-
құлқы  іс-әрекеттері  арқылы  көрінетіні  бәрі-
мізге белгілі. Мысалы: «Босаға жақта ас қамы-
мен үнсіз қозғалып жүрген ашаң тұлғалы Сыр-
ға бәйбіше бұрқылдап қайнаған самауырдың оң 
бүйірін ала, сызыла кеп тізе бүкті. Жаңа түскен 
келіндей бір тізерлей отырып шайсандықтан су 
жаңа  орыс  фарфорын  шығарып,  қытай  жібегі-
мен сүртіп, жұмыртқадай тізілтіп қойып жатыр. 
Әлден соң әдемі гүлді шыныаяқтарға құйылған 
хош  иісті  үнді  шайы  дастарханды  жағалап 
кетті. 
 
Бас  қонақтың  жіті  назары  соның  бәрін  қалт 
жібермей  байқап  отырды» [6, 25]. Бұл  жол-
дардан  біздің  аңғаратынымыз-қонақ  келгендегі 
Сырғаның  іс-әрекеті,  жай-күйі.  Бәйбіше  Сыр-
ғаның  осы  іс-әрекетінен  біз  үйіне  құтты  қонақ 
келгенін  байқай  аламыз.  Шайсандықтан  жаңа 
орыс  фарфор  шынысын  алып,  қонаққа  сол 
шыны арқылы шай ұсынады.Шығармадағы бұл 
кейіпкердің  осы  іс-әрекеті  кейіпкердің  қонақ-
жайлылығын  аңғартады.  Бұл  бәрімізге  белгілі 
C.Елубайдың «Ақбоз үй» романы. Бұл романда 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  халқының 
жағдайы  жақсы  суреттелген.  Сондай-ақ,  сол 
кездегі  қараңғы  қазақ  өмірінің  қыл  үстінде 
тұрған  тағдыры  көркем  суреттелген.Қырылып-
жойылуға аз ақ қалған қазақтар өмірінде осын- 
 
дай  келең  құбылыстар  кеңінен  орын  алып тұр-
ған.  Орыс  отарында  күн  кешкен  қазақ  халқы-
ның іс-әрекеті осындай шығармалардан көрініс 
беріп  тұрады.  Үйіне  орыс  билеушісі  Калаш-
ников  келгенде  тек  үй  иесі  Пахраддин  ғана 
қысылып  қалған  жоқ,  бәйбіше  Сырға  да  жаңа 
түскен келіндей сызылып қалғандығы бәрімізге 
айқын  құбылыс.  Міне,  бұл  көрініс  кейіпкердің 
іс-әрекеті  арқылы  қандай  күйде  болғанын 
таны-тарлық жағдай. 
Шығарма  кейіпкерлкерінің  іс-әрекеті  адам 
өміріндегі  нақты  құбылыстар.  Шығармада  әр 
кейіпкердің  іс-әрекеті  неше  алуан  түрлі  болып 
келеді.  Әр  кейіпкердің  мінезі  сол  іс-әрекет  ар-
қылы  көрініс  табады.  Психология  ғылымында 
іс-әрекет құбылысы негізгі көрініс болып табы-
лады. «Психология  әрдайым  іс-әрекетте-мы-
салы,  ойлау  іс-әрекетін,қиял  іс-әрекетін,  есте 
сақтауды,  т.б  іс-әрекеттерді  зерттеді»[7, 38]. 
Бұл  тұжырымға  келер  болсақ,  адам  іс-әрекеті 
шығармада  адамның  құпияға  толы  сырлары 
мен  жан-дүниесінде  болып  жатқан  оқиғалар 
мен құбылыстарды ашып көрсетеді. 
Қорыта  келе,  мақаламызда  психологизм 
ұғымының   көркем шығармада атқаратын қыз-
меттерімен  таныстық.  Психологизм  ұғымының 
көркем  шығармада  атқаратын  қызметтері  мол 
екенін байқадық. 
 
Әдебиеттер 
 
1 Майтанов Б. «Қазақ романы және психологиялық талдау». Оқу құралы. – Алматы: «Санат», 1996. – 336 бет. 
2  Байтұрсынов  А.  «Шығармалары:  Өлеңдер,  аудармалар,  зерттеулер» – (Құрастырған:  Шәріпов  Ә.,  Дәуітов  С.) – 
Алматы: «Жазушы», 1989. – 320 бет. 
3 Мұртаза Ш. «Ай мен Айша»: Роман. – Алматы: «Жалын», 1997. – 256 бет. 
4 Майтанов Б. «Қазақ романы және психологиялық талдау». Оқу құралы. – Алматы, «Санат», 1996. – 336 бет. 
5  «Психология».  – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2005. – Т.10 – 480 бет. 
6 Елубай С.  «Ақ боз үй»: Роман.– Алматы: «Жазушы», 2011. – 376 бет. 
 
References 
 
1 Maytanov B. «Қazaқ romany zhәne psihologiyalyқ taldau». Oқu құraly. – Almaty: «Sanat», 1996. – 336 bet. 
2 Baytұrsynov A.  «Shyғarmalary:  Өleңder, audarmalar, zertteuler» – (Құrastyrғan: Shәrіpov  Ә., Dәuіtov S.) – Almaty: 
«Zhazushy», 1989. – 320 bet. 
3 Mұrtaza Sh. «Ay men Aysha»: Roman. – Almaty: «Zhalyn», 1997. – 256 bet. 
4 Maytanov B. «Қazaқ romany zhәne psihologiyalyқ taldau». Oқu құraly. – Almaty, «Sanat», 1996. – 336 bet. 
5  «Psihologiya».  – Almaty: «Taymas» baspa үyі, 2005. – T.10 – 480 bet. 
6 Elubay S.  «Aқ boz үy»: Roman.– Almaty: «Zhazushy», 2011. – 376 bet. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Қазақ әдебиетіндегі  «психологизм ұғымы»  туралы  түсінік 

206 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
 
 
 
ӘОЖ 82:801.6; 82-4/-9 
 
Г. Толыбаева 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың II курс магистранты, Қазақстан, Алматы қ. 
E-mail: 
darok.90@mail.ru
 
 
«Жазмышқа» жаңа көзқарас керек 
 
Мақалада  қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілі,  Қазақстанның  халық  жазушысы,  аудармашы,  ақын  Қадыр 
Мырза  Әлидің  тұңғыш  прозалық  туындысы  «Жазмыш»  естелік-эссесінің  көркемдік  ерекшелігі,  жазылу 
шеберлігі,  жанрлас  туындылармен  сабақтастығы,  өмір  шындығын  беру  тәсілі,  сөз  саптауда  қолданылған 
автордың  әдісі  жөнінде  айтылады.  Бұл  шығармада  адамгершілік,  философиялық,  саяси,  эстетикалық 
проблемалар  көтеріліп,  қарастырылатындығы,  адам  тұлғасы,  образы  тек  өз  ұлтының  ғана  емес,  бүкіл  әлем 
мәдениетінің,  бүкіл  адамзат  құндылықтары  тұрғысынан  ашылатындығы,  жазушының  өз  идеясы  қазіргі 
заманғы  адамның  мінезін  жинақтап  ашуға  ықпал  жасайтындығы,  жазушы  шығармаларында  атақ,  құрмет 
атты ұғымдармен түйіндеп, ол мәңгілік деген мәселелерді көтеретіндігі жазылады. 
«Жазмыштағы»  көтерген  мәселелерінің  маңыздылығы  мен  қызықтылығы  ұтымды  әдеби  әдіспен  нақты 
берілгені - жазушы шеберлігінің көрінісі екендігі сөз болады.  
Түйін сөздер: естелік-эссе, «Жазмыш», ақын, жазушы, шығармашылық тұлға, қаламгерлер тағдыры. 
 
G. Tolybaeva 
«Zhazmysh» is needed new look 
 
In article it is spoken about art feature, about literary skill, about continuity with works of such genre, about a 
way of expression of reality of life, about a method of the author used in the statement of the opinion in the memorial 
essay of the prominent representative of the Kazakh literature, the national writer of Kazakhstan, the translator, poet 
Kadyr Myrza Ali "Zhazmysh". And about that in this work is put and considered moral, philosophical, political
esthetic affairs; the image and type of the person becomes clear not only from the point of view of the importance of 
the people, but also from the point of view of world culture, the human being; and that the personal opinion of the 
writer influences an explanation and frankness of character of the modern person; and that the writer concludes the 
works by such concepts as honor, glory and that the author raises questions which are considered as the eternal. 
And about that the importance and originality of the brought-up questions in an instruction essay "Zhazmysh" are 
given by a suitable literary method, it characterizes skill of the writer. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет