ӘОЖ 070 (091)
Н. Балтоғаева
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-курс магистранты
Қазақстан, Алматы қ.
е-mail:
narkes_bal@mail.ru
Қазақ журналистикасының өзекті мәселелері
Мақалада қазақ журналистикасының өзекті мәселелері сөз болады. Әр мемлекетте баспасөздің ұлттық
және тәуелсіз сипат алуы қарап тұрсаңыз, егемендік пен еркіндіктің символындай болып көрінеді. Елдің
тарихының өткенін зерттеп, бүгінін талдап, ертеңіне дейін болжап жазар баспасөз – мемлекеттің әр
мүшесінің ақпарат көзіне айналған. Барлық басылымдар саяси-әлеуметтік, әдеби-қоғамдық ұстаным мен
бағыттарына қарай ел тынысын, жаңалығы мен жалпы хабарын сол сипатта мазмұндайды.
Дегенмен бұл тақырыпта сөз қозғамас бұрын, алдымен, баспасөзді ақпаратпен қамтитын журналистика-
ның жеке өз алдына ғылым ретінде тану − көптеген мамандармен мойындалмай жүргендігін айта кеткен жөн.
Бұл отандық көлемдегі дәйек қана емес, жалпы әлемдік журналистиканың ғылымның критерийлеріне сай
еместігінің дәлелі. Әлбетте, кез келген ең жеңіл деген әрекеттің өзі теорияға негізделеді. Бұл – бүгінгі таңда
журналистиканы ғылыми-теориялық негіздеу және нығайтуды өзекті мәселеге айналдыру қажеттілігін
туындатып отыр.
Түйін сөздер: қазақ журналистикасы, PR, саяси идеология, журналист этикасы, баспасөз, саяси ықпал.
Н. Балтогаева
Основные проблемы казахской журналистики
В этой статье журналистская этика рассматривается в качестве основной проблемы казахской журна-
листики. Рассмотрев стыки науки и практики в тенденции специальности журналистики, вопрос упирается в
то, что некоторые главные и основные проблемы казахской журналистики на сегодняшний день не приняты
как самостоятельные сферы науки. СМИ за все время своего существования являются сильнейшей проп-
агандой политической идеологии. В этой связи оно допускало грубые нарушения этики, служа не в целях
восполнения духовной потребности народа, а ради влияния на его сознание какой-либо идеей. Это –
конкретные факты, определяющие не научные стороны журналистики и доказывающие, что журналистика
является социально-политическим инструментом, который наблюдает за обществом и передает информацию
власти. Из это исходит самый опасный враг объективности, самого главного критерия этики – политическое
влияние.
Но прежде чем затронуть данную тему, хотелось бы отметить, что идея рассмотрения журналистики,
обеспечивающей прессу информацией, как отдельной науки не нашла признания многими специалистами.
Это аргумент не только отечественного масштаба, но и в целом, доказательство несоответствия мировой
журналистики критериям науки.
Ключевые слова: журналистская этика, журналистская практика, пресса, PR, научно-теоритическое
обоснование казахской журналистики.
Baltogayeva N.
The main problems of Kazakh journalism
In this article journalistic ethics is considered as the main problem of Kazakh journalism. Having considered the
intersection of science and practice ina tendency of specialty of journalism, the question rests against the fact that
some important and major issues of Kazakh journalism is not accepted as independent spheres of science today.
Media, for all of its existence, is the strongest propaganda of political ideology. In this regard it allowed violations of
ethics, serving not for completion of spiritual needs of people, but for the effect on their mind by some idea.There are
the concrete facts that determine non-scientific side of journalism and provide that journalism is a socio-political
instrument that monitors society and transmits information of the government. From this proceeds the most
dangerous enemy of objectivity, the most important criterion for ethical - political influence.
But before we raise the subject, I would like to note that the idea of considering journalism, that provides media
by information, as an independent science has not found acceptance by many experts. This argument is not only a
national scale, but in general it is a proof of non-compliance of the world journalism to science criteria .
Key words: journalism ethics, journalistic practice, media, PR, scientific-theoretically justification of Kazakh
journalism.
_________________________________
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №
4
(144). 2013
Қазақ журналистикасының өзекті мәселелері
194
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU.
Filology series.
№
4 (144). 2013
Әр мемлекетте баспасөздің ұлттық және
тәуелсіз сипат алуы бір қарап тұрсаңыз, еге-
мендік пен еркіндіктің символындай болып
көрінеді. Елдің тарихының өткенін зерттеп,
бүгінін талдап, ертеңіне дейін болжап жазар
баспасөз – мемлекеттің әр мүшесінің ақпарат
көзіне айналған. Барлық басылымдар саяси-
әлеуметтік, әдеби-қоғамдық ұстаным мен ба-
ғыттарына қарай ел тынысын, жаңалығы мен
жалпы хабарын сол сипатта мазмұндайды.
Дегенмен, бұл тақырыпта сөз қозғамас бұ-
рын, алдымен баспасөзді ақпаратпен қамтитын
журналистиканың жеке өз алдына ғылым ретін-
де тану − көптеген мамандармен мойындалмай
жүргендігін айта кеткен жөн. Бұл отандық кө-
лемдегі дәйек қана емес, жалпы әлемдік журна-
листиканың ғылымның критерийлеріне сай
еместігінің дәлелі. Әлбетте, кез-келген ең жеңіл
деген әрекеттің өзі теорияға негізделеді. Бұл –
бүгінгі таңда журналистиканы ғылыми-теория-
лық негіздеу және нығайтуды өзекті мәселеге
айналдыру қажеттілігін туындатып отыр. Жур-
налистика саласының осы бағыттағы /әрекеттер
негізінде/ нағыз өзекті мәселелер жиынтығын
мысалға келтірейік. Сонымен, ғылым қалып-
тастырған қағидаттар мен БАҚ еңбегінің нәти-
жесі бір арнаға тоғыса алмай келеді. Егерде біз
бүгінгі күні өзекті болып тұрған осы мәселені
өз алдымызға сұрақ етіп қояр болсақ, оған
/журналистикалық әрекеттер барысында/ негіз
болар кейбір дәлелдерді себеп етіп көрелік.
Біріншіден, ғылымның түпнегізінде этика-
ның жатқандығы көп нәрсені түсіндіреді. Бұл –
дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома десек те,
егер дәлелмен нақтылайтын болсақ, бұл – бү-
гінгі күні ғалымдардың негіздеуімен ғылымда
мойындалған теория. Ғалым Александров бұл
тақырып барысында көп ізденіп, ғылымның
этикасыз өмір сүре алмайтындығын дәлелдеді.
Ол өз тұжырымдамасын Будда ілімінің қалып-
тасуын мысалға келтіру арқылы дәлелдейді.
Мысалы, тарихи аңызда былай деп беріледі:
«Будда үйінен шығып, айналасындағы азғын-
далуды, адамдардың азабын, кедейлердің қор-
лығы мен байлардың зомбылығын көреді. Осы-
дан оның көкірегенде мұқтаждарға көмекте-
сіп, азғындалғандарды оң бағытқа бұру тілегі
оянады.»
Будда этикасының ғұмыры − дәуірлерді
қамтыған ілімнің қалыптасуына алып келді.
Карл Маркстың да адамдарға көп нәрсені
анықтаған еңбегінің жазылуына түрткі болған
жәйттерден, көзқарастарынан − бұндай әрекет
аңғарылады. Демек ғылымның қозғаушы күші
– этика − адамдардың қажеттілігін өтеуге деген
ұмтылыс. Осы тұста объективтіліктің қажетті-
лігі тайға басылған таңбадай-ақ көрініп тұр.
Адам басқаның қажеттілігін өтейтін әрекеттер
жасау үшін ең бірінші кезекте өзіндік «меннен»
арылуы тиіс. Бұндай қадамға барардан бұрын,
алдымен оның талабына қол жеткізбей, не мән
бермеген жандар тарапынан үлкен қателіктер
кетіп жатады. Мысалға қарапайым ғана ана мен
бала арасындағы қарым-қатынасты алайық:
анасының жақсы пиғылының перзентіне кері
әсер етуі, әбден мүмкін немесе медицинадан
хабары жоқ адамның өзі қаламаса да, емделу-
шіге залалын тигізуі т.б. Ғылыммен айналыса-
тын адам өзгелердің қажеттілігін ешқандай
сезімдердің тұмшалануынсыз көре білуі керек.
Міне − этиканың болмысы. Осыдан журналис-
тиканың ең өзекті мәселесі туындайды – эти-
каға негізделмеуі, ал салдары ғылым ретінде
әлеуеттен өз орнын ойып ала-алмауында бо-
лып тұр.
Ғылымның түп негізі есебіндегі этиканың
журналистикадағы рөлі қаншалықты.? Өкініш-
ке орай, тек адамдардың қажеттілігіне негізде-
летін объективті ақпаратты кезіктіру – өте
қиын шаруа. Бұның орын алуына мына фактор-
лар әсер етеді: сенсация қуушылық, журналис-
тің өзіндік «менін» жеңе алмауы, саяси ықпал,
толыққанды қауіпсіздіктің қамтамасыз етіл-
меуі. Бұлардың әр қайсысына тоқталар болсақ:
Бүгінде PR жасаудың бір жолы болып са-
налатын сенсация – бұрын ешкім естімеген,
таңғалдыратын жаңалық болуы керек. Өмір
заңдылығынан, логикалық тұжырымдамаларға
сүйенсек, табиғи сенсацияның апта сайын,
кейде тіпті ай немесе жыл сайын орын алуы
мүмкін емес. Ал, басылымдар айлық, апталық,
күнделікті жиілікте шығады. Және олардың
алдында тираж көбейту, рейтинг көтеру, жур-
нал немес газеттің сатылымын өсіру секілді
мақсат тұрады. Ал, бұған сенсация арқылы қол
жеткізуге ұмтылатындардың саны күн санап
өсіп келеді. Таңғаларлық жағдайдың күнделікті
қажеттіліге негізделген еңбек − этикалық нор-
маларға қаншалықты деңгейде сәйкес бола
алады? Адамдардың қажеттілігін өтеу емес,
керісінше жалған көзбояушылыққа арбап, мате-
риалдық және рухани зиянын тигізу алдыңғы
орынға шығып кетеді. «Караван», «Жас Алаш»,
«КТК» - сынды БАҚ өкілдері бұл фактордың
практикадағы көрінісінің мысалы бола алады.
Бұндай жағдайда журналистің адам ретіндегі
жекебас мәдениетінің рөлін де жоққа шығара
алмасақ керек, бұл тұрғыда аға буын, тәжіри-
Н. Балтоғаева
195
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (144). 2013
белі сыншы, журналистің ой түйініне тоқтала
кетейік: «Интеллигент дегенді зиялы, интелли-
генцияны – зиялы қауым атап жүрміз. Ал,
түптеп келгенде, бұлар тепе-тең ұғымдар емес.
Хас зиялылық – рухани ақсүйектік – Табиғат-
Тәңірдің берер сыйы; адам баласына тән және
ең ізгі қасиеттердің квинтэссенциялық жиын-
тығы, тұнып тұрған парасат пен мәдениет. Хас
зиялыға жан дүние, жан-жүйкенің үнемі жеті-
ліп отыруы, осы жетілу барысында ашыла тү-
сер тыныс-дем тән.»[1, 111]
Екінші факторды мынадай мысал тұрғысын-
ан қарастыралық. 2012 жылы қазан айында
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университе-
тінің қабырғасында өткен Олжас Сүлейменов,
Поллад Бюь-бюль-оглу, Төлеген Мұхаммеджа-
новпен студенттердің кездесуінің жаңалықтар-
дағы көрінісі еліміздің әр арнасынан әр түрлі
мағынада көрініс тапты. Мысалы, П.Бюль-бюль-
оглу өз баяндамасында:«бейбітшіліктің маңыз-
дылығын, бұрынғы метрополя Ресей сынды
мемлекетте елші болудың өзіндік қиындық-
тарын» атап кеткен болатын.«Хабар» телеар-
насынан аталмыш автор баяндамысының «бей-
бітшілікке қатысты сөздері» қиып алынылған
нұсқасы ұсынылса, жеке меншік басылым-
дарда, «Ресей доминанттығының қиындық-
тары» хақындағы айтқандары берілген. Осы бір
жиылыстың екі жағдайда қорытылуы, жур-
налистің бірінші кезекке аудиторияның қа-
жеттілігін толыққанды өтеуді емес, /өз қыз-
мет орнының/ яғни, басылымның немесе теле-
визияның «менін» алға қойғандығынан пайда
болып тұрған нәтиже. Міне, теориялы мазмұн-
ға құрылмаған жалаң ақпараттық жүйенің
ғылыммен қайшы келер тұсы деп қарастыруға
болады.
Сонымен бірге саяси ықпалдың көріністері
мемлекетке тиесілі бұқаралық ақпарат құрал-
дарынан ғана емес, нейтралды, кейде тіпті оп-
позициялық көзқарастағы журналистердің ең-
бектерінен де көрінеді. БАҚ қай кезде де саяси
идеологияның күшті насихаттаушысы бола
білді. Осы тұрғыда халықтың рухани қажет-
тілігін өтеумен емес, санасын белгілі бір идея-
мен улау арқылы этиканың өрескел бұзылу-
шылығын көрсетті.
Кезінде «кеңестік интиллегенция тұтастай
қарастырғанда «психикасымен де, физикасы-
мен де ағымдағы ағынға аңсары ауды да тұрды.
Зады, ағымшыл азаймай ой ағыны тазармайды.
...Бірнеше буын ауыспайынша интеллигенция
«жалған көсемдік синдромынан құтыла алмай-
ды. Бірнеше ұрпақ ауысқан соң болашақ қазақ
зиялысы, өз анықтамасына сай, шын мәніндегі
рухани ақсүйек қуатты күшке айналарына сен-
гім келеді.»[2, 130]
Бүгінгі күні халық арасында ««Хабар» -дағы
Қазақстан», ««Жас Алаш»-тағы Қазақстан» се-
кілді сөз тіркестері жиі қолдалынады. Расында,
кейбір жаңалықтардан өзіңіздің жұмақта күн
кешіп жүргеніңізге кәдімгідей сеніп қалсаңыз,
енді бірінен өзің өмір сүріп отырған қоғамның
жағымсыз, жоқшылықты, қылмысты тұстарын
терген ақпараттарға куә болып сүреңсіз көңіл
күйге түсесіз. Бұл − журналистиканың ғылым-
ға қатыссыз жалаң тұстарын сипаттайтын,
қоғамның тіршілік тынысын баққан, биліктің
ақпаратын таратушы саяси-әлеуметтік құралы
ретінде дәлелдейтін деректі фактілер болып
табылады. Бұдан этиканың басты критерийі
объективтіліктің ең қауіпті жауы − саяси ықпал
екендігі көрінеді. Сондай-ақ, толыққанды қауіп-
сіздіктің қамтамасыз етілмеуі салдарынан ха-
лықтың шынайы қажеттілігін өтеуді көздеген
көптеген талантты журналистердің о дүниеге
аттанғандығы да ешкімге құпия емес. Бұл −
қоғам шындығы және жекебас трагедиясы. Бұл
– көпшілік журналист талап етіп жүргендей
БАҚ заңдарына өзгеріс енгізудің қажеттігін
емес, керісінше қабылданған заң ережелерінің
қағидаға айналып қоғамда бұлтармай толық-
қанды орындалуымен шешілетін мәселе. Алай-
да, қауіпсіздіктің кепілді болуы мүмкін емес
деп қарайтын болсақ, БАҚ қызметіне өзін то-
лықтай арнаған әрбір тұлғаның ғылыммен ай-
налысуы да шетін нәрсе секілді, дегенмен жур-
налист жоғары білімді маман ретінде өз білімін
ғылыммен ұштастыруға құқылы. Әйтседе,
салқын аудиторияда берілген дәрістен, өмірдің
қайнаған қызуында жүріп алған сабақ шәкірт-
журналисті өз ісіне тез бейімдеп, мамандығы-
ның ыстық-суығына төзімді жауынгер етіп та-
ғайындары шындық қана емес ақиқат. Бұл мақ-
сатта журналистика мамандығына медицина-
ның маманды қалыптастыру үрдісін тәжірибе
үлгісінде қарастыруына да болатындай. Мы-
салы, алғашқы екі жылын теориялық негіздеуге
арнаған студент, өзін келесі екі жылда арнайы
бағдарлама негізінде жоспарланған тәжірибеде
шынықтырып келіп, осы төрт жылдық оқу-бі-
лім және еңбек тәжірибесі негізінде теориялық
жұмыс жазып қорғаса, ол әлдеқайда журналис-
тика мамандығының табиғатына жақынырақ
және дәлелді болар еді. Міне, бұл сәт − біздің
ойымызша мүмкін журналистика мамандығы
үрдісіндегі ғылым мен тәжірибенің ұштасар
бастапқы тұсы болар еді.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
(144). 2013
Қазақ журналистикасының өзекті мәселелері
196
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU.
Filology series.
№
4 (144). 2013
Қорыта келе айтарымыз, қазақ журналисти-
касының бүгінгі таңда туындап отырған кейбір
басты да маңызды мәселелері өз алдына ғылым
саласы болып қабылданбауына келіп тіреледі.
Әдебиеттер
1 Бөпежанова Ә. Қазақ зиялылары:өткені, бүгіні, ертеңі.// Кітапта:
Дүние имани құбылыс. Алматы: Өлке. 2001.
2 Сүлейменов А. Шындық − көп, ақиқат − жалқы.// Кітапта:
Дүние имани құбылыс. − Алматы: Өлке, 2001.
References
1 Bөpezhanova Ә. Қazaқ ziyalylary:өtkenі, bүgіnі, erteңі.// Kіtapta:
Dүnie imani құbylys. Almaty: Өlke. 2001.
2 Sүleymenov A. Shyndyқ − kөp, aқiқat − zhalқy.// Kіtapta:
Dүnie imani құbylys. − Almaty: Өlke, 2001.
Н. Балтоғаева
197
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4
(144). 2013
ӘОЖ 811.512.122.373
Г.Е. Қожақова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 2-курс магистранты
Қазақстан, Талдықорған қ.
е-mail:
gulaiym.89@mail.ru
І. Жансүгіров шығармаларындағы гидронимдер мен
гидронимдік апеллятивтер
Мақалада Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы су атаулары, су атауларын түзуші апеллятивтер қарас-
тырылады. Ақынның «Жетісу суреттері» топтамасы, «Күй», «Күйші», «Мақпал», «Исатай» поэмалары мен
өлеңдерінде кездесетін су атауларына, географиялық, сонымен қатар гидронимдік атаулардың этимоло-
гиясына сипаттама беріледі.
Ақын шығармаларындағы су атауларының қызметі анықталады. Атап айтқанда, гидронимдік атаулар
арқылы оқиғаның қай аймақта болғанын аңғаруға болатындығы; шығарманың тарихилығын, шынайылығын
арттыратындығы дәлелденеді. Халық тарихына, дүниетанымдық ерекшеліктеріне қатысты ақпарат алуға
болатындығы баяндалады.
Ілияс Жансүгіров шығармаларын жасауда жиі кездесетін апеллятивтер ретінде «су», «көл», «бұлақ»
сөздері талданады. Әрбір апеллятивтің мағыналары, этимологиясы ашылады. Мәселен, «су» апеллятиві түркі
тіліндегі «sub, sug, suw» сөзінен шыққандығы, мағынасы су-өзен-көл түзетін сұйық зат деп беріледі. Басқа да
апеллятивтерге осындай талдаулар жасалады.
Түйін сөздер: этимология, гидроним, гидронимдік апеллятив, ономастика, топоним, морфема.
Г.Е. Кожакова
Гидронимы и гидронимные апеллятивы в произведениях И. Жансугурова
В статье дается описательная характеристика гидронимам, названиям водоемов с точки зрения
происхождения встречающихся в произведениях И. Жансугурова «Картины Жетысу», «Кюй», «Кюйши»,
«Макпал», «Исатай».
Определена функции гидронимов, повествующих о событиях, имевших место в разных регионах страны.
Они свидетельствуют об исторической достоверности событий. Из материала статьи можно получить
информацию об истории, особенностиях мировидения казахов, их быта.
Анализируются часто встречающиеся апеллятивы «су», «булак», «кол», раскрываются их значения,
этимология. Апеллятив «су» в тюркских языках дается в форме «sub, sug, suw» и означает «река», «озеро»,
«родник».
Ключевые слова: этимология, гидроним, гидронимный апеллятив, ономастика, топоним, морфема.
G. E. Kozhakova
Gidronima and gidronimny appellatives in I.Zhansugurov's works
In this article the descriptive characteristic is given to hydro-names the names of reservoirs, from the origin point
of view which is mentioned in I.Zhansugurov's works as «Zhetysu's Picture», «Kyuy», «Kyuyshy», «Makpal»,
«Isatay».
It is defined functions of hydro-names, narrating about the events which were taking place in different regions of
the country. They testify the historical reliability of events. From a material of article it is possible to receive
information from history, feature of world vision of Kazakhs and their life.
Often used appellatives as «water», «spring», «lake» are analyzed and reveal their values, etymology. The
appellative «water» in Turkic languages is given in the shape of «sub», «sug», «suw», in the meaning of «river»,
«lake», «spring».
Key words: etymology, hydro-names, hydrolytic appellative, onomastics, toponym, morpheme.
_________________________________
Кез келген аймақтың өзіне тән география-
лық ерекшеліктері болады. Әр өлкенің табиғат
байлығы: тауы мен тасы, өзен-көлі, өсімдіктер
мен жануарлар әлемі − сол жердің мақтанышы
болып саналады.
Осындай табиғаттың тамаша жаратылыста-
рының бірі − өзендер мен көлдер. Мыңдаған
жылдарды артқа тастап, қаншама оқиғалардың
куәсі болған қазақ жерінің әрбір тау-тасы, әр
шоқысы, өзен мен көлі – тірі тарих іспеттес.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
(144). 2013
І. Жансүгіров шығармаларындағы гидронимдер менгидронимдік апеллятивтер
198
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU.
Filology series.
№
4 (144). 2013
Киелі қазақ жерінде тарихы тереңде жатқан
қаншама өзендер мен көлдер кездеседі. Адам-
зат ұғымында су-тіршілік көзі, өмір нәрі. Сол
себепті де ата-бабаларымыз оларды ұлықтап,
түрлі атаулар берген, өткеннің белгісі деп қас-
тер тұтқан. Ақындарымыз өлең арнаған.
Туған жер табиғатын қастерлеп, оның әрбір
жаратылысын мақтан тұтып, болашақ ұрпаққа
жеткізуші ақындарымыздың бірі – Ілияс Жан-
сүгіров. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері»
топтамасы, «Күй», «Күйші», «Мақпал», «Иса-
тай» поэмалары мен өлеңдерінде көптеген су
атаулары кездеседі. Автор әдемі табиғат жара-
тылысы болып табылатын өзен-көл, бұлақ,
бастау т.б. шығармаларына арқау ету арқылы
туған жеріне деген перзенттік махаббатын,
құрметін жеткізеді. Ақын шығармаларындағы
атаулардың мән-мағынасына түсінік беру ар-
қылы көркем шығарма тарихилығын, шынайы-
лығын арттырудағы қызметін анықтауға мүм-
кіндігіміз болары анық. Су атауларынан да ұлт-
тың дүниетанымынан ақпарат алуға болады,
себебі «Көркем шығарма мәтініндегі топоним-
дер мағынасына терең үңілу барысында хал-
қымыздың тарихына, дүниетанымдық ерекше-
ліктеріне қатысты түрлі мәліметтер алсаң,
суреткер шығармаларында қолданыс табуы
арқылы қосымша ақпаратқа қанығамыз» [1,
125].
І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін-
де: Күркілдек, Лепсі, Іле, Шу, Балқаш, Шелек,
Шаған, Қаратал; «Күй» поэмасында: Балқаш,
Сыр, Амудария; «Күйші» поэмасында: Еділ,
Жайық, Сыр, Балқаш; «Мақпал» поэмасында:
Іле, Қас, Күнес, Текес, Түп; «Исатай» поэма-
сында: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл сын-
ды су атаулары кездеседі.
Соның дәлелі ретінде ақын шығармаларын-
дағы бірнеше су атауларына назар аударалық:
Күркілдек − Ескелді ауданындағы өзен.
Өзеннің Күркілдек атануына өзеннің ағысы
негіз болған. Жергілікті халықтың айтуынша,
ағыны қатты өзен күркілдеп, сарылдап ағатын-
дықтан, Күркілдек атанған.
Лепсі − өзен. Атаудың шығу төркіні жайын-
да Э.Пекарский: «Көне түркілердің сай, өзен,
сала, жыра мәндеріндегі лаба,-лапа тұлғалары
қазіргі якут және чуваш тілдерінде күні бүгінге
дейін сақталып келеді» - дейді [2,1457]. Ал
атаудың екінші сыңарындағы сі-«су» сөзінің
өзгерген түрі. Яғни, Лепсі−«сайдағы өзен, су
жағасы, өзен бойы» деген мағынаны білдіреді.
Шаған − Алматы облысындағы өзен. Ша-
ған атауы жөнінде Ғ.Қоңқашбаев: «Шаған
атауымоңғол тіліндегі цаган - «ақ» деген сөздің
тілі-міздің дыбыстық жүйесіне орай ц/ш
дыбысына алмасып, өзгерген түрі» [3, 85].
Бұдан атаудың «өзен жағасындағы ақ шағыл
(құм), ақ құм» деген мағынадағы сөз екендігін
анықтаймыз.
Қаратал − Алматы облысындағы өзен, ұзын-
дығы 321 км. Осы өзен атымен қойылған по-
селке, аудан аты бар. Қаратал сөзінің мағынасы
«қалың, ну өскен тал», «қалың, жыныс орман,
тоғай» деген ұғымға сәйкес келетіндей. Бұған
Қаратал өзенінің жағасында талдың көп, қалың
өсуі дәлел болады.
Мөлтеңдеп мойнақты орай Қаратал да,
Көксуға қойындасад жарды жанып.
Қосылып екі ерке су, екі сұлу,
Балқаштан қалың құмға кетед лағып [4,
204].
Іле − өзен. Бұл көне атаудың шығу төркіні
мен мағынасы жайлы әрқилы пікірлер болғаны
мәлім. Ғ.Қоңқашбаев бұл қалмақтың иле - «жар-
қыраған», «жалтыраған» деген сөзінен шыққан
дейді. ХІ ғ. ірі ғалымы Махмұт Қашғари: «Бұл
дария түрік елдерінің Жаухуны деп есептеледі»
- деген [5, 217].
Шу − өзен. Э.М.Мурзаев: «Чу сөзі көптеген
түркі және тибет, қытай тілдерінде «өзен», «су»
мәнін білдіреді» - дейді [6, 619]. Бұл пікірге
қарағанда, атаудың түп-төркіні көне екендігін
аңғарамыз.
Шелек – өзен. «Шелек атауы шел және ек
деген екі морфемадан құралған. Шел тұлғасы
тілімізде кездесетін Желқарқара, Желтораңғы,
қырғыз тілінде кездесетін Желарық, Жылкуу,
якут тіліндегі Дылкол сияқты топонимдердің
құрамындағы жел, жыл, дыл сөздерімен төркін-
дес. Ал жел, жыл, дыл сөздері көне түркі тілін-
дегі «бастау, қайнар, су» мәніндегі йул сөзінің
қазіргі тұлғасы дей отырып, Шелек − «бастау,
қайнарлардан басталатын өзен» мәніндегі атау
екендігін анықтайды» [7, 195]. «Жетісу сурет-
тері» өлеңінде «Шелек» атауын мына жолдар-
дан кездестіреміз және ағыны қатты, асау өзен
екендігін аңғарамыз.
Арқырап асау Шелек орыпты тас,
Бурадай бұлқынады көк ала бас,
Ол баста Күншығысқа шыға шауып,
Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш [4,
204].
Жайық − Батыс Қазақстан облысын басып
өтіп, Атыраудан Каспий теңізіне құятын ірі
өзен.Атау жайлы Н.К.Дмитриев: «Бұл атау Ви-
зантия авторы Менандр Протектордың еңбе-
гінде аіх түрінде кездесетінін, оны daix деп оқу
Г. Е. Қожақова
199
керек екенін, бұл сөз йай˃ йаз˃ заз деген етістік
түбірінен жасалған», - дейді.Осы деректерге
қарап, өзен атауының көне дай тайпа атымен
аталғанын, атаудағы д дыбысының ж дыбысы-
на алмасып,сөзге орал-алтай тіліндегі көптік
жалғауы -ық жалғанып, өзен атауы пайда бол-
ған. Яғни, Дайк сөзі «дайлар (адайлар)» мәнін-
дегі ежелгі заманға тән атау [7, 74].
Жем − Ақтөбе және Атырау облыстарын-
дағы өзен. Бұл атау орыс тілінде бұрмаланып,
күні бүгінгі дейін Эмба тұлғасында қолданы-
лып келеді. Тіліміздегі Ембі аталуы осының
салдарынан. Шындығында тува тілінде Кем/
Хем - «өзен» - деп Т.Жанұзақ атауға түсінік-
теме береді [6, 81].
Сағыз − Атырау облысындағы ұзындығы
511 км.өзен. Сағыз атауының түп - төркіні
жайында Э.Мурзаев: «Фин-угор тілінде сөг
−«саз, батпақ, шалшық», фин. suo, эстон. soo
−«батпақ, шалшық» [5, 511-512] дейді.
Ойыл − Ақтөбе облысындағы өзен. Ұзын-
дығы 800 км. Жергілікті тұрғындар аңызына
қарағанда ағылшын тіліндегі «мұнай» сөзінің
баламасы көрінеді. Ағылшындар бұл жерде
мұнай көп, мұнай шығарамыз деп Ойыл атанып
кетіпті. Ресей Федерациясының Челябі, Қорған
облыстарында, Тобыл өзенінің сол жақ тармағы
Уй өзені аталады екен. Башқұрт, татар тілде-
ріндегі уй, қазақша ой, «ойпаң, ойпат» деген
мағынаны білдіреді. Яғни Ойыл - «ой, ойпаң
жердегі өзен» мағынасына сәйкес келеді.
«Исатай» поэмасында аталған су атаулары:
-Жайықтың жалпақ елім аржағында;
Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл аймағында.
Жұмысым Исатай мен Махамбетте;
Батырдың қосы қолдың қай жағында? [8,
395] - деген шумақта беріледі.
Текес − Райымбек ауданындағы өзен. Бұл
атауды Э.Мурзаев «Теріскейден ағатын су −
Күнестің антонимі» десе, Шоқан Уәлиханов
«Қашқарға сапар» атты еңбегінде осы өзеннен
өткен кезде «Теріс аққан өзен» деп атаған.
Себебі өзен басқа өзендердей емес, батыстан
шығысқа қарай аққандығынан атаса керек [6,
186]. «... ақын поэзиясында көрініс тапқан то-
понимдер ең алдымен, географиялық атаудың
объектімен байланысын, сол объекті туралы
кешенді ақпаратты қамтып, белгілі бір аймақта
ертеректе кімнің, қандай тайпаның, рудың қо-
ныстанғандығынан және жалпы халық тари-
хынан ақпарат береді. Екіншіден, ақын өлең-
деріндегі әрбір топоним – сол аймақты мекен
еткен халықтың дүниетанымы, тұрмыс – тір-
шілігі, салт – дәстүрі мен географиялық орта
туралы таным – білімі туралы қосымша ақпарат
көзі. Үшіншіден, ақын белгілі бір топонимді
қоғамдағы құбылыстардан бірқатар мәліметтер
беру мақсатында және оқырманға өзінің ішкі
ойын жеткізудегі қатысым құралы ретінде қол-
данылған» [9, 742].
І.Жансүгіров шығармаларында жоғарыда
аталған су атауларын жасауда бірнеше гидро-
нимдік апеллятивтеркездеседі.
Ақынның «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін-
де кездесетін «Ақсу» гидронимиясы қазақ тілін-
де апеллятив ретінде де, гидронимдік объекті-
лердің құрамында да қолданылады. Мұндағы
суапеллятиві «су, өзен, көл» мағынасын беретін
көне түркі тіліндегі sub,sug,suw сөзінен шық-
қан. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «су −
өзен, көл т.б. түзетін мөлдір сұйық зат» деп
анықтама береді [10, 742]. «Су» апеллятиві кө-
бінесе гидронимдердің құрамында екінші сы-
ңары болып тұрады, яғни анықталушы сөз бо-
лады. Бұл апеллятив жеке географиялық атау
ретінде өте сирек кездеседі, екі, үш құрамды
гидронимдік атаулардың құрамында өте жиі
кездесетін тұлға болып табылады. Ол ақынның
өлеңінде:
Ағынды менің Ақсуым,
Арқырап әлі ағасың.
Ақиланған ашумен,
Ақтарып асқар сабасын - деп беріледі [4, 78-
79].
Мұндағы Ақсу өзенін Б.Нұржекеев өз еңбе-
гінде «Әшім Тұрлыбаевтың көрсетуінше, Жеті-
судың жеті өзеніне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі,
Аягөз, Талас және Шу өзендері жатады» деп
жазған екен [11, 11]. Яғни бұдан Ақсу өзенінің
Жетісу жерінде орналасқанын білеміз. Зерт-
теушілердің пікірінше, мұндағы «ақ» сөзі су-
дың түсін білдірмейді, оның ағынын, тау ба-
сынан өз арнасымен төмен қарай ағып келетін
қардың суы екендігін көрсетеді. «Ақ» сөзі түсті
білдіреді. Біздің пікірімізше, таудан құлай ақ-
қан ағыны қатты өзен суының түсіне байла-
нысты айтылған. Себебі шын мәнінде арқырап
аққан Ақсу өзенінің түсі – ақшыл.
І. Жансүгіров «Жетісу суреттері» топтама-
сында:
Жер таппан жерде жетер Жетісуым:
Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,
Асқардың аспан сүйген сілекейін,
Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын [4, 198].
Жыландай иір қаққан Иірсуда,
Білдірмей тау іргесін сөгетіндей.
Лабасы төрде жатыр төс табандап,
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
(144). 2013
І. Жансүгіров шығармаларындағы гидронимдер менгидронимдік апеллятивтер
200
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU.
Filology series.
№
4 (144). 2013
Шоңқиып малды ауылдың төбетіндей [4, 201]
- деген өлең жолдарында Көксу, Иірсу деген
де «су» гидронимдік апеллятиві кездеседі. Мұн-
дағы Көксу атауы ақынның «Рүстем қырғыны»
поэмасында, басқа да шығармаларындабір-
неше рет кездеседі. Бұл атау бірде жер аты, бір-
де өзен аты есебінде кездеседі. Көксу атауын-
дағы «көк» сын есімді атаулар – көбінесе оро-
нимдер мен гидронимдерге тән. Ол екі мағына-
да қолданылады, бірі − өзен суының тұнық, мөл-
дір екенін көрсетсе, екіншісі − өзен жағалауы-
ның көк майсалы шалғын екенін көрсетеді. Жеті-
су жеріндегі Көксу атауындағы «көк» сөзі судың
мөлдірлігіне байланысты деп білеміз. Себебі
тасты тастақ тау суының мөлдір түсі – көк.
Ал Иірсу атауындағы «иір» сөзіне түсіндір-
ме сөздікте: «Иіріліп келген, қисық, ирек» де-
ген анықтама беріледі [10, 363]. Яғни бұл атау-
дың өзеннің түр-түсіне немесе суының мөлді-
рілігіне қатысты емес, ағысына қатысты екен-
дігін, өзеннің тура ақпай, иіріліп жатқандығын
аңғарамыз.
Сонымен қатар, ақынның осы топтамасында
«бұлақ» гидронимдік апеллятивіне жасалған
атаулар да кездеседі. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде бұл атауға мынандай түсініктеме бе-
рілген: «бұлақ − басы бастаулардан басталып,
баяу ағатын кішігірім су» [10, 152].
«Бұлақ» апеллятиві тува тілінде – булак,
қырғыз тілінде де – булак, қарақалпақ тілінде –
булакъ, ноғай тілінде – булак түрінде келіп, бас-
тау деген мағынаны білдіреді және де көптеген
гидронимдердің шағын су объектісі екендігін
білдіретін сөз қызметін атқарады. Ақынның
өлең жолдарында ол былайша көрініс тапқан:
Қарасаң Көкбұлақтан күміс қарға,
Өрнегі шербеністің билетіндей.
Осқырып теріс айналған түптің суы,
Сырт беріп қос аяқтап тебетіндей [4, 201].
Мұндағы «көк» сын есімі бұлақтың жағасы-
ның көк майсалы шалғын екендігін көрсету ма-
ғынасында қойылған атау.
«Бұлақ» апеллятиві кейде жалқы есімге ай-
налып, нақты гидронимдік атау болып та кез-
деседі. Бұл апеллятив тек гидронимдік емес,
сонымен қатар, басқа да топонимдік атаулар-
дың құрамында кездеседі.
«Көл» апеллятиві де басқа апеллятивтер
сияқты түркі тілдерінің гидронимдерінің құра-
мында да жиі кездеседі: құман тілінде -кел,
қарақалпақ тілдерінде -көл, түркімен тілінде -
коол чуваш тілінде -куле түрінде кездеседі. Бұл
апеллятивтің ерекшелігі бір ғана гидрообъек-
тіні, яғни көл атауын жасауға қатысады. Сөй-
тіп, бірден аталған гидронимнің көл екенін
анықтап тұрады. Ал «көл» терминінің мағы-
насын ашар болсақ, көне түркі тілінде köl «су
жиналатын орын» деген мағынаны білдірген.
Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «көл –
айналасы тұйықталған су тоспасы» ретінде
түсіндіріледі [10, 410]. І.Жансүгіровтің «Жетісу
суреттері» топтамасындағы «Жетісуда су су-
реті» бөлімінде кездесетін көл апеллятивтері
арқылы жасалған Ыстықкөл, Тұзкөлсу атау-
лары кездеседі:
Достарыңызбен бөлісу: |