Литература
1 Роберт Эзра Парк. Человеческая миграция и маргинальный человек.
2 Кузьмина-Караваева Е.: Избранное. – Москва, 1996.
3 М. Волошин. Лики творчества // Апполон. – 1990. – С. 13; Ходасевич об Анненском. Колеблемый треножник //
Москва, 1991. – С. 457.
4 М. Эпштейн. Социология маргинальности. – ПостНаука.
5 Жан-Филипп Жаккар. Даниил Хармс и конец русского авангарда / Пер. с фр. Ф.А. Перовской. – СПб: Академический
проект, 1995 – С.471.
6 Вяч. Иванов. Собрание сочинений. – Брюссель, 1979. – Т. 3. – С. 195-198.
7 В.В. Розанов. Уединенное // Несовместимые контрасты жития. – Москва, 1990. – С. 510.
8 М.Н. Виролайнен. Речь и молчание // Сюжеты и мифы русской словесности. – СПб., 2003.
9 Исупов К.Г. Универсалии культуры // Культурология ХХ века: Энциклопедия. – СПб.: Унив. кн., 1998. – С. 280.
References
1 Robert Ezra Park.Chelovecheskaya migratsiya i marginal'nyj chelovek.
2 Kuz'mina-Karavaeva E.: Izbrannoe. – Moskva, 1996.
3 M. Voloshin. Liki tvorchestva // Appolon. – 1990. – S. 13; Hodasevich ob Annenskom. Koleblemyj trenozhnik // Moskva,
1991. – S. 457.
4 M. Epshteyn. Sotsiologiya marginal'nosti. – PostNauka.
5 Zhan-Filipp Zhakkar. Daniil Harms i konets russkogo avangarda / Per. s fr. F.A. Perovskoy. – SPb: Akademicheskiy proekt,
1995 – S.471.
6 Vyach.Ivanov.Sobranie sochineniy.– Bryussel', 1979. – T. 3. – S. 195-198.
7 V.V. Rozanov. Uedinennoe // Nesovmestimye kontrasty zhitiya. – Moskva, 1990. – S. 510.
8 M.N. Virolaynen. Rech' i molchanie // Syuzhety i mify russkoy slovesnosti. – SPb., 2003.
9 Isupov K.G. Universalii kul'tury // Kul'turologiya HH veka: Entsiklopediya. – SPb.: Univ. kn., 1998. – S. 280.
Маргинальность как характеристика литературного авангарда
182
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU.
Filology series.
№
4 (144). 2013
ӘОЖ 81'367
И.Д. Кулмуринова
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 2-курс магистранты
Қазақстан, Ақтөбе қ.
е-mail: indira.4@mail.ru
Ағылшын тілдеріндегі құқықтық фразеологизмдердің қолданылуы
Осы мақалада сотта пайдаланатын құқықтық фразеологизмдердің жіктелуі және мағыналары туралы
айтылған. Құқықтық фразеологизмдер шығу тегі жағынан үш топқа бөлінеді: латын тілі; ағылшын тілі;
әртүрлі тілден енген фразеологизмдер. Бұл құқықтық фразеологизмдерді білімді адвокат тиімді әрі дұрыс
пайлаланса, істің барысын түбегейлі өзгертуіне мүмкіндік береді. Сондықтан тәжірибелі адвокат сөз
қорытындылау кезінде фразеологизмдердің мазмұнына сай ұтымды қолданатын жерлерін біліп отыруы тиіс.
Түйін сөздер: фразеология, терминология, құқық, адвокат.
I. D. Kulmurinova
Using of the law phraseology on english language
Phraseology often used in journalism, literature and law. Its properties are used in the relationship of certain
situations, and professional sectors.
The terminology in the field of law, consisting of phraseology is corresponded with the court case. Finally,
counsel take into consideration the psychological aspect of the prosecutor and by defense counsel. Therefore, a
lawyer can fundamentally change the course of events. Educated lawyer always knows how and where to apply the
necessary terminology.
Key words: phraseology, terminology, law, lawyer.
И.Д. Кулмуринова
Использование правовых фразеологизмов на английском языке
Фразеология часто используется в публицистике, литературе и в законе, особенно во взаимоотношении,
определенных ситуациях в профессиональных отраслях.
Терминологии в отрасли закона, состоящие из фразеологизмов, согласуются с судебным делом. В
заключение адвокаты берут во внимание психологический аспект со стороны обвинителя и со стороны
защитника. В связи с этим адвокат может изменить ход событий фундаментально. Образованный юрист
всегда знает, как и где использовать необходимую терминологию.
Ключевые слова: фразеология, терминология, право, адвокат.
____________________________________
Қоғамдық-саяси фразеологиялық бірліктерді
бірнеше топқа бөлуге болады, бұл фразеоло-
гизмдердің жалпы жіктеліміне байланысты.
Профессор В.В. Виноградовтың жіктеліміне
сәйкес, фразеологиялық бірліктер фразеоло-
гиялық өсінділерге, фразеологиялық бірліктер-
ге және фразеологиялық тіркестерге бөлінеді.
Зерттеуші Н.Н. Амосованың пікірінше фра-
зеологизмдер фраземалар мен идиомаларға
бөлінеді. Ғалым Е.Ф. Арсентьеваның ұстаны-
мына сәйкес фразеологизмдер ағылшын және
орыс тіліндегі фразеологиялық баламалылыққа
сәйкес жіктеледі. Оның жіктеуіне сәйкес фра-
зеологиялық бірліктер келесі топтарға бөлінеді:
ағылшын-орыс фразеологиялық баламалары,
ағылшын-орыс фразеологиялық аналогтары,
баламасыз фразеологиялық бірліктер [1].
Ғалым А.В. Куниннің ағылшын-орыс фра-
зеологиялық сөздігі туралы зерттеуі бойынша
қоғамдық-саяси терминдер негізінде жасалған
ағылшын тілінде өте көп. [2] Бұл ең алдымен
Ұлыбританиядағы қоғамдық-саяси ғылымдар-
дың қоғамдық маңыздылығымен және өзек-
тілігімен түсіндіріледі, осымен байланысты
қоғамдық-саяси терминология ағылшын фра-
зеологиясының сүйікті аспектісі болып табы-
лады.
Ағылшын қоғамдық-саяси фразеологиясын-
да көптеген римдік құқықтық фразеологизмдер
кездеседі, бұлар Англия және басқа да еуропа
елдеріне ежелгі дәуірден бері(Рим құқығы
рецепциясы) еніп кеткен.
Рим империясы Еуропаны түгелдей дерлік
жаулап алды. Римдіктермен бірге мұнда құқық
И.Д. Кулмуринова
183
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (144). 2013
та келді. Рим империясы құлағаннан кейін
оның қалыптастырған құқығы Еуропада қыз-
мет ете берді. Рим құқығы алғаш рет фразео-
логиялық ережелер мен құқықтық фразеоло-
гияға негіз болды. Рим құқығы жаңа халықтар-
дың құқықтық дамуына іргетас болды, соны-
мен қатар Батыс Еуропаның барлық халықта-
рына ортақ іргетас болды, бұл сала Германияда,
Францияда, Англияда және т.б. елдерде әлі де
зерттеліп келеді.
Шығу тегі жағынан құқықтық фразеоло-
гизмдерді үш негізгі топқа бөлуге болады:
Латын тілінен енген құқықтық фразеоло-
гизмдер:
1) add insult to injury – жаңа реніш туғызу
(этимологиясы жағынан латын тіліндегі Injuriae
qui addideris contumeliam.)
2) Caesar is wife must (немесе should) be
above suspicion – «Цезарьдің әйелі күмәннан
тыс болуы керек» (Юлия Цезарьдің неге әйелі
Помпеямен ажырасқандығы туралы түсінікте-
месі) фразеологизм Caesar is wife деген фразео-
логизмге негіз болды, яғни «күмәннан тыс
адам» (тура мағынасында «Цезарьдің әйелі»).
3) punish – жазалау латын тілінде poena dare
– жаза беру.
Ағылшын тілінде бұрыннан қалыптасқан
құқықтық фразеологизмдер:
1) Put smb. іn the cart – біреуді қиын жағ-
дайда қалдыру (cart сөзі арқылы қылмыскер-
лерді жазалау орнынан апаратын немесе қала
ішінде масқаралап жүруге арналған арбаны
атаған).
2) well hanged (немесе hung ) for a sheep as a
lamb – «егер қой үшін дарға асылатын болсам,
неге қозыны да ұрлап алмасқа» (көне ағыл-
шын заңының үзіндісі, бұл бойынша қой ұр-
лау дарға асу арқылы өлім жазасына кесілетін
болған).
3) Fools rush in where angels fear to tread –
«ақымақтар періштелер аяқ басуға қорқатын
жерге қарай жүгіреді», «ақымақтарға заң жүр-
мейді».
Әртүрлі тілдерден енген құқықтық фразео-
логизмдер:
1) the unwritten law – жазылмаған заң афи-
налық заң шығарушы Солонға тән.
2) beg the question (кітап.) – өзің үшін тұжы-
рымнан баста, дәлелден емес, себебі бұл Аристо-
тельге тән.
3) кейбір галлицизмдер қазіргі ағылшын
тілінде көнерген деп саналадыa knight of industy
– келімсек, ұры (фр. Cheavalier d ' in-dustrie).
5) forlorn hope – үмітсіз, аяқталған іс, соңғы
үміт(голланд тілінен аударғандаverloren hoop –
өлімге кесілген топ).
6) «Американизм» have an ax (e) to grind
(Англияда «ax» жазуы қолданыстан шығып
қалған) – өзінің бас пайдасын ойлаған, пайда-
сын көздеген.
Бұл жерде қандай да бір оралымның өзге
тілден енуі және әртүрлі тілде қатар өмір сүруі
мағыналық және образдылық жағынан кірме
сөздерге ешқандай қатысы болмауы мүмкін,
бұл осы тілде сөйлейтін халықтардың қоғам-
дық-саяси өмірінің,дәстүрінің, халық дана-
лығыэлементтерінің біртектілігімен, ұқсасты-
ғымен түсіндіріледі.
Фразеологиялық кірме сөздер фразеология-
лық форманы дамытады және коммуникация
мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Әтүрлі құқықтық дереккөздерді зерттей
отырып, көптеген фразеологизмдерді табуға
және оларды әртүрлі жіктелім бойынша жік-
теуге болады. Дегенмен фразеологизмнің түрі
мен құрылымын біліп қою жеткіліксіз, соны-
мен қатар оның қолданылу ерекшелігін де білу
керек. Ағылшын құқықтық фразеологизмдері-
не тән қасиет олардың қарым-қатынастың нақ-
ты ситуацияларында қолданылуы және кәсіптік
қызмет саласында қолданылуы болып табы-
лады. Мысалы: The Home Office – Ішкі істер
Министрлігі, common law damages – жалпы құ-
қықты бұзу, to ensure the impartiality – мөл-
дірлікті қамтамасыз ету, statute book – заңдарды
жинау, (in) due course of law – қажетті құқық-
тық процедура, to proride lawyers – юристерге
беру.
Сот саласындағы терминология, және оның
құрамына енетін фразеологизмдер сот ісінің
типіне сәйкес қолданылады. Мысалы:
To try on the case – соттау, circuit judges –
округтік соттар, to clear with the matter by
summons – сот хабарламасының көмегімен істі
бастау, to jail to appear to court – сотқа келуден
бас тарту, taking of the plea in the case of the
court – сотта ресми арызды қабылдау, grand of
bail – қол астына алуға ұсыныс жасау, the
master of the Polls – сот архивінің сақтаушысы,
criminal records - сотталу, forensic medicine - сот
медицинасы.
Қылмыстық және азаматтық істерді қара-
ғанда қатысушылар әртүрлі терминдерді қолда-
нады, тіпті істің жақтастары, тараптары, қыл-
мыстың және жазаның түрлері де әртүрлі бо-
лады. Мысалы: first offender – алғаш рет
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
(144). 2013
Ағылшын тілдеріндегі құқықтық фразеологизмдердің қолданылуы
184
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU.
Filology series.
№
4 (144). 2013
сотталған, old offender – рецедивист, initial
defention – алғашқы қамау.
Қорытынды сөз сөйлегенде адвокаттар айып-
тау тарабы ретінде және қорғау тарабы ретінде
психологиялық аспектіні есепке алады. Кейде
адвокаттың сөз саптауынан істің барысы түбе-
гейлі өзгеріп кетуі мүмкін, бұл дәлелдер мен
куәлардың сөзінен де басым түседі. Мысалы:
give proof by –дәлелді бекіту, to meet conditions
– шарттарға қанағаттану, to be recommended for
mercey – кешірімге лайық болу.
Сондықтан сот сөзінде тәжірибелі адвокат
фразеологизмдерді де, және көркем әдебиеттен
цитаталарды да, және латын тіліндегі қанатты
сөздерді де қолданады. Білімді юрист қажетті
терминологияны және әрқашан оны қолдана-
тын жерін біледі.
Кейбір құқықтық фразеологимздер ағыл-
шын мемлекетінің дамуының белгілі бір тарихи
кезеңінде пайда болды:
to all intents and purposes – негізінен, бар-
лық жағдайларға сәйкес.
Frome… to all practical intents and purposes
he was not responsible for his actions.
Фроум… негізінен өз ісі үшін жауапкер-
шілікке тартылмады.
The Inns of Court - «Судебные Инны», Лон-
дондағы барристер дайындайтын төрт құқық-
тық корпорациялар.
She was so affected that she wept when he told
her how he would take Albert under his wing and
have him educated at one of the Inns of Court.
Ол Альбертті өзінің қарамағына алып, құ-
қықтық корпорациялардың біріне оқуға жі-
беретінін айтқанда, ол ренжігеннен жылап
жіберді.
We strolled through the… Inns of Court, re-
membering Dickens, and along the Embankment to
Westminster.
Диккенсті еске түсіре отырып, біз Вестминс-
тер жағалауындағы төрт құқықтық корпора-
цияны артта қалдырдық.
action of the first impression – прецедент
болмаған кезде істі қарау.
amicable action – екі тараптың келісімімен
қозғалған сот ісі(қандай да бір құқықтық
мәселе бойынша келісімге келу үшін).
Сот сөздерінің құқықтық фразеологимздер
қолданылған кейбір жағдайларын қарастыра-
мыз:
Gentlemen of the jury, before I call my
evidence, I direct your attention to bandage the
accused is still wearing. He gave himself this
wound with his Army razor, adding, if I may say
so, insult to the injury he was inflicting on his
country.
Құрметті сот мырзалар, мен төзімнің куә-
ларымды шақырмастан бұрын, айыпкердің
білегіндегі байлауышқа назар аударуды сұрай-
мын. Ол өзін-өзі армиядағы алмаспен қолын
кесіп жіберген, бұл ісі арқылы ол өзінің тәнін
жаралағанымен қоймай, өз Отанына да масқа-
ралық жасап отыр.
bring (немесе take) an action against smb. –
біреуге қарсы іс қозғау (сот ісі).
I think I should tell you that if you brought an
action for divorce we should have to contest it.
You would find it impossible to get the necessary
evidence and you would lose your case.
Сізге айтқым келеді, егер сіздер ажырасу
туралы іс қозғағыңыз келсе, біз сіздің әрбір
сөзіңізге қарсы шығамыз. Сіз ешқандай із,
дәлел таба алмайсыз да, ұтыласыз.
You are well in now and can afford to pay
your debits. I have got some receipts that will
come in handy if I am forced to take legal action.
Енді сіз бай адамсыз және өз қарыздары-
ңызды өтей аласыз. Менде қандай да бір қол-
хаттар бар, егер істі сотқа беру керек болса, мен
оларды қолдана аламын.
Take the consequences of smth. – қандай да
бір іс бойынша жауапкершілік алу, істің нәти-
жесі бойынша жауапкершілікке тартылу.
Let him take consequences of this unduti-
fulness and folly.
Ол өзінің тыңдамағаны және жауапкершілік
танытпағаны үшін жауап берсін.
Ағылшын тіліндегі құқықтық фразеологизм-
дерді зерттеу бірқатар мәселелерді шешуге
көмектеседі, бұл тілдегі бірліктерге де қатысты,
сонымен қатар сөздердің лексикалық мағына-
сының сипатына да қатысты, сонымен қатар
ағылшын тіліндегі сөзжасамның әртүрлі мәсе-
лелеріне және құқықтық сөйлеу тілінің сти-
листикасына да қатысты. Фразеологиялық жүйе-
ні жан-жақты зерттеу және ағылшын тіліндегі
құқықтық фразеологимздерді зерттеу олардың
негізгі құрылымдық-семантикалық және сти-
листикалық типтері туралы, олардың шығу тегі
туралы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Құқықтық фразеологизмдердің ерекшеліктері
сөз қолданысының әдеби нормаларын мең-
геруге мүмкіндік береді. Фразеологизмдерді
зерттеудің маңыздылығы басқа да тілдік бір-
ліктермен қатар олардың ерекшеліктерін зерт-
теуге мүмкіндік береді.
Фразеологиялық бірліктердің әртүрлілігі
ағылшын тілінің тарихының бай екендігін
И.Д. Кулмуринова
185
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №
4 (144). 2013
көрсете отырып, бай ағылшын мәдениеті, олар-
дың басқа мәдениеттермен байланысын көр-
сетеді және оны жанды екендігін, дами бере-
тінін, ақпараттық ролін байқатады.
Осыған дейін ағылшын тіліндегі фразеоло-
гиялық оралымдарды зерттеу үшін Англиядағы
және Америкадағы фразеологиялық оралымды
зерттеу ісі орын алған. Біз тақырыбымызға
сәйкес қоғамдық-саяси фразеологияны зерттеу
барысында құқықтық фразеологияға тоқтал-
дық. Енді бұқаралық ақпарат құралдарындағы
фразеологизмдерге тоқталамыз. Американың
баспасөз беттеріндегі қоғамдық-саяси фразео-
логиялық бірліктер мен фразеологиялық ора-
лымдар АҚШ тарихындағы және ішкі және
сыртқы саясатындағы екі тарихи кезеңді қам-
тиды:
1. XVIII ғасырдың соңы – XIX ғасырдың
соңы (тәуелсіздік үшін күрес, 1861-1865 жыл-
дардағы азамат соғысы, американдық демокра-
тияның қалыптасуы);
2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ке-
зеңнен бастап 1992 жылға дейін («суық соғыс»
кезеңі). Бұл кезеңдердегі қоғамдық-саяси фра-
зеологиялық бірліктердің белсенділігі қоғам-
дық-саяси лексиканы зерттеу негізінде жүзеге
асты және алғашқы фразеологиялық сөздіктер
мен тезаурустар пайда болғаннан бастап қазіргі
бұқаралық ақпарат құралдарына дейінгі кезеңді
қамтиды.
Жүргізілген талдаулар негізінде тілдегі көп-
теген өзгерістер әлеуметтік және саяси өзге-
рістер барысында орын алады, сондықтан Аме-
рика тарихындағы елеулі кезеңдерді қарастыру
қоғамдық-саяси фразеологизмдерді синхронды
және диахронды барысында қарастыруға мүм-
кіндік береді.
Фразеологияның ұлттық-мәдени тілдік ұжым
дәстүрлерімен тығыз байланысты екені бұрын-
нан дәлелденген болатын. Көптеген фразео-
логиялық бірліктер өз ішінде әлеуметтік-мә-
дени ерекшеліктерді байқатады, бұл осы ке-
зеңнің тарихи дамуының еркешеліктерімен
байланысты. Көптеген алғашқы білімдер тілде
сөйлеушілерге образды формада жасырынып
тұрған ақпаратты немесе бағалауды дұрыс
жеткізуге мүмкіндік береді. Дегенмен басқа
социумның өкілдері басқа тілде сөйлемесе де,
бірақ сол этностың өкілі болса, бірақ диа-
хронды перспективада орын алса, осы образ-
ды ассоциациялардың ерекшелігін түсінбеуі
мүмкін, соның нәтижесінде фразеологизм
олар үшін коммуникативтік бірлік болмай
қалады.
Осымен байланысты қоғамдық-саяси фра-
зеологизмдердің қолданыстан шығып қалу се-
бептеріне тоқталайық:
- бұл әлеуметтік факторлардың кездейсоқ
құбылысы болуы мүмкін, сондай-ақ қоғамның
тілге саналы әсерінен де болуы мүмкін;
- шын мәнінде айқын көрініс тапқан идео-
логиялық сипаты фразеологизмдердің идеоло-
гиялық қажеттілік болмаған жағдайда тез кө-
неруіне әкеп соқтыруы мүмкін;
- бұрынғы ұғымының көнеруі салдарынан
пәндік қарым-қатынасты жоғалтуы мүмкін;
- тілдің белгілі бір тарихи даму кезеңінде
образды-экспрессивті бейнелеу құралы ретінде
фразеологизм өзінің өзектілігін жоғалтуы мүм-
кін;
- ішкі формасының тұрақсыздығы пайда бо-
лады;
- образы көмескіленіп, семантикалық жос-
парда сөз тіркесін қабылдау мен кодын алу күр-
делене түсуі мүмкін, соның нәтижесінде ол
қолданыстан шығып қалады.
Сол кезеңдегі баспасөз беттерінен алынған
көлемді практикалық материалды талдау және
қарастыру барысында және лингвоелтанымдық
және фразеологиялық сөздіктерді қарастыру
барысында анықталған американизмдердің кө-
нерген және қолданыстан шығып қалғанды-
ғына қарай фразеологизмдер мен фразеомати-
калық оралымдардың бірнеше топтарын бөліп
қарастыруға болады:
1. Жалқы есімнен жасалған, шынайы та-
рихи образды білдіретін, қоғамның барлық
мүшелеріне жақсы таныс сөздер. Мысалы, “We
must consult Brother Jonatan” оралымы өз уақы-
тында бүкіл елдің символы болды, ал мұндағы
жалқы есім американдықтардың лақап аты
болды.Алғашында Вашингтон бұл сөзді Кон-
нектикуттан шыққан губернатор, өзінің хат-
шысы әрі көмекшісіДжонатан Трамбергке
айтты, оның пікіріне президент құлақ қоятын
еді.Қиын жағдайларда ол былай дейтін: «Джо-
натан ағайдан сұрау керек». Дегенмен қазіргі
американдық осылай дегенде кімді меңзеп
тұрғанын түсіне ме екен. Бұл оралым өзінің
мағынасын жоғалтты да “Uncle Sam” ұғымы-
мен алмасты, бұл кейінірек пайда болды.
2. Бұрын өткен және ұмытылып кеткен
жағдайлармен байланысты сөздер. Мұндай ора-
лымдарды тек тарихи оқиғаларды жіті білетін
американдық қана түсінуі мүмкін. Мысалы,
“Fifty-four forty or fight”. Бұл АҚШ пен Ұлы-
британия арасындағы бұрыннан бері келе жат-
қан территориялық қақтығысты білдіреді, бұл
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4 (144). 2013
Ағылшын тілдеріндегі құқықтық фразеологизмдердің қолданылуы
186
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU.
Filology series.
№
4 (144). 2013
оралымды алға тартқан демократиялық пар-
тияның «соғыс фракциясы» - Батыс Штаттардың
соғысушы «қырандарымен» таласа отырып,
Орегона жерінің солтүстік белдеуден 54 градус
40 минутке дейінгі территориясын талап еткен.
Осыған байланысты: “The popularity of the Pre-
sident depended not on his 54* 40’ but upon his mo-
deration and wisdom”. – Punch. March 21, 1846.
3. Көнерген ұғымдар мен реалиялар. “Liberty
Tree” ұғымы - Нью-Йоркте 1766 жылы герб
салығы туралы Заңның жойылуына орай тұр-
ғызылған ағаш.
4.Моральдық-этикалық сипатына қарай алы-
нып тасталған сөздер. Мысалы, “second-class
citizens” деген сөз тіркесі дауыс беру құқығынан
айрылған адамдарға айтылатын болған, негізінен
қара нәсілді американдықтарға арнап айтылған.
60-шы жылдары бұл ұғым дауыс беру құқығына
қатысты өзінің мағынасын жоғалтып, «білім алу
мен экономикалық жеңілдіктерге ие болу құқы-
ғынан айрылғандар» мәніне ие болды. Сөйтіп
“second-class citi-zens” сөз тіркесі бара-бара қол-
даныстан шығып қалды. Мысалы, “first class”
секілді қызмет көрсететін көлік компаниялары
этикалық нормаға жатпайтындықтан, “second-
class” тіркесін қолданбау үшін мұның орнына
“coach”, “tourist”, “business” class тіркестерін қол-
дана бастады.
Аталған тарихи кезеңдерде қоғамдық-саяси
лексиканың екі синхронды кесіндісіне талдау
жасау мақсатында алынған фразеологиялық
бірліктерді және фразеоматикалық оралымдар-
ды фразеосемантикалық өрістерге бөлу керек
болды. Анықтау үшін, қазіргі лингвистикада
тілдің семантикалық жүйесін зерттеу үшін
дәстүрлі түрде өрістерді бөлуге көшті (Й.Трир,
К.Л.Даншевская, Т.С.Шур және т.б.). Семанти-
калық өрістерді бөлу мүмкіндігіне орай фра-
зеологияда жүйелілік пайда болады, бұл фра-
зеологиялық семантиканың семантикалық өріс-
терін бөлуге мүмкіндік береді, бұл қоғамдық-
саяси лексика саласында динамикалық аспек-
тілерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Фразеологиялық семантиканың тенденция-
ларын анықтау үшін фразеосемантикалық өріс-
терді салу әдісі қолданылды. Әрине өрістер то-
лық зерттеуге ие бола алмайды, себебі зерттеу
материалы шектеулі. Зерттеу міндетін біз фра-
зеологиялық бірліктер мен фразеоматикалық
оралымдардың біріккен семантикасының өзге-
рісінен көреміз, бұл образды құралдар арқылы
дамиды. «Әлем картинасы» үзігінің динамика-
сын сипаттау үшін фразеологиялық қордың да-
муындағы фразеологиялық бірліктер мен фразео-
матикалық оралымдарды бейнелейді, бұл бас-
пасөз бетіндегі тілдік лексиканың динамикалы-
лығын, өзгермелілігін, кемелділігін көрсетеді.
Қоғамдық-саяси фразеологиялық қордың екі
синхронды кесіндісін салыстыру барысында
мынадай фразеосемантикалық өрістер анықта-
лады: АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін күрес кезеңі
және азамат соғысы кезеңі (XVIII ғасырдың
соңы – XIX ғасырдың соңы) – «Сайлау және
сайлау алды науқандар», «Штаттар мен штат-
тар тұрғындарының атаулары», «Саяси қайрат-
кердің және оның қызметінің мінездемесі»,
«Саяси партияның мінездемесі», «Заң шығару
шаралары», «Құлдық», «Жеке лақап аттар»,
«Әкімшілік әрекеттері мен қызметкерлердің
мінездемесі», «Кластарды, мамандықтарды, саяси
бағдарды, өмір сүру қалпы мен тәртібін бей-
нелейтін терминдер», «Жалпы есімге айналған
жалқы есімдер», «Белгілі тұлғалардың қанатты
сөзге айналған сөздері», «Партиялардың, бір-
лестіктердің, ұйымдардың атаулары, лақап ат-
тары және сипаттамалары», «Әртүрлі партия-
лардың, соғыстардың, көтерілістердің атрибут-
тары, реалиялары және девиздері», «Сайлау
алды науқанмен, әкімшіліктің кең тараған
шараларымен байланысты сөйлеген сөздердің,
көтерілістердің атаулары», «Заң шығару шара-
лары», «Коммерциялық, құқықтық, спорттық,
журналистік және басқа да терминдер», «Ішкі
саясат: үндістермен соғыс», «Ішкі саясат: құр-
ғақ заң» секілді фразеосемантикалық өрістерде
бейнеленген.
АҚШ пен КСРО арасындағы суық соғыс
кезеңі (соғыстан кейінгі кезең 1992 жыл) «Сай-
лау және сайлау алды науқандар», «Саяси қай-
раткердің мінездемесі», «Саяси партияның си-
паттамасы», «Заң шығару шаралары. Әкімшілік
әрекеттерінің сипаттамасы», «Сыртқы саяси
бағдар. Халықаралық келіссөздер мен келісім-
шарттар», «Қорғанысқа бағытталған ішкі сая-
сат», «Ішкі саясат: соғысқа қарсы күрес», «Ішкі
саясат: антикоммунистік күрес», «Әкімшіліктің
сыртқы және ішкі бағдарларының сипаттамасы»,
«Белгілі тұлғалардың қанатты сөздерге айнал-
ған сөздері», «Үкімет органдарының жемқор-
лығы», «Сегрегация. Қара нәсілді тұрғындар»,
«Вьетнамдағы соғыс», «Суық соғыстың атри-
буттары мен реалиялары», «Қоғамдық-саяси
ұйымдар мен азаматтық құқық және соғысқа
қарсы қозғалыс үшін қозғалыстар», «Жеке
лақап аттар», «40-шы жылдардан бастап 90-шы
жылдарға дейін пайда болған әлеуметтік құбы-
лыстар мен теориялар» фразеосемантикалық
өрісінде бейнеленген.
И.Д. Кулмуринова
187
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (144). 2013
Достарыңызбен бөлісу: |