Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет4/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

Түйін  сөздер:  Қазақтың  ғашықтық  жыры, «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жыры, «Ғашықтық  ғаламаты» 
нұсқасы, нұсқалық парық және ұқсастық, жазба поэма, авторлы эпос. 
 
Н. Даулеткелдыулы 
О некоторых особенностях содержательной стороны письменных вариантов   
поэмы «Козы Корпеш – Баян сулу» 
 
В  статье  рассматриваются  время  и  территория  распространения,  вариативность  поэмы  «Козы  Корпеш-
Баян сулу» и исследуется одна из 32 вариантов лиро-эпической поэмы известной и сохранившейся у китай-
ских казахов  как  «Мир любви». Также в ней  рассмотрены жанровые, сюжетные различия и языковые осо-
бенности  эпоса  и  дается  полный  анализ  варианта  «Мир  любви».  Эпос  по  своей  структуре  делится  на  не-
сколько разновидностей и повествуется там о событиях глубокой древности. В древности на тюркских памят-
никах и надгробных эпитафиях увековечены ратные подвиги батыров и родоправителей. Социальная-бытовая 
поэма  посвящена  любви  молодых  людей,  в  которых  большое  место  отводится  описанию  быта,  обычаев, 
традиций  народа.  Наиболее  популярной  является  лирико-эпическая  поэма  "Козы  Корпеш-Баян  сулу".  В 
поэме «Козы Корпеш-Баян сулу» все явления жизни и быта тогдашнего казахского общества изображаются 
реально,  без  особой  гиперболичности.  Рассмотренные  примеры  показывают,  что  лирический  эпос  совре-
менных  тюркских  народов  в  первоначальных  своих  формах  сложился  в  эпоху  ранних  кочевников.  И  пред-
полагается, что уже в то далекое время он обладал всеми характерными для лирического эпоса чертами. 
Ключевые  слова:  поэма  «Козы  Корпеш-Баян  сулу»,  поэма  «Мир  любви»,  вариативность,  сходство, 
письменная поэма, авторский эпос. 
 
N. Dаuletkeldіuly 
On some peculiarities of the substantive aspects of the  
"Kozi Korpesh - Bayan sulu" poem written options 
 
The article deals with the time and the area of application, the variability of the poem "Kozi Korpesh-Bayan 
Sulu" and examines one of the 32 kinds of lyric- epic poem known and preserved by Chinese Kazakhs as " World of 
Love." It also considers genre, plot differences and linguistic characteristics of the epic and provides a complete 
analysis of embodiment of "World of Love." Epic in its structure is divided into several varieties and tells about the 
events of antiquity. In ancient Turkic monuments and tombstones epitaphs the brave and heroic feats of tribe heads 
are immortalized. Social - home poem is about love of young people, in which a large place is given to the 
description of life, customs and traditions of the people. The most popular is the lyric- epic poem " Kozi Korpesh-
Bayan Sulu". In the poem "Kozi Korpesh-Bayan Sulu" all phenomena of everyday life then the Kazakh society 
portrayed realistically, without much hyperbolic. These examples show that the lyrical epic of modern Türkic peoples 
in their original forms emerged in the era of early nomads . And it is assumed that in that distant time, it possessed all 
the characteristic features of the lyrical epic. 
Key words: poem "Kozi Korpesh-Bayan sulu", the poem "The World of Love" variability, similarity, written 
poem, the author's epic. 
 
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жазба нұсқасындағы мазмұндық ерекшеліктер 

22 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
Қазақ даласындағы еркін өмірдің еркесі, сұлу 
табиғаттың сұмбылы, ақжал өзеннің арыны, ақ-
бас таулардың жалыны бар, аңқылдаған адам-
дардың ақ көңілі сіңген қазақ жастарының жан 
дүниесі де тұнық. Сахарада көшіп жүрген, өмірі 
кең  далада,  төңкерілген  ашық  аспан  астында, 
өзен, судың жағасында өтетін елдің елік мүсін-
дей  ұлдары  мен  құралай  көзді  қыздары  адал-
дығын  жоғалтпай,  таза  арын  алтын  жүзікке 
сидырып  сағыныштың  шыңырауына  батқан, 
ақ  махаббатын  ардақтай  білген  асыл  жандар. 
Сан ғасырлық аумалы-төкпелі заманда ғашық-
тықтың  еркіндігін  қалаған,  қиын-қыстау  тос-
қауылдардан  өтуге  өмірін  арнаған  ғашықтар-
дың азатшыл идеясы жан жылулығын аңсаған 
қазақ  жастарының  ғана  жан  жүрегімен  мүсін-
делді. Ғашықтық оқиғалар аңыздан-аңызға ай-
налып, сайын даланың түкпір-түкпірін шарлап 
ең  соңында  рухани  мұра  ғашықтар  жыры  бо-
лып  ел  есінде  қалды.  Әр  дәуірдегі  жастар  ға-
шықтар әңгімесінен өз қалағанын тауып алып, 
еміріне еске түсіріп келеді. Сондай жырлардың 
тамаша үлгісі- «Қозы Көрпеш- Баян сұлу».  
Қозы  Көрпеш  пен  Баянның  махаббат  әңгі-
месі жалғыз қазақ емес, түркы текті ұлттардың 
фольклорында  ортақ  ұшырайды.  Қазақ  елінде 
бұл  жырдың  неше  алуан  нұсқасы  әр  аймақта 
өзгеше  сақталғаны  белгілі.  Таралған  өңірлері-
де  төтенше  кең.  Іле  өзені,  Жетісу  аймағының 
тартып қазақ жасаған елді мекендерде жырдың 
тартымды  нұсқалары  табылып  келеді.  Әлем 
қазақтары  да  бұл  жырдың  түрлі  нұсқаларын 
фольклорлық  қорынан  өшірген  емес,  жаттап 
құнды қасиетін ғылыми бағалап келеді. 
Қос  ғашық  жөніндегі  аңыз-бұл  ғашықтық 
жырдың ең байырғы кезеңдегі өңделмеген ескі 
материял  көзі.  Оның  сюжеті  біздің  заманы-
мыздан неше ғасыр бұрын пайда болғаны анық. 
Алтай, Ертіс, Тарбағатай, Алатауда қоныстан-
ған  тайпалар  ортасында кең таралған жыр. Ел 
ауызынан  екшеліп,  сұрыпталып,  неше  рет  өз-
геріске  түскен  ғашықтық  жырлардың  түріне 
жатады.  Бұл  жырдың  қазіргі  күнге  дейін 33 
вариянты табылып, ғылыми кеңістікте мойын-
далды [1, 36]. Аталған  жыр  нұсқалары  қазақ 
даласына пеодалдық қоғам орнаған кездің тір-
ліктерін жырлайды. пеодалдық қоғамға сәйкес 
салт-  сана  мен  әдет-ғұрып  кемістігін  сынап, 
әйелдердің бас бостандығын тілеген азат идея-
сын дәріптеу басты мақсат етіледі. Пэодал шон-
жарлар, бай-манаптар әйелді малға сатып алып, 
қалаған  жұмысқа  шегетін,  бас  еркіндігін  бер-
мей  қорлайтын,  жастарға  махаббат  жолын  өзі 
талдауға  жол  қоймайтын  ауыр  қысымдар  жа-
сады. Бұл жыр сол қоғамдық ауқымды көтеріп, 
Қозы  мен  Баянның  тағдырын  жырлап,  ашық 
қарсылық  білдірді.  Бұл  жыр  таралғаннан  бас-
тап,  неше  өңдеуге  ұшырап  бүгінгі  әдеби  мұ-
раға айналу барысына дейін сан ғасырдың қос-
пасы  қосылып  отырды.  Әр  дәуірдің  қоғамдық 
ауқымы,  адамдарының  жарқын  идеясы  сің-
діріле бастады. Ғашықтық жыр ел қолына тең-
дік  алғаннан  соң,  қайтадан  дәріптелді  әрі  құ-
нын  тани  біліп,  бір  бөлім  вариянтын  жинас-
тырып  баспа  сөзде  жариялауға  мүмкіндік 
туды.  Бұл  вариянттардың  жиналу  барысы  өте 
ұзақ  мерзімді  қамтиды.  Жиналуы  да  бір  келкі 
емес.  
Ең  алғаш  «Қозы  Көрпеш-  Баян  сұлу»  жы-
рының  башқұрт  тіліндегі  бір  нұсқасын 1812 
жылы  Т.Белияов  жазып  алып,  Қазан  баспа-
сында  басып  шығып  жариялайды [2, 196]. 
Жырдың  қазақ  даласына  тарған  нұсқаларын 
1830-жылдардан  бастап  белгілі  шығыстану-
шы  Г.  Саблоков,  орыс  халқының  ұлы  ақыны 
А.С.Пушкин  жазып  алады.  Бұл  нұсқалар  Шөже 
жырына  жақын  келеді.  Одан  кейін  қазақтың 
ұлы  ағартушысы,  демократы  Шоқан  Вали-
ханов  Жанақ  ақынның  ауызынан 1842-жылы 
жазып  алса,  Шөже  ақынның  аузынан 1864- 
жылы  жазып  алып,  кейін  есіне  түсіріп  оты-
рады. Бұл жырға өте қызыққан дәнішпан Абай 
Жанақтың  жазуынан,  Сыбанбайдың,  Найман 
баланың,  Айтпай  ақынның  жырлауынан  естіп 
біледі.  Жанақ  нұсқасын  Абай 1884-жылы  жа-
зып алып, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жыры деп 
атайды [3, 3-4].  
«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  қа-
зақ,  ұйғыр,  барабы  татарларының  арасындағы 
түрлі нұсқаларын халық аузынан жазып алып, 
сол  елдердің  өз  тілінде  тұңғыш  рет  жарияла-
ған, айрықша еңбек сіңірген зерттеуші- акаде-
мик  В.  В.  Радлов [4, 253]. Ол  бұл  ғашықтық 
жырды  кең  байтақ  сахараны  шарлау  бары-
сында  кезіктіруші  әрі  арнайы  тоқталып  зерт-
теу алып барушы. «Қозы Көрпеш-  Баян  сұлу» 
жырының  қазақша  нұсқасын  В.В.  Радлов 1865-
жылы  Аягөз  бойынан  жазып  алып,  кітабына 
енгізеді.  Радловтан  соң,  Й.Н.  Березин,  П.  Ме-
лиорански,  Н.  Катанов,  Е.  Баранов,  Й.А.  Кас-
тане  қатарлы  фольклортанушылар  да  жинап, 
пікір айтады.  
Орыс фольклористерінің назарын аударған 
танымалы ғашықтық жырды қазақ көрегендері 
көрмей  қалған  жоқ.  Жатқа  айтылып  келген 
жаһұт  жырды  қазақ  оқымыстыларға  хатқа  тү-
сіріп,  қатталған  бетін  ашып  қадағалай  зерт-
теуге  қадам  тастады.  Бұрын  тек  Шоқан  мен 
Абайдың  жинаған  нұсқаларына  ғана  назар 
аударып келсе, енді жаңа вариянттарын тауып, 
таныса  бастады.  Жинау,  реттеуге  көңіл  бөлді. 
Октабр  төңкерісінен  кейін  Совет  одағы  қазақ 
топырағында  жырдың  түрліше  вариянттары 
мол  жиналып,  кейбір  нұсқалары  бірнеше  рет 
Н. Дәулеткелдіұлы 

23 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
басылым  көрді.  Шөже  нұсқасы  да  револоция-
дан  кейін  жазылып  алынды.  Әдебиет  инсти-
тутының  қолжазбалар  қорында  Шөже  ақын-
ның  тағы  бір  үлгісі  сақталуда.  Айтушысы- 
Мұхан  машанов.  Жазып  алған 1905- бозтай 
жақіпбайев. Жырдың тағы басқа вариантын ы. 
Дүйсенбаев.  Тапқан  Абдырахманов.  Сосын 
фыролов,  Батырханов  нұсқаларында  қосуға 
болады.  Жанақ  ақын  жырлаған  нұсқасын  кей-
де  Бейсенбай  нұсқасы  деп  те  атайды.  Бірақ 
Бейсенбай  жырлаған  жырдың  соңы  трагедия-
лық күймен аяқталмайды.  
«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  бас-
ты  айтушылары-Жанақ,  Шөже,  Бекбау  және 
Бейсенбай [5, 118]. Ал аталмыш жырдың көне 
ауыз  екі  сақталған  нұсқаларынан  басқа  төл 
жазба  туындыға  айналдырған  және  азырақ 
өзгертіп  жаңғыртып  жырлаған  ақындардың 
вариянттық дәстүрін кезіктіруге болады. Олар 
жыр  сюжетін  түбегейлі  өзгертпей,  белгілі  за-
маналық  жаңалықтар  қосып  жырлаған  ақын-
дар  туверчецуасы  есептеледі. «Қозы  Көрпеш-
Баян  сұлу»  жыры  орыс  ғалымдары  мен  ақын-
дарының  да  назарын  аударадын.  Көкшетау 
ақыны Г.Н. Туеритин (1889-1921) бұл жырдың 
бір  нұсқасын  поэма  түрінде  жырлап  кетеді. 
Бұл поөма еркін аударма. Түрліше шегіністері 
көбірек  суреттелген  (Ә.Қоңыратбаев).  Қазақ-
тың  халық  ақындары  ішінен  Қозы  мен  Баян 
әңгімесін  Қазақстан  республикасы  Семей 
облысы  Абай  ауданында  өткен  Шәкір  Әбенов 
жаңғырта  жырлады.  Шәкір  эырдаған  жазба 
поэма 1936- жылы басылым көрді.  
Қытай  қазақтарында  жырдың  Жанақ  нұс-
қасы  мен  Шөже  нұсқасы  жаппай  таралумен 
бірге,  жаңа  вариянты  баспа  бетін  көріп  отыр. 
Бұл  жөнінде  «қазақтың  ғашықтық  жырлары» 
деген кітаптың алғы сөзінде мынандай сілтеме 
беріледі.  
Бұл  дастандардың  ішіндегі  «ғашықтық 
ғаламаты» жарияланып кеткен «Қозы Көрпеш-
Баян  сұлу»  дастанының  жаңа  бір  вариянты. 
«Ғашықтық  ғаламаты»  дастаны  Шинжияң  Іле 
ақыны  Дәуіт  отарбай  ұлының 1915-жылы  жа-
зып  қалдырған  нұсқасы  бойынша  тұңғыш  рет 
жарияланды [6, 75].  
Бұл нұсқа Қытай қазақтарына тарап кеткен 
жырдың  жаңа  бір  нұсқасы.  Десе  де  дастанды 
оқып көргеннен кейін бұл дастанның жаңғыр-
тып,  жаңалап  жырлаған  нұсқасы  екенін  бай-
қауға  болады.  Ғашықтық  жырдың  көне  тілде-
рін  көріктендіріп  көркем  тілге  айналдырып, 
кейіпкер есімдерін өзгертіп алуы жазба поэма-
ға  тіптен  ұқсап  кетеді.  Оқиғалығында  да  қы-
зықты  қыстырма  сюжеттер  қосылған.  Іленің 
халық  ақыны  Дәуіт  Отарбай  ұлы  өз  қолымен 
қайталай жазып шыққан нұсқаға бейім келеді. 
Ақын жыр басында да айқын ескертеді. 
Кім туар дүниеде тақтан аумай,  
Неше хан өтіп кеткен ала таудай.  
Дүниеде неше түрлі ғашық өткен,  
Сырты бүтін, іші түтін лаулай алмай.  
  
Ал, Дәуіт, қалам ұста, ұшын тежеп,  
Көңілге бір пазылды қойма кезеп.  
Бұрынғы Ноғайлының заманында,  
Сөйлейтін бір хиссадан келді кезек [7, 1] 
деген  тіркестер  бар. «Ал,  Дәуіт,  қалам  ұста, 
үшын  тежеп»  дейтін  тіркес  Дәуіт  ақынның 
жырды  қаламмен  жазып  қалдырғанын  бейне-
леп тұрады. Бірақ бұл дастан жазба поэманың 
көркем  үлгісін  ұстанбаған.  Мазмұны  фоль-
клордың  ерекшеліктерімен  көрінеді.  Бұл  ма-
қалада  еліміз  қазақтарына  тараған  жаңа  ва-
риянтты  таныстыруға,  басқа  нұсқаларымен 
парқын  айқындауға  арнайы  зерттеу  жүргізу 
мақсат етіледі.  
«Ғашықтық ғаламаты»-он бір буынды қара 
өлең  ұйқасымен  жазылған  махаббат  жыры. 
Қытай  халық  республикасы  Шинжияң  өлкесі 
Үрімжі қаласы  «жастар-өрендер баспасынан » 
шыққан  «қазақтың  ғашықтық  жырлары»  дей-
тін  алманақтың  №7-  томында  жарық  көрген. 
Көлемі 88 бет ( 80-беттен 188- бетке  дейін ), 
635 шумақ, 2540 жол. Дәуіт Отарбай ұлы жыр-
лаған.  Дәуіт  ақынның  немересі  берген  нұс-
қадан  Мәулет  Құрманбек  ұлы  жазып  алған.  
Қ. Нұртаза ұлы реттеген. 1915- жылы жазылып 
алынады.  Жырдың  таралған  териториясы  Іле-
нің  Құлжа  ауданына  дерлік  таралумен  бірге, 
Іленің  басқа  аудандарына  да  тараған.  Көрші 
аймақ  Тарбағатай  жеріндегі  қазақтар  арасына 
да  жетеді.  Алтайға  да  бұл  нұсқа  бейтаныс 
емес. 
Ескіліктің  кұпиясын  жамылған  жалынды, 
тынысты  жыр  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»-бір 
дәуірдің  ғана  туындысы  емес.  Жырдың  туған 
заманы  туралы  тұрақтанған  пікір  жоқ.  Кейбір 
зерттеушілер бұл ғашықтық жырды VІІІ-Х ға-
сырлардағы  тұркеш-  қарлық  дәуірінің  ескерт-
кіші  деп  ұйғарады.  М.Силченко  фэодализим-
нің алғашқы кезеңінде (Ⅹ ғасыр) туған дейді. 
Қазақ айтушылары жырдың сюжетін Ноғайлы 
дәуірімен байланыстырады. Аталмыш жыр тек 
19-ғасырдың  келгенде  ғана  баспа  бетін  көріп, 
жұртшылыққа таныс болғандықтан, оның көп-
теген тарихи белгілері өшкіндеп, дәуірлік түсі 
жаңаланып отырған.  
Жырдың сюжеті өзге ұлттар башқұрт, моң-
ғұл,  яқұт,  ұйғыр,  Сібір  татарларында  болған-
дықтан  тарихын  арыдан  іздеуге  тура  келеді. 
Жырдың ертегілік мазмұны берілген нұсқалар 
Алтай,  Жетісу  жағында,  Оғыз  тайпалар  дәуі-
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жазба нұсқасындағы мазмұндық ерекшеліктер 

24 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
рінде  туған  деп  қаралады.  Ал 2002-жылы  Қа-
зақстан  халқы  Юнеско  көлемінде  «Қозы  Көр-
пеш-Баян  сұлу»  жырының 1500 жылдығын 
атап өтті.  Жыр тарихы  фэодализимнің  ең  бас-
тапқы  сатысы  патриярхалдық-фэодалдық  қа-
рым-қатынас  үстем  орында  тұрған  дәуірдегі 
қазақ  қоғамындағы  қайшылқтарды  жеріне 
жете  әшкерлейді.  Ғашық  жарлардың  теңдік 
ала  алмаған  қайғы-қасіретін,  мұң-зарын  тол-
ғап, бас бостандығын аңсауды басты тақырып 
етеді.  Феэодал  шонжарлардың  жексұрын  қы-
лықтарына қамшы сілтейді.  
Қытай  қазақтарына  таныс  болған  «ғашық-
тық  ғаламаты»  деген  вариянтында  дәуірлік 
корініс  айқын  суреттеледі.  Ол  жырда  феэо-
далдық  қоғамның  қатал  заңдарының  құрбаны 
болған  жастардың  аянышты  тағдырын  ашына 
жырлауды басты орынға қояды.  
«Ғашықтық  ғаламаты»  өзге  вариянттарға 
ұқсамайтын  мазмұндармен  көріледі.  Қарабай-
дың  сараңдығын  емес,  алмастырып  Сарыбай-
дың  сараңдығын  келеке  етеді.  Байлық  үшін 
барын салып, пасық күйде жүретін байлар типі 
Сарыбай  болады.  Бұрынғы  Ноғайлының  зама-
нында  өткен  қазақ  қауымының  тірлігінен  сыр 
ашады.  
Он екі ру өзбек деген ел бар екен,  
Дейтұғын Алтай, Қаңғай жер бар екен.  
Қаңғайды сансыз моңғол мекен еткен,  
Атақты моңғол шеңгел бел бар екен  [7, 45]. 
Қалмақпен  қоныстас  отырған  мұсылман 
еліне қарайтын екі бай Қарабайдың Қалтайдан 
тарағанын, Сарыбайдың Бағыс елінен өсіп өн-
генін руларына дейін анық атайды. Ескі заман-
дағы  Естек  пен  моңғұлдардың  көрші  отыр-
ғанын  дастанның  басында  баяндайды.  Алтай 
мен Қаңғай жерінде көшіп-қонып жүрген көш-
пелі  елдің  еркін  өмірінен  елес  беріп,  олардың 
дарқан  мекенін,  аңқылдаған  елін  жырға  қо-
сады.  Жыр  осылай  басталғанымен  сюжет  құ-
рылымында  қазақ  қауымының  ислам  дініне 
сеніп,  бір  алланың  құдыретіне  табынатын  бү-
гінгі  дәуірдің  болмысын  да  қосып  отырады. 
Жыр  соңында  Қарабай  елінің  Шинжияң  то-
пырағында  қазіргі  күнге  дейін  бар  екенін,  ұр-
пақтарға  олардың  іздерін  жалғап  келе  жат-
қанын  айтып  жаңа  қоғамға  дейін  жалғас-
тырады.  
Сол жігіт Лобнұрға барған екен,  
Хотан дейтін шәріден арман екен.  
Үндістанның жеріне таяуырақ,  
Соған да сауда жолын салған екен.  
  
Жүздей-ақ ауғанында түтін екен,  
Бұзылмаған шаруасы бүтін екен.  
Қазақта естек деген елміз дейді,  
Әйтеуір діні кетпей күтулі екен [7, 50]. 
Міне  бұл  шумақтарда  Қарабай  мен  Сары-
байдың  ұрпағы  оңтүстғк  Шинжияңда  жасаған 
ұйғырлармен  бірге  қазірде  өмір  сүріп  келеді 
деген  болжам  айтады.  Жырдың  жазба  ұлгісі 
осы жағынан ұқсастық танытады.  
Айтыскер,  қаламгер  Дәуіт  өткен  мен  бү-
гінді  жалғап  дәуірлік  тынысты  жаңалап  көр-
сетуге  барынша  назар  аударады.  Осы  арқылы 
ғашықтық  жырға  бүгіннің  таңбасын  баса  көр-
сетуге  талпыныс  жасайды.  Ескі  жырды  елек-
тен өткізіп сюжетіндегі қалаулысын алып, қал-
ған деталдарды толық қамтуды мақсат етпейді.  
Дәуіт  жырдың  сюжетіне  де  өзгеріс  енгізіп 
жырлайды.  Бұрын  айтылатын  балталы,  баға-
налы  елден  келген  немесе  Абай  айтатын  сал-
талы, сақалы елден келген Қарабай мен Сары-
байдың  орнын  ауыстырып,  естек  дейтін  елдің 
ұрпағы  деп  түсіндіреді.  Аңшылықта  табысып 
достасқан екі бай, ежеқабыл құдалық өткізеді. 
Құдандалық  қатынастың  бодауына  Сарыбай 
Қарабайға  буаз  малдарды  атқызып,  дүниеден 
ерте  жөнелтеді.  Ал  олардың  балалары  сегіз 
жасқа келгенде Сарыбай бөліне көшеді. Алды-
мен  Жандос,  одан  соң  Қозы  Сарыбай  қоныс-
тарына іздеу салады. Іздеп тауып Баянды алып 
қашып қосылады. Өз елінде ұлан-асыр той жа-
сап алғашқы күндерін көңілді өткізсе де, қайын-
шылап  барған  күйеу  бала  арақ  ішіп  отырған 
жерінде  қодардың  байқаусызда  жүрекке  пы-
шақ салуымен өмірі трагедияға жолығады. Ал 
Баян  басына  төнген  ауыр  қасыретті  ернін- 
ерніне  тістеп  жүріп  көтеріп  Қозының  қырқын 
өткізіп,  басына  өте  айбынды  күмбез  орнатып 
барып  өзі  де  көрге  кіріп  жарық  дүниемен 
қоштасады.  Бұндай  бейнелеу  өзге  вариянтта 
сирек  кездеседі.  Қозы  мен  Баянның 8 жасқа 
келгенше  балалықпен  бірге  ойнауы,  Қозының 
ержеткен соң Баянды іздеп барып алып қашуы, 
еліне аман жетіп қуанышты той өткізуі, ауыл- 
аймағын  тегіс  шақыруы,  Қозының  Сарыбай 
еліне қайындап баруы, Қодармен бірге отырып 
бүгінгі  күннің  ашты  сусыны  арақты  сылқита 
ішуі, Қозы өлген соң Баянның қырқын өткізіп, 
басына  күмбез  орнатуы, оның Қарабай ұрпақ-
тарының  елді  мекенінен  табылуы  өзге  Жанақ 
және  Шөже  нұсқасында  кездеспейтін  оғиға-
лықтар  есептеледі.  Жыршы  Дәуіт  жыр  сю-
жетін  шытырман  оқиғалықтарға  құру  үшін, 
осы деталдарды пайдалануға батылдық жасай-
ды.  Ал  жырдағы  басқа  вариянттарда  мүлде 
ұқсамайтын  мазмұн-Қодардың  Дюана  кейіпке 
енуі. Қозымен тосыт соғыстырып арақты сыл-
қылдата  жұтуы,  бұл  ескі  мен  бүгінгіның  қос-
пасы.  
 
 
Бір Дюана ел шетін ақтап жүрді,  
Анада мынау бар деп қақсап жүрді.  
Садақа қайыр жиған нәрсені алып,  
Н. Дәулеткелдіұлы 

25 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
Қасында Шағатай ит жақтап жүрді.  
Ел еркін, ауыл йесіз болған кезде,  
Барсам деп ақ отауға шақтап жүрді [7, 56].  
Мінеки Қозының қас дұшпаны Қодар дюана 
болып  жасанып,  елден  қайыр-  садақа  жиып 
жүріп  Қозыға  серік  болады.  Оның  болаша-
ғынан  болжамдар  айтып,  бірге  арақ  ішуге 
дейін  барады.  Бұрынғы  вариянттарда  Қозы  у 
ішіп жан тәсілім болса, бұл жырда Қозы арақ-
тан удай мас болып қодардың пышағынан шы-
бын  жанынан  айырылады.  Бұл  жырды  жаңа 
дәуірге  сәйкесітіріп  алған  қыстырма  оқиға 
есептеледі.  
«Ғашықтық  ғаламаты»  жырының  соңғы 
сөзінде  дүниені  шарлап  сауда  жасап  жүрген 
кезбе  саудагер  Тұрсынбайдың  баласы  Әбділ 
Ләтіптің  ауызынан  берілген  әңгіме  мүлде 
тыңнан  кірістіріледі.  Ол  сюжеттік  оқиға  екі 
ғашыққа  қамқор  болған  елдің  соңғы  ұрпағын 
іздеу үшін алынған қортындыдай сезіледі. Сол 
ұрпақтардың  Қытайға  келіп  қазіргі  күнде  тір-
лік  етіп  жатқанын  да  айтады.  Жырдың  дәуір-
лік  өзгерісі,  оған  қосылған  қоспалар  Дәуіттің 
ауызынан  ғана  беріледі.  Ал  бұрынғы  жыршы-
лар қазақтың ежелгі өмір- тынысын баса жыр-
лайды.  Ертедегі  көне  салт-  сана,  шілдехана, 
той  салты,  өлім-  жітім  жөнелту  салты,  ауда-
рыспақ,  көкпар  тарту  қатарлы  салттар  айна 
қатесіз беріледі. Дәуіт жырлаған жыр вариант-
тарында бұл дәстүрлі ойын, салттар жойылып 
кетпейді.  Қайта,  түрлендіріліп  барынша  ше-
берлікпен жырланады.  
«Ғашықтық  ғаламаты»  атты  жазба  нұсқа-
сынла сюжеттік парық кездесіп қоймай жер-су 
аттары мен адам аттары жөнінде де ұқсамаған 
мазмұндер  беріледі.  Жыршы  Дәуіт  өткен  ға-
шықтар  трагедиясынан  мүлде  хабарсыз  фоль-
клорис  емес.  Ол  Қозы  мен  Баянның  жасаған 
ортасынан, қатысқан адамдардың есімдерінен, 
жасаған  жердің  териториялық  бөлінісінен,  та-
биғат  көрінісінен  белгілі  сауатқа  йе  оқымыс-
ты. Солай бола тұрса да дастанның мазмұнына 
жаңалау  алып  барып,  жақсы  нұсқа  шығаруға 
барынша  күш  шығарады.  Сарыбайды  сараң, 
қарабайды  қайсар,  адал  жан  ретінде  бағалай-
ды.  Жырда  аты  өзгерген  кейіпкерлер:  ноғай-
лының  бір  бегі  Қодардың  есімі-Әбдыжапар, 
Тайлақ бидің немересі Айбастың аты- Жандос, 
жаңадан  сайланған  қалмақтың  ханы  Уаң  хан, 
Тауасар  шешен,  ақсақ  кемпір,  Баянның  ағасы 
Сағымбай  мен  жеңгесі  Айсұлу,  Қоған,  Мыс-
жан, қас қараубайдың тойы, Майлыбай би (Тай-
лақ  бидің  орнына  алынған),  Қодардың  серігі 
Шағатай,  Әбдүлләтіп,  Қалтай,  Бағыс  (ру  ат-
тары) қатарлы өзгеше аталады.  
Ғашықтық  жырдағы  адам  аттарының  өз-
геше аталуы айтушының жырды басқа форма-
мен  жаңаша  тудыруымен  байланысты.  Бірақ, 
сол  адамдардың  істеген  істері  бұрынғы  кейіп-
керлердің  іс-әрекетінен  шеттеп  кетпейді.  Тек 
аттары өзгереді. Бұрын мүлде кезікпейтін Мыс-
жан,  Сағымбай  және  Айсұлу  қатарлы  кейіп-
керлерде ұшырасыды. Тіпті дастанның соңын-
да  бүгінгі  саудагер  жігіт  Әбдұл  Ләтіп  те  дас-
танда жаңаша харектерлермен ортаға шығады. 
Міне бұлар адам аттарындағы айқын өзгеріс.  
«Ғашықтық  ғаламаты»  атты  жыр  нұсқа-
сында жер- суаттары көп жаңаланады.  
Сарыбай бастап көшті елден ауып,  
Көңілін көтермекке қылар сауық.  
Өзенге қырат асып қона қалса,  
Қыран құсы қашыпты ебін тауып.  
  
Ол жердің атын содан қыран қойды,  
Үріккен ел үрей қумай жыяр ма ойды.  
Оған да байыз таппай көшіп еді,  
Зорығып бір бурасы жолда өледі.  
Ол жердің атын қойып бура асуы  
Тоқтамай толғанғандай жөнеледі.  
  
Қонады онан өтіп бақын суға,  
Ұржардың маңайына жақын суға.  
Тегінде ұйғыр тұрған мекен етіп,  
Маңғолдар атайды оны қатын суда [7, 61]. 
Жырда  Сарыбай  көшкен  мекендер  мына-
дай  жерлермен  тектеледі:  Қыран  өзені,  Бура 
асуы,  Бақын  су,  Үржар,  сосын  елсіз  мекеннен 
өтіп,  Жеменейге  жеткені  айтылады.  Ал  жыр-
дың өзге  нұсұаларында  көш  батыстан  шығыс-
қа қарай жол тартады. Ертісті өрлейді, қара су 
көліне  жетеді.  Одан  кері  бұрылып,  Алатау 
жағалап,  Ілені  баса  Құлжаға  бет  түзейді.  Іле-
ден көшіп Шыршыққа, одан кейін Сыр бойына 
ат  шалдырады.  Қоқанға  да  қаңғырып  барады. 
Сарыарқаның  бетбақ  даланың  бетбақ  даласын 
басып  өтеді.  Ал  «ғашықтық  ғаламаты»  атты 
нұсқада бұл мекендер басқаша аталады. Алтай 
және Қаңқай деген екі жердің есімі ғана таныс. 
Қалған өңірлер бейтеныс сезіледі. Қазіргі Қы-
тай жеріндегі қалалар мен аудандар қамтылып 
жүреді.  Мәселен,  Құлжа,  Үрімжі,  Бижиң,  Қо-
тан, Жеменей қатарлы жаңа қалалар араласаып 
жүреді.  Жырау  Дәуіт  аталмыш  жырды  бүгінгі 
күнге барынша бейімдеп жіберген.  
«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жыры-роман-
тикалық  және  писихологиялық  негізге  құрыл-
ған  аса  кәркем  лирикалық  жыр.  Оның  әрбір 
вариянтынан  қазақтың  он  бір  буынды  қара 
өлең  өлшемін,  өлең  жүйесін  байқауға болады. 
Халықтық  тілдің  қаймағы  бұзылмаған  қайнар 
көзін,  жырдың  жібек  баулы  жіңішке  шашақ-
тарын  тағып,  әуезділігімен,  саздылығымен, 
тартымдылғымен ойға көркем эстетика бағыш-
тайды.  Кейіпкерлердің  жүрек  түкпіріндегі 
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жазба нұсқасындағы мазмұндық ерекшеліктер 

26 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
терең  сырларға  үңіліп,  саңлаусыз  қалтарыс-
тарына  бара  алады.  Жыр  геройы  болған  Қозы 
Көрпеш  пен  Баян  сұлудың  ауызынан  сүзілген 
сұлу  сөздерді  шымыр  ұйқастарға  бағынады. 
Қазақтың  бай  сөздік  қорынан  молынан  пай-
даланады.  Көнеріп  кеткен  архаизим  сөздерді 
жандандырып,  шешендік  толғамдарды  толық 
пайдаланады.  Екі  ғашықтың  айналасындағы 
адамдардың да портыретін жасаумен бірге, та-
биғат сұлулығын суреттеуге көп кұш шығарады.  
«Ғашықтық  ғаламаты  »атты  бұл  нұсқада 
көркем  суреттеулер,  параллелдік  салыстыру-
лар,  ритімді  ырғақтар  шебер  құрылыстыры-
лады. Бейне жазба поэмадағы төрт тармақ ұй-
қастың  жіңішкелігіне  аса  назар  аударады. 
Жыраулық  дәстүрге  тән  естірту, жоқтау, жар-
жар  өлеңдері  де  дастан  сюжетіне  кіріп,  фоль-
клорлық түсін де қоюлатады. Өлеңге тән көр-
кемдік  бейнелеу  амалдарын  молынан  пайда-
ланады.  
Жырда  Баян  қыздың  сыртқы  көркін  су-
реттейтін  теңеу,  балу  сынды  әдеби  тілдердің 
бәр-бәрі  ескі  эпикалық  поэзияның  қорынан 
ауысқан, ескі өмірдің салт жырларынан қайта-
ланған суреттеулермен беріледі.  
Баян қыз сұлу екен мақтағандай,  
Қара қасы қағазға қақтағандай.  
Сұңқардың форымындай мойыны бар,  
Көзіне гауһар отын жақтағандай.  
Өзі ашылып біреуге сөйлемесе,  
Аузынан ешкім ләззат таппағандай [7,70]. 
деп  келеді.  Баянның  бойындағы  басқаларда 
жоқ қасиетті Сұңқардың сұлу тұріне, асыл зат-
тардың  құнына  балап  көрсетеді.  Жырдың  әр-
бір  шумақтарында  көркемдік  бейнелеу  амал-
дарындағы  эфитет,  метафора,  теңеу,  кейіптеу, 
ұқсатулардың әрбір түрі толық табылады.  
«Ғашықтық  ғаламаты»  атты  жыр  нұсқа-
сында  романдық  немесе  лиро-эпосқа  тән  түс-
тік бейнелеу тәсілдері өте тартымды алынады. 
Қозының,  Баянның  алуан  түрлі  көрген  түс-
терін  көркемдік  суретке  көтеріп,  алдын  ала 
болжай  алатын  адамның  түйсік-ерікінен  із-
дейді.  Осы  арқылы  жырның  мазмұндық  көр-
кемдігін халықтық терең идеяға көтереді.  
Өмірің қысқа десе ұзын болар,  
Көңілі надандардың бұзыл болар.  
Түс түлкінің боғы деп жорушы айтар,  
Түлкі жүні құбылған қызыл болар.  
 
Жоруым жора болсын қызыр дарып,  
Оминға қолыңды жәй жетім ғарып.  
Жағың түспей жамандық сірә көрме,  
Қосағыңмен қоса ағар жарыңды алып [7, 123]. 
Мұнда  түсті  айта  келіп,  түс  жорушының 
шар  патшаға  сыйынып,  қызырдың  айтқаны 
келіп жақсылыққа жетуіне жалбарынады. Түс-
эпостағы  негізгі  желі.  Жыр  осы  желіні  дамы-
тып,  жұтындырып  жеткізеді.  Адам  өміріндегі 
жақсылық  пен  жамандықтың  пайда  болуында 
берілетін  түйсікті  түстен  сезіп,  түстен  жоруға 
болады.  
«Ғашықтық  ғаламаты» – ғашықтардың 
қайғысын биік дәрежеге көтерген көркем жыр. 
Оның құны Қытай қазақтарына ғана емес, өзге 
ел  фольклористерінің  де  назарын  аударған. 
Қытай жерінде ғашықтардың махаббатына куа 
болатын  жер  аттары,  ел  аттары,  ескерткіш 
орындар,  көне  мұрағаттардың  байқалуы  ойы-
мызды  растай  түседі.  Бұл  жыр  Қытай  қазақ-
тарының  қолынан  қайта  толғанып,  ұлы  ма-
хаббаттың алтын тұғырын толғауға құрылады. 
Ежелгі  феодалдық  түзімнің  қара  лағы  болған 
екі  жастың  тауқыметті  тағдырын  осы  жыр 
арқылы ұғып алуға болады. Жыр сюжеті шын-
дыққа  сүйеніп,  бұрынғы  үлгісін  жоғалтпай 
бұдан кейін де сақтала берсе деген үлкен үміт-
ті айтқымыз келеді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет