Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет33/34
Дата03.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7346
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

 
 
Ыстықкөл жер айнасы мөлтілдейді, 
Балқашты қамыс қамап желкілдейді. 
Аттанған алты өзені Жетісудың, 
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді [4, 203]. 
Әдетте,  судың  температурасын  білдіру  мақ-
сатымен  туындаған  негізінен  суық,  жылы,  мұз 
сияқты  сөздердің  тіркесуімен  жасалады,  ал 
өлең  жолындағы  Ыстықкөл  атауы  құрамын-
дағы  «ыстық»  сын  есімі  көл  суының    жылы-
лығын  білдірсе, 
Телміртіп Текес аса ай туады, 
Тайыншаның тарғыл ала зересіндей. 
Жайлаудың ортасында Тұзкөл жатыр, 
Жарқырап  төбел  таздың  төбесіндей [4, 201] 
жолдарындағы Тұзкөл атауы туралы Т.Жанұза-
қовтың  «Қазақ  ономастикасы»  еңбегінде  бұл 
атау: «Райымбек  ауданындағы  тұз  шығатын  
көл, сол көл жанындағы елді мекен атауы» деп 
көрсетіледі [5, 194]. Көл  айналасы  көк  шал-
ғынды кең жазық, терістік жағында Сарыбастау 
елді  мекені  орналасқан.  Көлдің  Тұзкөл  аталу 
себебі  көлдің  суының  дәмін,  ащылығын  білді-
реді.   
Ақын  шығармаларында  әлі  де  болса  мән-
мағынасын ашып, көпшілік оқырманға жеткізе-
тін  атаулар  кездеседі.  Ақынның  кез  келген 
шығармасынан  кең - байтақ  қазақ  даласының 
сұлу  табиғатын,  әдемі  өзені  мен  көлін,  туған 
топырағымызда  өсетін    өсімдік  атаулары  мен 
жануарлар  дүниесіне  қатысты  атаулар,  аспан  
әлемінің  құпия  атауларын  кездестіреміз.  Ақын 
сол  атауларды  шығармаларына  арқау  ете  оты-
рып, туған өлке табиғатының байлығы мен жау-
һарларын  сақтауға,  көздің  қарашығындай  қор-
ғауға  шақырады.  Ақынның  жоғарыда  аталған  
шығармаларында, яғни «Жетісу суреттері» топ-
тамасы, «Күй», «Күйші», «Мақпал», «Исатай» 
поэмалары  мен  өлеңдерінде  географиялық  атау-
лардың,  соның  ішінде  су  атауларының  қолда-
нылуы  шығармалардың  тарихилығын  арттыра 
түседі,  географиялық орта туралы ақпарат көзі 
болумен  қатар,  семантикалық  –  стилистика-
лық белгілерімен ерекшеленеді.  
Г. Е. Қожақова 

201 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (144). 2013 
 
 
Әдебиеттер 
 
1  Пангереев А.Ш. Жер – су атауларының поэтикасы. Ақтөбе, 1996. – 114 б. 
2  Пекарский Э.К. Словарь якутского языка. В 3-х томах. –М., 1959. 
3  Конкашпаев Г.  Словарь казахских географических названий. – Алма-Ата, 1963. 
4  Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы, − Алматы: Қазығұрт, 2004. –Бірінші том: Өлеңдері. − 432 б. 
5  Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры 3. − Алматы: Дайк- Пресс, 2007. − 524 б. 
6  Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. – М., 1984. 
7  Жанұзақ Т. Қазақстан географиялық атаулары. Алматы облысы. – Алматы: Арыс, 2005. – 256 б. 
8  Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы, 3 том. − Алматы: Қазығұрт, 2004. 
9  Қасенов Е.С. Тілдің қатысымдық және танымдық табиғаты. – Алматы: «Ғылым ордасы» РМК,  2011. 
10  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. − Алматы: Дайк-Пресс, 2008. − 968 б.  
11  Нұржекеев Б.Өзендер өрнектеген өлке. – Алматы: Жалын, 1987. − 228 б. 
 
References 
 
1  Pangereev A.Sh. Zher – su ataularynyң poetikasy. Aқtөbe, 1996. – 114 b. 
2  Pekarskiy E.K. Slovar' yakutskogo yazyka. V 3-h tomah. – M., 1959. 
3  Konkashpaev  G.  Slovar' kazahskih geograficheskih nazvaniy. – Alma-Ata, 1963. 
4 Zhansүgіrov І. Kөp tomdyқ shyғarmalar zhinaғy, − Almaty: Қazyғұrt, 2004. –Bіrіnshі tom: Өleңderі. − 432 b. 
5 Zhanұzaқ T. Қazaқ onomastikasy. Ataular syry 3. − Almaty: Dayk- Press, 2007. − 524 b.  
6  Murzaev E.M. Slovar' narodnyh geograficheskih terminov. – M., 1984.  
7 Zhanұzaқ T. Қazaқstan geografiyalyқ ataulary. Almaty oblysy. – Almaty: Arys, 2005. – 256 b. 
8 Zhansүgіrov І. Kөp tomdyқ shyғarmalar zhinaғy, 3 tom. − Almaty: Қazyғұrt, 2004. 
9  Қasenov E.S. Tіldің қatysymdyқ zhәne tanymdyқ tabiғaty. – Almaty: «Ғylym ordasy» RMK,  2011. 
10  Қazaқ tіlіnің tүsіndіrme sөzdіgі. − Almaty: Dayk-Press, 2008. − 968 b.  
11 Nұrzhekeev B.Өzender өrnektegen өlke. – Almaty: Zhalyn, 1987. − 228 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 
І. Жансүгіров шығармаларындағы гидронимдер менгидронимдік апеллятивтер 

202 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU.
 Filology series. 

 4 (144). 2013 
 
 
 
 
ӘОЖ 81'1 
 
У.Г. Анесова 
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты 
Қазақстан, Алматы қ. 
е-mail: a_ymit@mail.ru 
 
Символдың образдылығы және мотивтілігі 
 
Біздің  зерттеудің  негізгі  объектісі – символ,  ол  лингвистикалық  әдебиетте  толығымен  анықталмаған. 
Соған қоса, басқа ғылымдарда, философия, семиотика, психология, филология, мифопоэтика және фолькло-
ристикада,  оның  зерттелуіне  өте  үлкен  көңіл  бөлінген.  Біз  символға  байланысты  туындаған  негізгі  көзқа-
растарды  жүйелеуді  мақсат  етіп  қойғанымыздың  негізгі  себебі – осы  көпбағытты  құбылысқа  тән  барлық 
қасиеттерді көрсетіп және соларды лингвистикалық тәсілдер арқылы, соның ішінде құрылымдық семантика 
арқылы зерттеу. Таңбалық қасиетінен басқа гуманитарлық дәстүрде символдың образдылығы (икондылық), 
мотивтілігі, символдың мазмұнының комплекстілігі және мағыналарының теңдігі, символдың «имманенттік» 
көпмағыналылығы  мен  мағыналарының  шегінің  анық  болмауы,  архетиптілігі,  жеке  мәдниеттердегі 
универсалдығы  және  түрлі  кезеңдер  мен  ұлттардағы  символдардың  қиылысуы  (ұқсас  болуы),  мифология, 
әдебиет,  өнер  және  басқа  семиотикалық  жүйелердің  құрылымында  орын  табуы  сияқты    қасиеттері  көрініс 
тапқан;  соған  қоса,  символикалық  және  тілдік  шындықтың  қатынасы  және  символдың  тіл  мен  сөйлеудегі 
орны зерттелген. Біздің осы мақалада қарастыратынымыз – символдың образдылығы мен мотивтілігі.   
Түйін  сөздер:  символ,  семиотикалық  анықтама,  образдылық,  мотивтілік,  абстактілі,  метафора,  метони-
мия, синекдоха. 
 
У.Г. Анесова 
Образность и мотивированность символа 
 
Основной объект нашего исследования - символ, недостаточно четко очерчен в лингвистической литера-
туре. Вместе с тем есть многочисленные исследования, посвященные ему, в других областях знания, прежде 
всего,  в  философии,  семиотике,  психологии,  филологии,  мифопоэтике  и  фольклористике.  Мы  видим  свою 
задачу  в  систематизации  основной  части  точек  зрения  относительно  символа  с  тем,  чтобы  отразить  все 
свойства  этого  многомерного  явления  и  выявить  возможности  изучения  его  средствами  лингвистики,  в 
частности, структурной семантики. В гуманитарной традиции акцентировались такие свойства символа, как 
образность (иконичность), мотивированность, комплексность содержания символа и равноправие значений в 
нем, «имманентная» многозначность и расплывчатость границ значений в символе, архетипичность символа, 
его универсальность в отдельно взятой культуре и перекрест символов в культурах разных времен и народов, 
встроенность символа в структуру мифологии, литературы, искусства и других семиотических систем; кроме 
того, изучалось отношение символического к языковой реальности и место символа в языке и речи. В этой 
статье мы рассматриваем – образность и мотивированность символа.  
Ключевые слова: символ, семиотическое определение, образность, мотивированность, абстактный, мета-
фора, метонимия, синекдоха. 
 
U. Anessova 
Imaginativeness and motivation of a symbol 
 
The main object of our research, symbol, not fully defined in linguistic literature. There are a lot of work done in 
other areas of study such as philosophy, semiotics, psychology, philology, mythopoeic and folkloristic. We try to 
system the main points of view in order to show all characteristics of this many-sided phenomenon and reveal 
studying of it with the help of linguistic means and especially structural semantics. In humanitarian tradition symbol 
has many characteristicssuch as  imaginativeness, motivation, combined content of symbol and its meaning’s 
equality, immanentive polysemy and vagueness of limits of meaning in symbol, archetypical symbol, its universality 
in separately taken culture and a recross of symbols in cultures of different times and people, symbol in structure of 
mythology, literature, art and other semiotics systems; besides, the relation of symbolical to language reality and 
place of symbol in language and speech was studied. In this article we consider – imaginativeness and motivation of a 
symbol.  
Keywords: symbol, semiotic definition, imaginativeness, motiveness, abstract, metaphor, metonymy, 
synecdoche.       
________________________________________ 
 
У.Г. Анесова 

203 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (144). 2013 
 
 
Символға  қатысты  анықтамалардың  ішінен 
бізге  семиотикалық  анықтама  әлдеқайда  реле-
вантты  көрінеді  (себебі  семиотика  жалпығы-
лымдық  пән  ретінде  кез-келген  таңбалық  кон-
цептілерге анықтама береді),сондықтан біз оны 
неізге  аламыз.  Осындай  көзқарас  арқылы 
«символ» терминіне екі негізі ұғым белгіленеді: 
1)  формалды-семиоткалық  және  формалды-
логикалық  мағынада  ол:  а)  таңбалаушы  мен 
таңбаланушының  арасында  шартты  түрде  бай-
ланыс  орнататын  таңба,  яғни  материалды  бір-
лікті  көрсететін  (единство  материально  выра-
женный)  таңбалаушы  мен  абстрактілі  таңба-
ланушы  конвенционалды,  шартты  байланыс 
негізінде  танитын,  немесе  б)  формалы-тілдік 
бейнелеудің  графикалық  таңбасы  (мысалы, NP 
және VP, грамматикалық  категорияны  көрсе-
теді); 2) кең семиоткалық мағынада символ өзі-
нің  алғашқы  мазмұнын  өзге  бір  нәрсенің  фор-
масы  ретінде  қолдануды  жөн  көретін  белгі, 
яғни әлдеқайда абстрактілі және ортақ мазмұн-
ды,  бұл  жерде  екінші  мағынасы  аса  тілдік 
ұғымды көрсете алмайды, алғашқысымен ортақ 
таңбалаушы арқылы бірігеді [1, 34]. 
Бұл  анықтамамен  Ю.  Лотманның  анықта-
масы ұқсас. Оның айтуы бойынша символ «өз-
ге  бір  мазмұнды  көрсететін,  көбінде  мәдени 
тұрғыдан  маңызды  болып  келетін  белгілі  бір 
мазмұнмен»  байланысты »[2, 11]. Осы  екінші 
мағынадағы  «символ»  термині  біздің  көңіл  бө-
летін объектіміз болып табылады. 
Символдың  барлық  қасиеттерін  ашу  үшін 
оның  «семиотикалық»  анықтамасын  өзге  ғы-
лымдарда  берілген  анықтамалардың  көмегіне 
жүгіне отырып кеңейту керек. Таңбалық қасие-
тінен басқа гуманитарлық дәстүрде символдың 
образдылығы  (икондылық),  мотивтілігі,  сим-
волдың мазмұнының комплекстілігі және мағы-
наларының  теңдігі,  символдың  «имманенттік» 
көпмағыналылығы  мен  мағыналарының  шегі-
нің анық болмауы, архетиптілігі, жеке мәдниет-
тердегі  универсалдығы  және  түрлі  кезеңдер 
мен  ұлттардағы  символдардың  қиылысуы  (ұқ-
сас  болуы),  мифология,  әдебиет,  өнер  және 
басқа семиотикалық жүйелердің құрылымында 
орын табуы сияқты  қасиеттері көрініс тапқан; 
соған қоса, символикалық және тілдік шындық-
тың қатынасы және символдың тіл мен сөйлеу-
дегі орны зерттелген. Бұл мақалада символдың 
образдылығы мен мотивтілігін қарастырамыз: 
Символдың образдылығы 
Көптеген  ғалымдар  символдың  образдық 
табиғаты жайлы айтады. Олардың ойынша сим-
вол  образдан  «өседі»,  алайда  символдың  «об-
раздылығы»  әртүрлі  түснік  табады  (мүмкін 
«символ»  терминінің  түрлі  мағынасының 
болуы). 
Символдың алғашқы тар мағынасының қай-
нар  көзі  ретінде  сезімдік  бейне  жатыр – шы-
найы  әлемнің  заттары  мен  құбылыстарының 
кескіні.  Ол  өз-өзіне  деген  тепе-теңдікті  ұйға-
рады, таңбалаушы мен таңбаланушы онда ерек-
шеленбейді,  олар  құбылыс  пен  болмыс  тәрізді 
біртұтас.  Сезімдік  қабылдау  сезімдік  образға, 
көрініс пен «есте сақталған құбаластарға» ауы-
сады.  Образдың  ішкі  формасының,  оның  «жо-
ғары  қойылған  дифференциалды  жағы»  образ-
ды таңбалардың қатарына қосады. Образ мате-
риядан  бөлек  өмір  сүріп,  схема  түрінде  қолда-
ныла бастайды.    
Референт  пен  оның  шартты  мағынасы  бө-
лінген  кезде  (сөздің  тар  мағынасында)  образ 
таңба-символға  айналады.  Х.  Вернердің  ойын-
ша  «протосимолар» - образдар,  визуалды  және 
вербалды  схемалар,  ым-ишараттар  және  т.б. – 
«хабарлағыштың  прогрессивті  дифференция-
лық  және  референциалды  мағынасының»  кө-
мегімен  өзгереді;  кері  процесс  олардың  «диф-
ференциациясымен» 
байланысты. 
Қазіргі 
психо-  және  нейролингвистикада  бұндай  про-
цесс  «қос  кодтаудың»  күрделі  жүйесі  ретінде 
бейнеленеді,  бұл  жерде  санасыз  (үйлестік 
(аналоговая)  жүйе,  образды  континуальды  ой-
дау),  синергетикалық  тұрғыдан,  санамен  (дис-
кретті  жүйемен,  символды,  вербалды,  сандық 
ойлаумен)  бір-бірінің  кодтарын  ішкі  сөйлеудің 
көмегімен  қайта  құру  арқылы  әрекеттеседі [3]. 
Мысалы,  адам  ұйықтаған  кезде  ішкі  сөйлеу 
вербалды  ақпаратты,  жасырын  ойларды  үстір-
тін  ұқсас  құрылымдарды  (перцептивті  образ-
дар) қайта жасайды, ал ұйықтамаған кезде пер-
цептивті  образдар  (сыртқы  және  квазиперцеп-
тивті  ішкі)  дискретті  жүйенің  тіліне  аудары-
лады. 
Символдың  негізінде  жатқан  образ  (яғни 
көпмағыналы  таңба  ретінде)  гештальдтан  ең 
алдымен  өзінің  қызметімен  (функциясымен) 
ерекшелінеді. Ол көркем немесе мифологиялық 
көріністің, тілдік бірліктің, ритуал, миф, көркем 
шығармашылықтың  формасының  қызметін  ат-
қарады. «Көркем» образ өздігінен таңба болып 
табылады (себебі онда материалды таңбалаушы 
бар – шығармашылық  әрекеттің  жемісі),  алай-
да,  символикалық  емес,  ал  иконалық – оған 
таңбалаушы  мен  таңбаланушының  арасындағы 
ұқсастық  тән.  Мазмұнның  жоспары  мен  оның 
білдірілуінің арасындағы қарым-қатынас шарт-
ты  емес, «органикалық»  болып  табылады [4, 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 
Символдың образдылығы және мотивтілігі 

204 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU.
 Filology series. 

 4 (144). 2013 
22].  Р.Якобсонның  ойынша,  табиғи  тілдерде 
«образ»  икондылық  дауысқа  еліктеуде,  реду-
пликацияда  кездеседі.  Бұндай  ұқсастық  тағы 
сурет  өнерінде,  мүсіндеуде,  кинода,  театрда 
және  т.б.  шындықты  суреттеуде  орын  табады 
[5, 12]. 
Осындай образдың негізгі қасиеті – алғашқы 
«сезімтал»  мазмұнның  кеңеюі  мен  жиынтық-
талуы.  Бұл  жерде  ол  формальды  (яғни  затты 
танып  білуге  керек  жалпы  белгілер)  түсініктен 
ары  кететін  «мазмұндық»  түсінікке  ұқсас 
болады  және  заттың  барлық  жаңа  жақтарын, 
қасиеттерін  және  өзге  заттармен  байланысын 
қамтиды».  Антикалық  көркем  образ  бен  ұғым-
ның  ерекшеліктерін  зерттеген  О.М.  Фрейден-
берг  антикалық  ұғымдар  образ  ретінде  қалып-
тасуында  дерексіз  қызмет  (функция)  атқарған-
дығын  белгілеген: «...дерексіз  белгілер  нақты 
қасиетті  өз  бойына  алса,  ал  жекелікте – көп 
қайталанатын  белгілерде,  сапасыздық  кенет 
суреттеледі,  алдымен  монолитті  сапа,  кеңістік 
жылжып, қимылдың мезеті себептен салдарына 
қарай енеді... Кез келген антикалық метафорада 
ауыспалы  мағына  мифологиялық  образдың 
нақты  семантикасына  байланады  да,  оның 
ұғымдық дубликатын көрсетеді» [6, 189]. 
Н.Д.  Арутюнованың  айтуы  бойынша,  бұн-
дай образ өзінің дәлме-дәл мағынасының шегі-
нен  шығады,  бірақ  кеңею  мен  жалпыланудан 
ары  кетпейді, жаңа мазмұн бермейді (символға 
қарағанда) [4, 149 ]. Өзінің негізгі мазмұнынан 
әлдеқайда  өзгеше  мағына  берген  уақытта,  кө-
бінде абстрактілі, образ-икон символ болады.  
Образдардың сөзбен берілуі кеңейген кезде, 
олар  ортақталу  барысында  қарапайым  тілдік 
таңбаны  құратын  және  білдіретін  ұғым  мен 
сілтеуіш  қызметін  атқаратын  күрделі  икондық 
таңбаларға  айналады.  Символдар  болса  тілдік 
қатынастағы  мағыналардың  комплексті  ұғымы 
және  концепттердің  мазмұндық-логикалық  қа-
тынасындағы  бірігуі  болатын  күрделі  таңбалар 
(атаулар) қатарына жатады. Кез келеген символ 
образ болса, образдың символ болуы белгілі бір 
жағдайларда  ғана  мүмкін.  Н.  Фрейд  образдың 
поэзиядағы  «символдылығын»  келесі  өлшем-
дермен  шығарды: 1) абстрактілі  символдық 
мазмұнның  болуы  контекстпен  көрсетіледі; 
2)образдың  тура  мағынасында  қарастырылуы 
мүмкін  емес  кезде  немесе  жеткіліксіз  болып 
берілген  уақытта; 3) образ  миф,  аңыз,  фоль-
клормен ассоциацияны көрсеткен жағдайда   
[7, 81]. 
Көптеген  ғалымдар  символ  түсінігін  образ 
арқылы  көреді: «Символ  өзінің  таңбалық  ас-
пектісінде  алынған  образ,  ол – мифтің  толық 
негізділігін  және  образдың  шексіз  көпмағына-
лылығын  қамтитын  образдың  өзі...  Заттық 
образ  бен  терең  мағына  оның  құрылымында 
бір-брінсіз  өмір  сүре  алмайтын  екі  полюс  тә-
різдес  (образдан  бөлек  мағына  өзінің  нақты-
лығын, ал образ өзінің компоненттеріне бөлініп 
кетеді),  бірақ  бір-бірінен  бөлінген  және  сим-
волдың  табиғаты  болатын  өзара  шиеленіс  ор-
натады...» [8, 22]. 
 Нейро-психологиялық тұрғыдан символ об-
раздарды  санасыз  түрде  «ығыстыру»  және 
«конденсация»  тәріздес  процесстердің  нәти-
жесінде  пайда  болатын  таңбаланушыдағы  қо-
сымша  ассоциативті  комплексі  бар  күрделі 
образды-вербалды табиғи құбылыс 
Символдың  мотивтілігі  символдық  мазмұн-
ның  нақты  және  абстрактілі  элементтерімен 
байланысты.  Мотивтілік  тілдік  таңбамен  са-
лыстырғанда  символды  ерекшелейтін  белгі  бо-
лып  келеді.  Бұнда  таңбалаушы  мен  таңбалану-
шыдың  арасында  байланыс  конвенционалды 
және  ерікті  болып  келеді  де,  символды  өзге 
мотивтелген  семиотикалық  құбылыстарға  жа-
қындата  түседі – троптар,  метафора  мен  мето-
нимия.  Гегельдің  анықтауы  бойынша,  таңбада 
«оның  мағынасы  мен  берілуінің  арасындағы 
байланыс  олардың  ерікті  бірігуімен  анықта-
лады. ...таңба  мен  айтылу  ойда  қандай  да  бір 
алшақ, бөлек мазмұн туындатады, ол белгілі бір 
спецификалық  байланыста  болуы  тиіс  емес...» 
Ал символда «оның мазмұны мен белгіленуінде 
бір-біріне деген бейтараптық жоқ... сондықтан, 
туыстық  пен  нақты  мазмұн  және  бейне  бай-
ланысты» [9, 313].    
Өткеннің  көптеген  ойшылдары  символдың 
мазмұнындағы нақтылық пен абстрактілі ұғым-
дарды  оның  үйлестігінің  байланысының  негізі 
деп  ерекшелеген.  Мысалы,  И.  Канттың  ойы 
бойынша, символ тек бір ғана үйлестіктің көрі-
нісі  ретінде  қалыптасады.  Символға  байла-
нысты  қатынаста  үйлестікті  семантикалық 
белгілердің  ортақтығының  негізіндегі  ұғымға 
ұқсатуға болады, соның көмегімен нақты, жеке 
атаудың  абстракт,  жалпы  мағынасына  ауысуы-
на мүмкіндік туады. Бұл символды өзге мотив-
телген  семиотикалық  құбылыстарға – троптар, 
соның ішінде метафораға – жақындата түседі.    
Э.  Кассирер  шындықты  символикалық  құ-
растырудағы  метафораның  ролін  алғашқы-
лардың  бірі  болып  анықтаған [10, 47]. Оның 
айтуы  бойынша  символикалық  форманың  изо-
морфизмі,  символдың  түрлі  модальдылығы 
«радикалды  метафораның»  көмегімен, «рух 
У.Г. Анесова 

205 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (144). 2013 
 
 
энергиясының» бір формадан басқа нақты фор-
маға  ауысуынан  болады.  Символикалық  фор-
малардың  бұндай  «метафоралық»  түсінігі  
М.  Мюллер,  А.  Кунның  интуитивистік  және 
эмпирикалық амалдарына қарама-қайшы келіп, 
ал  Э. Тейлор, Дж.Г. Фрэзер, Л. Леви-Брюльдің 
айтуы бойынша мифологиялық және ритуалды 
символиканың  логикалық  ойлаумен  байланыс-
тырып,  сөздің  этимонасы  мен  эмпирикалық 
материалдың интуитивті анализіне сүйенді. 
Ф.Уилтрайд  үшін  символды  метафора  ар-
қылы  бейнелеу  тән,  ол  символды  «тұрақтан-
дырылған  метафора»  деп  қарастырады.  Ол 
символдың  екі  түрін  анықтады – стено-символ 
немес  блок-символ,  бұнда  алғашқы  «диафори-
калық  өзгешелік»  жоққа  шығарылады,  бірақ 
таңбалаушы  мен  таңбаланушының  арасында 
жалпылылық  мезеті  жоғалады  да  (математика, 
формальды  логика  символы),  бұндағы    «дүбір-
лі,  экспрессивті  символдағы» «алғашқы  диа-
форикалық  ерекшелік  пен  сапа  сақталып,  баи 
түседі» [11, 7]. 
Ассоциациялаудың  екі  негізгі  механизмін 
қарастыру – метафора  мен  метонимия – сим-
волды  зерттеуде  маңызды  болған,  оны  бейне-
леуде «динамикалық» амал белгілеген.  Симво-
ликалық  мағыналарға  байланысты  Якобсоннан 
кейінгі  зерттеулерде  П.  Рикер,  К.Леви-Строс, 
Ц. Тодоровты айтып өткен жөн.  
П.  Рикердің  ойы  бойынша,  символ  тілдік 
полисемияның  феноменологиялық  көрінісі. 
Символикалық  амбиваленттілік  екі  факттың 
қосындысынан туындайды – лексикалық (поли-
семия)  және  контекстуалдық,  бұнда  контекст 
«бір  атпен  тұрған  бірнеше  түрлі,  тіпті  қарама-
қайшы  мәнді  жүзеге  асырады» [12, 72]. Поли-
семия мен символизм тілдің құрылуы мен қыз-
мет  атқаруын  бейнелейді.  Шындықтың  ұқсас-
тығы  мен  алшақтығы  көпмағыналы  сөздердің 
арасындағы мағынасының байланысын құрады, 
яғни  бұл  байланыстар  символда  әлдеқайда 
қатты көрсетілген.  
Ц.  Тодоров  ауыстырудың  метафора  сияқты 
түрінің  символ  құрудағы  ролін  айтып,  мето-
нимия мен синекдоха сияқты троп түрлеріне де 
көңіл  бөледі.  Бұнда  біз  қарапайым  символдар-
дағы  семантикалық  бейненің  мысалдарын  та-
бамыз, яғни «қызыл ай – царь» символы (бұнда 
қызыл  ай  туған  уақытта  дүниеге  келген  адам-
ның  царь  болу  керектігі  жайлы  ұғымның 
болуы);  қан  биліктің  символы  (метонимия), 
қызыл түс қанның символы (синекдоха), айдың 
белгілі  бір  фазасы  қызыл  түстің  символы 
(синекдоха),  осы  фазада  дүниеге  келген  адам-
дар  соны  символдайды  (уақытша  метонимия). 
Символикалық «конверсия» символдар тізбегін 
аударады, оған  қоса  «символ  болатын  термин» 
басқа  символ  болады  да,  оның  алдындағы 
процестермен қамтылады [13, 245]. 
Бұндай  алғашқы  мифологияға  дейінгі  ой-
лауға  жататын  аналогияның  метонимия  және 
синекдоха  сияқты  формаларын  Леви-Брюль 
«пралогикалық»  деп  атаған [14, 98], оның 
негізгі қасиеттері болып синкреттілік, біртектес 
заттарды  ұқсастыру,  козуалдылық  қатынасты 
шектес  қатынасқа  ауыстыру,  бөлшек  пен  бү-
тінді  ұқсастыру,  заттар  мен  олардың  қасиет-
тері,  заттар  және  олардың  таңбасы  немесе 
атауы  болып  саналады.  Олар  тек  репрезента-
тивті  немесе  орнын  басатын  ғана  емес,  соған 
қоса,  ойлау  тотемнің  артынан  жүретін  тоте-
микалық  сипат  алатын  қарапайым  символика 
негізіне  жатады [15]. Метафора  символдың 
«хабар  берушісі»  мен  «референтінің»  ұйлестігі 
ретінде  мифологиялық  ойлауға  өткенде  пайда 
болады,  бұнда  метафора  қоршап  тұрған  зат-
тарға  және  жандарға  байланысы  тікелей  емес 
болған  кезде,  мифтің  көмегіне,  яғни    бұрын 
бастан  кешкенге  жүгінуді  жөн  көреді.  Бұл 
уақытта «мифологиялық мәтіндердің» элементі 
ретінде  метафоралық  символдар,  өзіндік  бір 
мифологиялық концепттер пайда болады. Миф-
тің  «жанр»  категориясына  ауысуы  барысында 
олар  метатілдің  категориясына  айналады.  Бұл 
жағдайда  символдар  мифологиялық  емес,  ал 
дескриптивті санаға жатады [16, 306]. 
Ерте  метонимиялық  және  кеш  метафория-
лық  символизмінің  байланысуына  мысал  кел-
тірейік.  Жерді  жағалап  жорғалайтын  жылан – 
жердің,  құнарлылықтың,  ғаламның  символы, 
соған  қоса,  жерасты  әлемінің  кереметінің  (бо-
жество)  символикалық  көрінісі.  Бұл – «жер» 
корреляциялық  нүктемінің  негізіндегі  метони-
миялық  символ.  Мынау  әлдеқайда  кешірек 
пайда  болған  метафоралық  символизм – «жы-
лан-шайтан» (змея-сатана).  Ол  «жылдам-қу», 
«иілген-қуланған»  сияқты  тасымалдауға  не-
гізделген  физикалық  және  психологиялық 
процесстердің  аналогиясы:  қу – тез  ойлайтын, 
иілген – тік  айтып  сөйлемейтін,  мағынасын 
өзгертеді.  Осы  тұста  жердің  құдіретіне  нега-
тивті қасиеттер үстейтін символ пайда болды.       
Символдың  метафоралығын  айтқан  кезде 
тағы  бір  бағытты  атап  өткен  жөн,  бұл  жерде 
европалық  амалдан  тыс  метафораны  зерттеу-
дегі – когнитивті  семантика. «Концептуалды 
метафораға»  көңіл  бөле  отырып,  когнитивті 
семантика  қазіргі  символдардың  онтологиясын 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 
Символдың образдылығы және мотивтілігі 

206 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU.
 Filology series. 

 4 (144). 2013 
зерттеп,  символдық  ауысулардың  негізгі  тип-
терінің  таксономиясын  жүзеге  асырады.  Еске 
салатын  жайт  концептуалды  метафора  білім-
дердің  проекциясы  ретінде  дерекнама-сфера-
сынан  жаңадан  меңгеру  сферасына  онтология-
лық  сәйкестіктің  көмегімен  жүреді.  Атап  өт-
кендей,  қазіргі  концептуалды  жүйедегі  уақыт, 
сан,  қалып,  әрекет,  себеп,  мақсат,  эмоцияны 
түсіну (махаббат, ашу) сияқты абстрактілі түсі-
ніктер  концептуалды  метафоралардың  көмегі-
мен құрастырылады, мысалы: үлкен жоғарымен 
тең, кішкентай – төмен, уақыт – зат, уақыттың 
өтуі – әрекет, келешек алда, өткен артта, қалып 
– кеңістіктегі орын, өзгеріс – қозғалыс, себеп – 
күш, мақсат – жету керек жер, сыртқы оқиға – 
үлкен  қимылдап  жатқан  объектілер,  қиындық-
тар – кедергі  және  т.б.  Біздің  көзқарасымыз 
бойынша, қазіргі таңдағы мәдениетте құбылыс-
тардың осындай ауысуы метафораның да, сим-
волдардың  да  тууының  негізі  болып  табы- 
лады. 
Символдың мағынасының мотивтілігіне сәй-
кес бірнеше өзіндік қорытынды жасайық. Сим-
волдың  мотивтілігі  оның  нақты  және  абстрак-
тілі ұғымының, және осы ұғымдардың шектес-
тігінің  үйлестігімен,  соған  қоса,  ұғым  интен-
сионалының  бірінің  екіншісіне  қосылуымен 
түсіндіріледі.  Символдағы  үйлестік  метафора 
(синестезияны  қоса)  сияқты  семиотикалық 
транспозициясының  негізін  құрады,  шектестік 
пен  қосылу  метонимия  мен  синекдоханың  не-
гізінде жатыр. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет